Әуежай қызметкерлері танымал Everybody хитінің әуенімен би орындады. Топ мүшесі Ник Картер бұл ерекше сәттің видеосын Threads парақшасында жариялап: — Біздің таңда Астана әуежайында керемет қарсы алды. Қазақстанда бізге көрсетіп жатқан ілтипаттарыңыз үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз, — деп жазды. Атақты топтың концерті 21 қыркүйекте «Астана Арена» стадионында өтеді. Бұл шоу Backstreet Boys-тың әлемдік турнесінің бір бөлігі болмақ. 2025 жылы топ Лас-Вегаста рекорд орнатқан еді. The Sphere концерт кешеніндегі шоу тарихтағы билеті ең көп сатылған концертке айналып, бір күнде 500 мыңнан астам билет өтіп кеткен. Елорда әкімдігінің мәліметінше, Астанадағы концертке 45 елден, соның ішінде Германия, Польша, Франция, Түркия, Финляндия, Литва, Эстония,…
Автор: qaztimes
Биыл маусым айында ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Қытай Медиа корпорациясы (CMG) «Silk Way Star» халықаралық жобасы туралы келісімге қол қойды. Бұл құжат Қытай Халық Республикасы Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында қабылданды. Фото: Ақорда «Silk Way Star» — Орталық Азия елдері, Кавказ және Қытай әншілері қатысатын алғашқы бірлескен музыкалық жоба. Жоба аясында байқаулық өнер көрсетулер, шоу бағдарламалар мен гала-концерт жоспарланған. Әр түрлі тілде шырқалатын әндер мен жарқын мәдени-музыкалық коллаборациялар мәдениеттер арасындағы ерекше шығармашылық диалогті қалыптастырмақ. Фото: Виктор Федюнин/Kazinform — Бұл — ешқандай франшиза емес, қазақстандық мамандардың ойлап тапқан жобасы. Өздеріңіз білесіздер, елімізде көптеген телеарналарда көрсетілетін ірі музыкалық халықаралық…
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде: — доллар: сатып алу — 541,77 теңге, сату — 543,71 теңге; — еуро: сатып алу — 635,26 теңге, сату — 640,36 теңге; — рубль 6,41 — 6,53 теңге аралығында саудаланады. — юань 76,60-79,33 теңге аралығында саудаланып жатыр. Елорданың ақша айырбастау пунктерінде: — доллар 539,77 теңгеден сатып алынады, 544,69 теңгеден сатылады; — еуро: сатып алу — 634,90 теңге, сату — 642,72 теңге; — рубль: сатып алу — 6,41 теңге, сату — 6,60 теңге. — юань 77,25 теңгеден сатып алынады, 81,42 теңгеден сатылады; Еске салайық, апта аяғында күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы…
Шаттл-автобустар көрермендерді концерт өтетін «Астана Арена» стадионына жеткізеді. Көрермендерді жеткізу сағат 16:00-ден бастап бес аялдамадан басталады. «Астаналық цирк» автотұрағы; «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы; «Қазақстан» спорт кешені (Қ.Сәтбаев көшесі) алдындағы автотұрақ; Орталық саябақ автотұрағы; «Бас мешіт» алдындағы автотұрақ. Қосымша шаттл-маршруттардың ұйымдастырылуы жолдағы көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Айта кетейік, бұған дейін Алматыда Backstreet Boys концертінде 2,5 мың полицей қауіпсіздікті қамтамасыз ететінін жазғанбыз.
Бұл туралы Елисей сарайында Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясына қатысу үшін Нью-Йоркке сапары алдында өткен брифинг барысында мәлім болды. Он мемлекет Палестина Мемлекетін ресми түрде мойындауға дайын. Олардың қатарында Франция, Андорра, Австралия, Бельгия, Ұлыбритания, Канада, Люксембург, Мальта, Португалия және Сан-Марино бар, деп келтіреді Франция президенті Эмманюэль Макронның кеңесшісінің сөзін Agence France-Presse. Франция басшысының кеңсесінде сонымен қатар Израильдің Иордан өзенінің Батыс жағалауындағы палестиналық аумақтарды басып алу әрекеттерін айыптап, мұны «қызыл сызық» деп атады. Макрон осыған дейін республиканың 22 қыркүйекте БҰҰ аясында Палестинаны мойындау мәселесіне арналған конференция өткізетінін хабарлаған болатын. Бұл бастама Газадағы қақтығыстарға немесе Израиль билігінің шешімдеріне қарамастан жүзеге асырылмақ. Бұған…
Ұлыбритания, Франция және Германия Иранды ешқашан ядролық қаруға ұмтылмайды, иемденбейді немесе жасамайды деп кепілдік беретін негізгі келісімді бұзды деп айыптады. Оларды АҚШ пен тағы 6 ел қолдады. Ал Қытай, Пәкістан және Ресей санкцияларды тоқтату мерзімін ұзартуға дауыс берді. Енді Иран мен еуропалық көшбасшылар келісімге келмесе, келесі сенбі, яғни 26 қыркүйек күні санкциялар қайтадан күшіне енеді. Британияның БҰҰ-дағы елшісі Барбара Вудворд Reuters агенттігіне берген сұхбатында: — Ең қарапайым шарттар орындалмай, тез арада дипломатиялық шешімге жетудің нақты жолы жоқ. Біз Иранның әлі қажетті қадамдарды жасамағанына қынжыламыз және оны дереу әрекет етуге шақырамыз, — деді. 2015 жылғы ядролық келісім — Бірлескен жан-жақты әрекет жоспары (JCPOA) — Иран…
— 2025 жылғы 20 қыркүйекте қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Орал, Алматы, Астана қалаларында, түнде Атырау мен Қостанайда күтіледі, — делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал. Алдағы үш тәулікте елдің басым бөлігінде ауа райын атмосфералық фронттар айқындайды. Оларға байланысты жекелеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ пен дауыл соғуы ықтимал.
ҚР Премьер-министрінің орынбасары — Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мен Армения вице-премьері Мгер Григорянның төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық Қазақстан-Армян комиссиясының 11-отырысы өтті. Бейнеконференция форматында тараптар сауда-экономикалық әріптестікті дамыту, инвестициялық өзара іс-қимыл, көлік, коммуникация, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау, мәдениет және туризм салаларындағы ынтымақтастық сияқты көптеген мәселені талқылады. Фото: ҚР Ұлттық экономика министрлігі Армения — Қазақстанның Оңтүстік Кавказдағы маңызды серіктесі. Екі ел арасында берік саяси диалог орнатылып, гуманитарлық байланыстар қарқынды дамып келеді. Мемлекетаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған басшылық саясаты екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін қамтамасыз етіп отыр. 2024 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Армения арасындағы тауар айналымы шамамен $36 млн-ға, ал биылғы қаңтар-шілде айларында $28,7 млн-ға жетті.…
20 қыркүйек. Жылнама 07:00, 20 Қыркүйек 2025
Осы жаңалық фонында Intel акциялары 23%-ға көтерілді – бұл компания тарихындағы соңғы 30 жылдан бергі ең жоғары күндік өсім. Валюта нарығы USDKZT жұбы бойынша курс бейсенбі күні айтарлықтай өзгерген жоқ — 1 доллар 541,28 теңге болды (+0,15 теңге). Сауда көлемі 232 млн долларға дейін өсті (+29,1 млн). Бұл қозғалыс ішкі және сыртқы факторлардың тепе-теңдігін көрсетеді: қатысушылар белсенділігі артқанымен, курс айтарлықтай өзгермеген. Теңгеге қолдау көрсетіп отырғандар: – ірі экспорттаушылардың шетел валютасын сатуы – Қаржы министрлігі мен Ұлттық Банктің операциялары Ал әлсірету факторлары: – сыртқы нарықтағы белгісіздік – мұнай бағасының құбылуы – импорттаушылардың және сыртқы қарыздарын өтейтін компаниялардың сұранысы 2-тоқсандағы деректерге сәйкес:…