Соның ішінде күнбағыс майын өндіру көлемі 27,2%-ға өсіп, 411,9 мың тоннадан 523,9 мың тоннаға жетті. 2024 жылы майлы дақылдар егісінің көлемі 2,9 млн гектар болса, 2025 жылы ол 4 млн гектарға дейін ұлғайды. Оның ішінде 1,7 млн гектары күнбағысқа тиесілі болды.
Майлы дақылдар егісінің ең үлкен үлесі келесідей: Солтүстік Қазақстан – 23,3%, Қостанай – 23%, Павлодар – 12,5%, Абай – 10,2%, Ақмола – 9,2%, Шығыс Қазақстан – 7,7%. 2024 жылдың қорытындысы бойынша 3,3 млн тонна майлы дақыл бастырылды, бұл 2023 жылмен салыстырғанда (2,1 млн тонна) 53%-ға көп.
Ауыл шаруашылығы министрлігі мәліметінше, бүгінде Қазақстанда шикізатты қайта өңдеумен айналысатын 88 кәсіпорын жұмыс істейді. Олардың жылдық қуаттылығы – 4,7 млн тонна. 2024 жылы 757,1 мың тонна өсімдік майы өндірілді (+12,6% 2023 жылмен салыстырғанда), оның ішінде 640,3 мың тоннасы күнбағыс майына тиесілі болды (+19,2%). 2024 жылы өсімдік майларының экспорты 2023 жылмен салыстырғанда 29%-ға өсті.
Негізгі экспорттық бағыттар: Қытай – 42,4%, Өзбекстан – 35,4%, Тәжікстан – 12,7%, Ауғанстан – 3,2%, Қырғызстан – 1,4%, Латвия және Түрікменстан – 1,8%. Саланы дамыту және өңдеушілерді шикізатпен қамтамасыз ету үшін бірқатар шаралар қабылданып жатыр.
Атап айтқанда, 2030 жылға дейінгі АӨК дамыту тұжырымдамасы аясында майлы дақылдар егісін кезең-кезеңімен ұлғайту жоспарланған. Сонымен қатар айналым қаражатын толықтыру үшін қарыз шартына қол қойған кәсіпорындарға жеңілдетілген несиелер беріліп жатыр.
ҚР Салық кодексіне (411-бап) сәйкес, қайта өңдеушілерге қосымша құн салығын 70%-ға төмендету түрінде жеңілдік қарастырылған. Сондай-ақ Қытай Халық Республикасымен қайта өңделген өнімдерді экспорттау үшін санитариялық және фитосанитариялық хаттамаларға қол қойылды. Осылайша, Қазақстанда өсімдік майлары өндірісінің өсуі – егіс алқаптарын ұлғайту, қайта өңдеуді жаңғырту және агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдау жөніндегі жүйелі жұмыстың нәтижесі.
Айта кетейік, биыл қыркүйек айында Қазақстанда өсімдік майын таңбалау бойынша пилоттық жоба іске қосылады.

