Автор: qaztimes

Report мәліметінше, апат туралы Associated Press агенттігі АҚШ армиясының арнайы операциялық қолбасшылығына сілтеме жасап хабарлады. — Ақпаратқа сәйкес, тікұшақ 17 қыркүйек күні кешке кезекті оқу-жаттығуын орындаған. Олар жаттығуды Льюис-Маккорд әуе күштері базасына жақын жерде жүргізген. Бортта төрт адам болған, олардың аты-жөні әлі жарияланбады. Сондай-ақ апаттың себебі анықталған жоқ, — делінген ақпаратта. Апат туралы бұған дейін оқиға орын алған Терстон округінің шериф кеңсесі хабарлаған. Айта кетейік, бұған дейін АҚШ-та жолаушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырады.

Read More

Кездесуге Қазақстан СІМ өкілдері, мүдделі мемлекеттік органдар, ЮНИСЕФ, Қазақстандағы ЕО өкілдігі, халықаралық ұйымдар және өңірлік әкімдіктер қатысты. Отырыс қорытындысы бойынша әрі қарайғы ынтымақтастықтың басымдықтары айқындалып, табысты практикаларды балаларды қорғау жөніндегі ұлттық саясаттар мен бағдарламаларға енгізу шешілді. ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко бағдарламаның екінші кезеңінің сәтті аяқталуы Қазақстанның ЮНИСЕФ және ЕО-мен серіктестігінің нәтижелілігін көрсеткенін атап өтті. Ол еліміз қақтығыс аймақтарынан 700-ден астам азаматты, соның ішінде 526 баланы қайтарғанын және олардың орнықты реинтеграциясы үшін кешенді қолдау көрсетілгенін еске салды. Оның айтуынша, бүгінде балалардың жетістіктері оң нәтижені дәлелдейді: Алматы облысында жасөспірім «Ақбота» зияткерлік марафонында 3-орын, Жетісу облысында бір оқушы халықаралық…

Read More

Облыс орталығындағы Торайғыров — Академик Сәтбаев көшелері қиылысында қоғамдық көлік пен жеңіл автокөлік соқтығысты. Жол-көлік апаты салдарынан 7 адам зардап шеккен.  Жедел жәрдемге жол апаты туралы хабарлама бүгін сағат 16:38–те түскен. Оқиға орнына үш медициналық бригада жіберілді. — Жеті адам зардап шеккен, оның ішінде төртеуі — бала. 1937, 1969 және 1989 жылғы әйел адамдар қалалық № 1 ауруханаға жеткізілді. Ал 2013 жылғы қыз, сондай-ақ 2012, 2016, 2017 жылғы ер балалар облыстық балалар ауруханасына апарылды, — деп мәлімдеді облыстық жедел жәрдем стансасынан. Еске сала кетейік, бір түнде жол апатынан 15 адам қаза тапты. 

Read More

Ресми ақпаратқа сәйкес, қарулы күзеттегі кезекші қарауыл белгісіз бір топ адамның режимдік нысанға жақындауға тырысқанын дер кезінде байқап, Қарауыл қызметі жарғысының талаптарына сәйкес әрекет еткен. Оперативті әрекеттер нәтижесінде құқық бұзушылар тоқтатылды. — Оқиғаның мән-жайын құзырлы органдар тексеріп жатыр, — деп хабарлады Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі. Ұсталған адамдардың жеке тұлғалары мен әрекет ету себептері анықталып жатыр.  Алдын ала болжамдардың бірі бойынша, оқиға түсті металл ұрлау әрекетімен байланысты болуы мүмкін. Нақты қорытынды тергеу нәтижесінде жарияланады. Жалпы әскери жарғыларға сәйкес, қарауыл өз постына немесе тыйым салынған шекараға жақындаған кез келген адамды: «Тоқта!», «Кері шегін!», немесе «Оң (сол) жақпен айналып өт!» деп тоқтатуы тиіс.…

Read More

Ғимарат мұнараларының ашылуы жойқын өрттен кейін ауқымды қайта құрудың соңғы кезеңдерінің бірі. — Бұл күн кейдейсоқ таңдалмады. Француз билігі халықтың осы демалыс күндері Париждің таңғажайып көріністерін ұсынатын бақылау палубасына 424 баспалдақпен көтерілуін қалады. 2019 жылдың сәуіріндегі өрт шіркеудің төбесін және оның готикалық шпилін қатты зақымдады. Қалпына келтіру үшін шамамен 846 миллион еуро жиналды және жөндеу жұмыстарына шамамен 2000 адам жұмылдырылды, — деп жазды агенттік. https://x.com/i/status/1969004766228316310 Қалпына келтіру жұмыстарын Макрон жеке бақылап, ол өрт болған күні Париждегі ғибадатхананың президенттік мерзімі аяқталғанға дейін қайта салынып, жұртшылық үшін қайта ашылады деп уәде берді. Айта кетейік, Microsoft Нотр-Дам де Пари ғимаратының цифрлық көшірмесін жасайды. Сондай-ақ шіркеуге…

Read More

Соның ішінде күнбағыс майын өндіру көлемі 27,2%-ға өсіп, 411,9 мың тоннадан 523,9 мың тоннаға жетті. 2024 жылы майлы дақылдар егісінің көлемі 2,9 млн гектар болса, 2025 жылы ол 4 млн гектарға дейін ұлғайды. Оның ішінде 1,7 млн гектары күнбағысқа тиесілі болды. Майлы дақылдар егісінің ең үлкен үлесі келесідей: Солтүстік Қазақстан – 23,3%, Қостанай – 23%, Павлодар – 12,5%, Абай – 10,2%, Ақмола – 9,2%, Шығыс Қазақстан – 7,7%. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 3,3 млн тонна майлы дақыл бастырылды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда (2,1 млн тонна) 53%-ға көп. Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, бүгінде Қазақстанда шикізатты қайта өңдеумен айналысатын 88 кәсіпорын жұмыс…

Read More

Бұл ойында «Тобыл» (Қостанай) мен «Астана» шеберлік байқасты. Екі команда биыл ел біріншілігінде бас жүлдеге үміткер болып отыр. Сондықтан аталған ойыннан жанкүйерлер тартысты бәсеке күтті. Кездесу барысында қостанайлық клуб алдымен екі гол соғып кетті. Ойынның 2-минутында «Тобыл» сапынан Ислам Чесноков есеп ашса, Ахмед Аль-Мессауди 34-минутта мергендік танытты. Ал 45-минутта елордалық клубтан Джеффри Чинеду гол соқса, Марин Томасов 6, 91-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша «Тобыл» қарсыласына 2:3 есебімен есе жіберіп, бас жүлдеге таласын қиындатып алды. Бұл турда 9 мамырда астаналық «Жеңіс» Алматының «Қайратына» 1:2 есебімен жеңілсе, 9 тамызда Көкшетаудың «Оқжетпесі» Талдықорғанның «Жетісуын» 3:0, Жезқазғанның «Ұлытауы» Петропавлдың «Ертісімен», 9 тамызда…

Read More

Аталған турдың екінші ойын күні, 19 қыркүйекте алматылық «Қайрат-2» Шымкенттің «Академия Оңтүстігіне» 0:3 есебімен есе жіберсе, Қарағандының «Шахтері» Түркістан облысының «Жетісайын» 5:0, Павлодар облысының «Ертісі» «Түркістанды» 6:1 есебімен жеңді. Аталған турда 18 қыркүйекте «Ақтөбе-2» өз алаңында «Тараздан» 0:4, Павлодар облысының «Екібастұзы» ақтаулық «Каспийге» 1:1 есебімен жеңілсе, «Хан тәңірі» (Алматы) мен «SD Family» (Астана), AKAS (Алматы) пен «Алтай» (Өскемен) 1:1 есебімен тең түсті. Турнир кестесінде алғашқы үш орынға ие болған командалар алдағы жылы Премьер-лигаға қатысу үшін тікелей жолдамаға қол жеткізеді. Биыл «Шахтер», «Ертіс», «Каспий» командалары үздіктер қатарында болады деп болжанып отыр. Жиырма бір турдан кейін «Каспий», «Ертіс», «Шахтер», «Алтай» командалары алғашқы…

Read More

Қазіргі уақытта полимерлі қиыршық тасты-мастикалық асфальтбетон төсеу, роликті тосқауыл қоршауларын орнату, гранит бордюрлерін қою және бағдаршам нысандарын қайта жабдықтау жұмыстары атқарылуда. — Аталған учаске Мичурино, Күйгенжар және Жібек Жолы елді мекендерінің маңынан өтетіндіктен, көлік қозғалысының баяулауы мен уақытша кептелістер болуы ықтимал, — деп ескертті жауапты ведомство. «ҚазАвтожол» уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрап, жүргізушілерге сапарларын жоспарлау кезінде жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аумақты ескеруді ұсынады. Айта кетейік, Алматыда жол жөндеген мердігерлерді полиция тексеріп жатыр.

Read More

«Мерзімі өткен» азаматтық науқаны аясындағы рейд барысында сөрелерден сүт өнімдері, нан-тоқаш, сондай-ақ жарамдылық мерзімі бір жылдан асып кеткен балалар тағамы мен шырындар табылды. Барлығы үш арба мерзімі өткен тауар жиналды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, әкімшілікпен келіссөз жүргізу әрекеті жанжалға ұласқан. Қызметкерлер айқын деректерді жоққа шығарып қана қоймай, белсенділерге дөрекі сөздер айтып, физикалық қысым көрсеткен. Белсенділер жағдайға назар аударту мақсатында акция өткізіп, дүкен сөрелеріндегі мерзімі өткен өнімдерді символдық арт-нысан түрінде көрсетті. Олар тұтынушыларды жарамдылық мерзіміне мұқият қарауға және заң бұзушылықтар туралы ашық айтуға шақырды. «Біз мерзімі өткен тауарларды жоюды, сапаны бақылауды және тұтынушыларға құрметпен қарауды талап еттік. Бірақ мәселенің түбірі – өз құқықтарын…

Read More