Отандық озық шешімдер баршылық болса да, фермерлер мен өндірушілер оларды қолдануға асықпай отыр. Жасанды интеллект министрлігі осы олқылықтың орнын толтыруда қандай рөл атқарады? Фото: Виктор Федюнин/Kazinform – Жасанды интеллект мәселесінде кеткен пойызды қуып жеткеннен гөрі тәуекелдер мен мүмкіндіктерді асыра бағалаған дұрыс. Бұл салаға инвестиция тарту – болашаққа инвестиция салу, – дейді Мәжіліс депутаты Айдос Сарым. Жасанды интеллектің өндірістік және логистикалық процестерді басқарудағы шешуші рөлін елемеу заман ағымынан қалудың басты көрсеткіші болмақ. Тау-кен саласы цифрланып жатыр, агроөнеркәсіп ше? Тау-кен өнеркәсібінде цифрлық жүйелер қалыпты жағдайға айналып келеді. Компьютерлер жер астындағы техниканың бүкіл қимылын, бір сәтке болса да аялдағанын қалт жібермей қадағалауға мүмкіндік…
Автор: qaztimes
Форум аясында трансұлттық қылмыс, есірткінің заңсыз айналымы, киберқылмыс және заңсыз көші-қон секілді өзекті мәселелер талқыланды. Аталған шараға ҚР Ішкі істер министрі Ержан Саденов қатысып, сөз сөйледі. Министр еліміздің цифрлық трансформацияны стратегиялық басымдық ретінде қарастыратынын атап өтті. — Әлем жаңа тарихи дәуірге қадам басты. Цифрлық прогресс қарқыны артып келеді. Жаппай цифрландырудың ауқымды мүмкіндіктерімен қатар ол қауіпсіздікке қатысты белгілі бір сын-қатерлерді де тудырады. Полиция тәжірибесін инновациялық технологиялармен ұштастыра отырып, бұл қауіптерге тиісті деңгейде төтеп бере алатынымызға сенімдімін, — деді министр. Қазақстан тарапы БҰҰ-ның киберқылмысқа қарсы конвенциясына қосылуға ниетті екенін, сондай-ақ Еуропалық конвенцияға қосылу бойынша жұмысты жалғастыратынын және БҰҰ, ШЫҰ, ТМД, Түркі мемлекеттері ұйымы және басқа да…
Синьхуа агенттігінің мәліметінше, бұл құрылғылардың 4 миллионнан астамы жалпыға ортақ, ал жеке қуаттағыштар саны 13 миллионнан асты. Қытай автокөлік өндірушілері қауымдастығының мәліметі бойынша, биылғы жылдың алғашқы сегіз айында жаңа энергетикалық көліктерді өндіру және сату көлемі сәйкесінше 9,625 миллион және 9,62 миллион дананы құрады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 37,3% және 36,7% өсті. Еске салсақ, Қытай мен ЕО электрлік көліктердің бағасы жөнінде келіссөз жүргізбек.
— Алдағы үш тәулікте елдің басым бөлігінде ауа райын атмосфералық фронттар айқындайды. Оларға байланысты жекелеген өңірлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді, бұршақ пен дауыл соғуы ықтимал. 20 қыркүйекке қараған түні Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі. Республиканың көптеген өңірлерінде түнгі және таңғы сағаттарда тұман болжанады, — делінген «Қазгидромет» РМҚ хабарламасында. Ауа температурасының айтарлықтай өзгерістері мен ауытқулары күтілмейді, дегенмен республиканың солтүстік жартысында түнгі уақытта 1-3 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Еске сала кетейік, бүгін еліміздің 16 өңірінде қолайсыз ауа райы күтілетінін жазған едік.
Елордада прокуратураның үйлестіруімен өткізіліп жатқан есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимылға бағытталған 30 күндік кешенді шаралар жалғасып жатыр. Оның аясында полицейлер екі заңсыз есірткі айналымы фактісін әшкереледі. Алғашқы жағдайда 30 жастағы қала тұрғыны ұсталды. Ол есірткі таратумен қатар, үйінде заңсыз өсірумен де айналысқан. Жедел іс-шаралар барысында оның жеке үйінің бір бөлмесінде марихуана өсіруге арналған шағын жылыжай жабдықталғаны анықталды. Тексеру кезінде полиция 15 түп есірткі өсімдігін, сондай-ақ арнайы шамдар, желдеткіш және температураны ұстап тұратын құрылғыларды тәркіледі. Ал Маңғыстауда есірткі қылмысына қатысты күдікпен екі шенеунік ұсталды.
«Учаскелік» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Жетісу облыстық полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен облыстық прокуратураның көмегімен жасөспірімдерді тіркелмеген діни ұйымның идеологиясына заңсыз үйретудің жолын кесті. Облыстық полицейлер жатақхана ретінде пайдаланылған үй-жайларды тексеру барысында шетелдік діни әдебиеттер мен оқу материалдары табылғанын хабарлады. Ұйымдастырушылардың бұған дейін қайырымдылық мекемелері мен балалар интернаты атын жамылып, заңсыз діни сабақтар жүргізгені анықталды. Айта кетейік, ағымдағы жылдың наурыз айында Талдықорған қалалық сотының қаулысымен аталған жалған қайырымдылық мекемелері күштеп жойылған болатын. Тергеу нәтижелері бойынша: • діни рәсімдерді ұйымдастырушы кәмелетке толмағандарды діни қызметке заңсыз тартқаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды; • Тіркеусіз тұрғаны үшін төрт «ұстаз»…
Еурокомиссия төрағасы Урсула фон дер Ляйен 19-шы санкциялар пакеті аясында бірқатар ресейлік және шетелдік банктермен транзакцияларға тыйым салу, сондай-ақ «Газпром нефть» пен «Роснефть» компанияларымен кез келген операцияларға толық тыйым салуды көздейтінін мәлімдеді. ЕО-ның сыртқы істер жөніндегі өкілі Кая Каллас атап өткендей, жаңа пакет ресейлік «Мир» төлем жүйесіне қарсы санкцияларды қамтиды. Сонымен қатар, криптовалюта саласындағы шектеулер, ресейлік балама төлем жүйелерін пайдаланатын шетелдік банктерге қарсы шаралар және арнайы экономикалық аймақтарда орналасқан компаниялармен транзакцияларға тыйым салу ұсынылып отыр. Ұлыбритания да Ресей компанияларына қарсы санкциялар енгізді. Елдің Сыртқы істер министрлігі жариялаған жаңартылған тізімде IT-саласындағы Aeza Group компаниясы мен тікұшақ қызметін көрсететін HeliCo Group компаниясы…
Бес күнге созылған шараға үш елдің төтенше жағдайлар қызметкерлері атсалысты. Қазақстан, Әзербайжан және Қырғызстанның ТЖМ ұшқышсыз ұшу аппараттарының 16 операторы қатысты. Тренинг бағдарламасына теориялық сабақтар мен практикалық жарыстар кірді. Олар бес негізгі бағыт бойынша ұйымдастырылды. Атап айтқанда, табиғи және техногендік ортада зардап шеккендерді іздеу, тестілеу, дронды жинау және суда іздеу. Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, еліміздің құтқарушылары үздік нәтиже көрсетті. — Тренинг тәжірибе алмасу, ведомстволар арасындағы және халықаралық ынтымақтастықты нығайту. Сондай-ақ мамандардың кәсіби дайындығын арттыру алаңына айналды. Назар ұшқышсыз ұшу аппаратарын табиғи апаттардың салдарын жойып, зардап шеккендерді іздеуден бастап сел ағындарын, қар көшкіндерін, сырғымалар мен су тасқынына мониторинг жүргізуге дейін қолдануға…
Медицина қызметкеріне мас күйінде тиіскен ер адам тек балағаттап қоймай, оны медициналық заттар салынған сөмкемен ұрған. Жуалы ауданының тұрғыны мейрамханадағы кештен кейін оқыс жағдайға тап болып, үйіне жедел жәрдем шақырады. Ол алғашқы көмек көрсетуге келген қызметкерлерге әдепсіз сөздер айтып, өрескел қылықтар көрсете бастайды. Көрсетілген көмекке көңілі көншімеген ер адам дәрі-дәрмек пен құралдар салынған медициналық қобдишамен фельдшерді ұрып тастады. Науқастың агрессиясынан шошып кеткен медицина қызметкері полиция шақырған. Нәтижесінде, агрессивті азамат ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекснің 80-1-бабының 2-бөлігімен кінәлі деп танылды. Мұндай құқық бұзушылық үшін жаза 30 айлық есептік көрсеткіш (2025 жылы 117 900 теңге) көлемінде айыппұл салу немесе 10 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа…
Допингке байланысты ресейлік спортшының нәтижесі жойылды. Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Сочиде өткен 2014 жылғы Олимпиада ойындарынан кейін 11 жылдан астам уақыт өткен соң медальдарды қайта бөлуді ресми түрде бекітті. Осылайша, алтын медаль бұрынғы Ресей құрамасынан Германия құрамасына берілді. Жеңімпаз құрамда Эрик Лессер, Даниэль Бём, Арнд Пайффер және Симон Шемп болған. Ресейлік биатлоншы Евгений Устюгов, 2014 жылғы Сочиде өткен эстафетада қатысып, алтын медаль иеленген еді. Алайда 2020 жылы ол допинг ережелерін бұзғаны үшін айыпталып, медальдан айырылды. Осы себеппен ол 2010 жылы Ванкуверде алған алтын және қола медальдерінен де айырылған. 2025 жылдың мамырында неміс биатлоншысы Эрик Лессер: – Он бір жылдан кейін…