Автор: qaztimes

Петропавл қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 24 қыркүйектен бастап алдымен әлеуметтік нысандарға – мектептерге, балабақшаларға, медициналық мекемелерге жылу беріледі. Бұдан кейін тұрғын үйлер мен басқа да ұйымдарға қосылады. Қалалық әкімдік қосылу барысы туралы ақпаратты қосымша хабарламақ.  Естеріңізге салайық, Петропавлда жылыту маусымы былтыр 30 қыркүйекте басталған еді.  Сондай-ақ Петропавл қаласы әкімінің баспасөз қызметі орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылу үшін үш күн қатарынан тәуліктік орташа ауа температурасы +10°С немесе одан төмен деңгейде болуы тиіс екенін хабарлады.

Read More

Қазір ақынның есімімен аталатын бұрынғы Қамысқала ауылына орнатылған ескерткіштің ашылуына Хамит Ерғалиевтің туыстары мен немересі Айдар Мұратұлы арнайы қатысты. Ескерткіштің ашылу рәсімі барысында ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды. Арнайы ұйымдастырылған көрмеге қаламгер тұтынған жазу машинкасы, көзілдірігі мен қаламсабы, фотосуреттері қойылды. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ерғалиев Хамит 1916 жылы Атырау облысында дүниеге келді. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Ұлы Отан соғысына қатысқан. 1945-1950 жылдары — «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің әдеби қызметкері. 1950-1957 жылдары — Қазақстан Жазушылар одағы поэзия секциясының меңгерушісі. 1958-1959 жылдары Қазақстан мемлекеттік әдебиет баспасы поэзия секциясының меңгерушісі болған. Ақынның 30-ға тарта жыр…

Read More

Жас сарбаз әскер қатарында небәрі бес ай ғана қызмет еткен. Тамыз айының соңында ғана 19 жасқа толған Дінмұхамед Алматы облысы Жамбыл ауданына қарасты Матыбұлақ ауылындағы әскери бөлімде борышын өтеп жүрген. Фото: Дінмұхамед Шынарбековтің туыстарынан Марқұмның туыстары суицид нұсқасына сенбейтінін айтып, оқиғаның мән-жайын әділ әрі бейтарап тергеуді талап етті. — Оны өлтіріп, тұншықтырған, содан кейін ғана іліп қойған. Бұл – кісі өлтіру. Кейін әдейі асылып қалғандай етіп көрсеткен, – деп ашынды туыстары. Фото: Дінмұхамед Шынарбековтің туыстарынан Белгілі болғандай, Дінмұхамед пен оның егізі Даниял әскерге әртүрлі уақытта шақырылған. Даниял былтыр күзде борышын өтей бастаған, ал Дінмұхамед биыл көктемде әскер қатарына аттанған. Олар…

Read More

Бұл ретте А. Герцен/М. Дулатов көшелерінің қиылысы толығымен жабылады. Осыған байланысты, 20-25 қыркүйек аралығында бұл учаске толығымен жабылады. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлауы және ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылады. Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы Әйтеке би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылатынын хабарлағанбыз. 

Read More

Министр ел абыройын асқақтатқан спортшыларды толайым табысымен құттықтап, бұл жеңістер жас ұрпаққа үлкен шабыт сыйлағанын атап өтті. – Мемлекет басшысы әлем чемпионатынан кейін сіздерді жеке қабылдап, құттықтады. Бұл – бокстың дамуына мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың айғағы. Қазір біз боксты дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын әзірлеп жатырмыз. Жақын арада Ұлттық спорт университеті ашылады. Оның құрамында заманауи залдармен және төрт рингпен жабдықталған бокс кафедрасы жұмыс істейді. Бұл халықаралық деңгейдегі спортшыларды даярлауға жол ашады. Жаттықтырушылар штабына алдағы жарыстарға табысты дайындық тілеймін. Алда бізді әлем кубогінің финалы, әлем чемпионаты, 2026 жылғы жазғы Азия ойындары күтіп тұр. Әрине, басты мақсат – Олимпиада, – деді…

Read More

Ведомствоға дүкендегі бағалардың шетел валютасымен рәсімделгені туралы азаматтардан өтініштер түскен. Нәтижесінде жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, ақпарат расталды. Кейбір тауарларда шынымен де рубльмен бағалар көрсетілген жапсырмалар қалған. Дүкен басшылығы мұндай жағдайды заңнаманы білмеуімен және қызметкерлердің жетіспеушілігімен түсіндірген. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 193-бабының 4-бөлігінде тауар бағасын теңгеден басқа валютамен көрсету үшін шағын бизнеске – 6 АЕК, орта бизнеске – 10 АЕК, ірі бизнеске – 30 АЕК айыппұл қарастырылған. Ал осы әрекет қайталанған жағдайда, 193-баптың 5-бөлігіне сәйкес шағын бизнеске – 65 АЕК, орта бизнеске – 120 АЕК, ірі бизнеске – 200 АЕК айыппұл салынады. — Тексеру барысында құқық бұзушылықтың қайталанғаны анықталып, дүкенге…

Read More

Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері 77 келіге дейінгі салмақта қола медаль үшін күреседі.  Жұбаныш белдесуінде Жадыраев украиналық Игорь Бычковты 3:1 есебімен тізе бүктірді.  Енді отандасымыз венгриялық балуан Роберт Фричпен қола медальді сарапқа салады.  Еске сала кетейік, бұған дейін Демеу Жадыраевтың әлем чемпионатында жұбаныш белдесуіне қатысатынын хабарлаған едік. 

Read More

Премьер-министр Эди Рама ботты өз үкіметінің ашықтық пен инновацияға ұмтылуының символы ретінде таныстырды.  — Мен мұнда адамдарды алмастыру үшін емес, оларға көмектесу үшін келдім. Иә, менің азаматтығым жоқ, менде жеке амбициялар мен мүдделер де жоқ, — деп мәлімдеді бот парламентке арнаған сөзінде.  Алайда оппозициялық депутаттар ЖИ ұйымы тарихи төртінші мерзімге билікке оралған Раманың нашар басқаруын жасыру үшін жасалған түтін экраны болғанын мәлімдеп, ашуланды. — Шындық мынада — Эди Раманың «Диелласы» — насихаттық қиял. Сыбайлас жемқорлық пен ұйымдасқан қылмыс — бұл шындық. Диелла — бұл көрініс емес, үкімет күнделікті жасайтын орасан зор ұрлықтарды жасыратын виртуалды қасбет, — деп мәлімдеді оппозициялық Демократиялық партияның депутаты Газмент Барди. Өткен аптада Албанияда мемлекеттік сатып алуларды…

Read More

Ауқымды концерттің басталуына санаулы сағаттар қалды. Қазір Орталық стадионға жиналған көрермендер қарасы көбейіп келеді. Алаң маңында турникеттер, шатырлар, биодәретханалар орнатылып, плакаттар ілінген. Ән кешіне келген адамдар сағат 15:00-ден бастап стадионға кіре бастады. Фото: Камшат Әбдірайым / Kazinform Фото: Камшат Әбдірайым / Kazinform Ұйымдастырушылар алаңға кіру тек QR-коды бар билеттер арқылы жүзеге асатын және бір билет бір адамға ғана жарамды екенін, сондай-ақ фан-зонаға, VIP Standing пен би алаңына 16 жастан бастап кіруге рұқсат екенін еске салды. Фото: Камшат Әбдірайым / Kazinform Фото: Камшат Әбдірайым / Kazinform Концерт кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 2,5 мың полиция қызметкері жұмылдырылған. Одан бөлек жедел…

Read More

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, 72 келіге дейінгі салмақта сынға түскен балуанымыз украиналық Парвиз Насибовты 4:3 есебімен жеңді. Отандасымыз жартылай финалда 2023 жылғы әлем чемпионы, франциялық Ибрагим Ганеммен кездеседі. Еске сала кетейік, осыған дейін грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Демеу Жадыраев Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатының жұбаныш белдесуінде жеңіске жеткенін жазған едік. 

Read More