Белгілі болғандай, жаңа табиғи апаттардың алдын алу министрлігі табиғи апаттың алдын алу және жою жөніндегі күш-жігерді үйлестірумен айналысады. Бастама ел үнемі зардап шегетін, жиі болатын табиғи апаттармен күресте тиімділікті арттыруға бағытталған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, жаңа министрліктің қарамағына қазір муниципалитеттердің қарамағындағы өрт сөндіру қызметтерін, сондай-ақ төтенше жағдайларға ден қоюға қатысатын басқа мекемелерді беру жоспарланып отыр. Жаңа құрылым сонымен қатар ғимараттардың жер сілкінісі, су тасқыны және өрт сияқты табиғи апаттарға төзімділігін арттыру мақсатында құрылыс нормалары мен стандарттарының сақталуын бақылау өкілеттігіне ие болады. Фото: Anadolu ajansı Министрліктің құрылуы әсіресе елдегі өрт қауіпті болып тұрған жағдайда өзекті болып отыр. Анталья мен Мугла провинцияларында…
Автор: qaztimes
Министрдің айтуынша, қазіргі таңда Токтогүл су қоймасындағы су көлемі былтырғы көрсеткіштен 1,6 млрд текше метрге төмен. «Бұл дегеніміз – электр энергиясы 1,6 млрд кВт/сағатқа аз өндіріледі деген сөз. 2024 жылы су деңгейі 12,4 млрд текше метр болғанда, энергетиктер қысқы маусымды аса ірі қиындықсыз өткерді, апатты сөндірулер аз болды. Бірақ бұл табиғаттың заңдылығы. Мысалы, өткен жылы жауын-шашын мөлшері 107% болса, биыл – 92%. Су тапшылығы тек Қырғызстанда ғана емес, Тәжікстан, Өзбекстан және Қазақстанда да сезілуде», – деді ол. Ибраев судың тапшылығы туралы алғаш рет 2021 жылы айтқанын еске салды. Оның айтуынша, су деңгейі Токтогул ғана емес, Орто-Токой, Киров су қоймаларында да…
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливиттің хабарлауынша, тікұшақ «гидравликаның аздаған ақауына байланысты» жергілікті аэродромға қонды, содан кейін Стэнстед әуежайына шамамен 20 минут кешігіп келді. Ол бұл шешімнің «ерекше сақтық мақсатында» қабылданғанын айтып, президент пен бірінші ханымның «резервтік тікұшаққа аман-есен мінгенін» қосып өтті. Оқиға Трамп Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармермен бірлескен баспасөз мәслихатын өткізіп жатқан Чекерстегі резиденциясынан Стэнстед әуежайына ұшып бара жатқан кезде болды. Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамптың Ұлыбританияға мемлекеттік сапары аясында жасанды интеллект, кванттық есептеулер және ядролық энергетика салаларында технологиялық әріптестік туралы көп миллиардтық келісімге қол қойылғанын жазған болатынбыз. Ұлыбритания Трампқа айрықша салтанатты құрмет көрсеткенін мына жерден оқи аласыз.
Жетісу облысында солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысы мен солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 20-21 қыркүйекте өңірдің солтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Атырау облысының батысы мен оңтүстігінде найзағай ойнайды. Облыс аумағында төтенше өрт қаупі бар. Маңғыстау облысының оңтүстігі, орталығы мен шығысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с, найзағай болжанады. Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары, солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Жамбыл облысының батысы мен таулы аймақтарында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Өңірдің батысы, солтүстігі мен орталығында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында күндіз найзағай ойнап, бұршақ жауады, солтүстіктен соққан желдің екпіні 15-20 м/с болады. Ақтөбе…
2025 жылдың бірінші жартыжылдығында Павлодар облысындағы орналастыру орындарына 129 мыңға жуық турист тоқтады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 31% көп. Көрсеткіштің өсімін ескерген өңірлік дене шынықтыру және спорт басқармасы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы жергілікті туристік бизнеске арнап оқу семинарын ұйымдастырды. Шара кәсіпкерлердің біліктілігін арттыруға, туристік өнімдерді дамытуға және сервис сапасын жақсартуға бағытталды. Ауылдық және агротуризмде бәсекеге қабілетті қызметтерді қалыптастыруға басымдық берілді. «Турист тарту ғана емес, олардың болуына қолайлы жағдай жасау маңызды. Өңірдің бизнесті оқытуға көңіл бөлуі құптарлық. Бұл тұрақты туристік экожүйені қалыптастыруға ықпал етеді», – деді «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы Даниел Сержанұлы. Семинар барысында Kazakh…
Су тасқыны салдарынан 18-ден астам адам қаза тапты, мыңдаған тұрғын Денпасар мен көршілес аудандарда зардап шекті. Жойқын апат үйлерге, инфрақұрылым мен қоғамдық нысандарға үлкен шығын келтірді. Губернатор Ваян Костердің мәлімдеуінше, биылдан бастап ауыл шаруашылығы және егістік жерлерді коммерциялық мақсатта игеру тоқтатылады. «2025 жылдан бастап бірде-бір өнімді жер қонақүй немесе өзге де нысан салуға берілмейді. Бұл шешім Бали аралының 100 жылдық даму жоспарына енгізілді», – деді ол. Экологтар көптен бері аралдағы шамадан тыс туризмнің қаупі туралы дабыл қағып келген. Олар жерді бақылаусыз игеруді шектеу табиғи апаттар қаупін азайтуға ықпал ететінін атап өтті. Бали күріш алқаптары мен әсем жағажайларымен әйгілі болғанымен, соңғы…
Жарыс апталығы Формула-2 додасымен және Формула-1-дің алғашқы еркін жаттығуларымен басталды. Алғашқы кезеңде Формула-2 жарысында америкалық пилот Джек Кроуфорд (DAMS) бірінші болып мәреге жетті. Одан кейінгі орындарды Invista командасының итальялық спортшысы Леонардо Форнароли мен Prema Racing өкілі Габриэле Мини бөлісті. Ұзындығы 6 шақырымды құрайтын Бакудің қалалық сақинасы Формула-1 күнтізбесіндегі ең ұзын әрі күрделі трассалардың бірі саналады. Пилоттар мұнда 51 айналым жасап, 20 бұрылыстан өтеді. Олардың қатарында әйгілі Ичеришехер ауданындағы тар өткелдер бар, мұнда жолдың ені небәрі 7,6 метрге дейін қысқарады. Трасса жобасын белгілі неміс сәулетшісі Герман Тильке әзірлеген. Жарыстың бастау және мәреге жету аймағы «Азадлыг» алаңында орналасқан. Мұнда командалардың бокс аймағы,…
Бейсенбіде иорданиялық жүк көлігінің жүргізушісі Иорданияда «Король Хусейн көпірі» деп аталатын Алленби бақылау бекетіне шабуыл жасады. Оқиға барысында ол тапанша мен пышақ қолданған, нәтижесінде екі израильдік – БӨП қызметкері қаза тапты, тағы екеуі ауыр жарақат алды. Бақылау бекетінің күзеті оқ жаудырып, шабуылдаушының көзін жойды. «Король Хусейн көпірі» (Аль-Караме) бақылау бекетіндегі шабуыл «халықаралық құқықтың елеулі бұзылуы және Иорданияның Газа секторына көмек көрсетудегі негізгі рөліне тікелей қауіп төндіреді». Бұл туралы Иордания СІМ мәлімдемесінде айтылды. Ведомство ел мүддесіне қауіп төндіретін «зорлық-зомбылық пен құқыққа қайшы әрекеттерді қатаң түрде қабылдамау» міндеттемесін атап өтті. Кейінірек Иордания тарапы шабуылдаушының жеке басын анықтады. Ол 56 жастағы Абдель-Мутталиб әл-Кайси…
Биылғы байқауда 23 елдің орындаушылары бақ сынайды. Концертті төрт құрлықта тікелей эфирде көруге болады, ал қатысушы мемлекеттердің телеарналары бір тәулік ішінде жазбасын көрсетеді. Қазақстандық делегацияны Ернар Садырбаев, яғни Әміре таныстырады. Ол Саят Рақымжановтың сөзіне жазылған «Дала таңы» әнін орындайды. Әнші – «Славян базары» халықаралық байқауының жеңімпазы әрі «Дарын» мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Әншіге сахнада сегіз жасар Жасмин Қайратқызы қосылады. Ол – қазақстандық делегациядағы ең жас қатысушы. Жасмин бұл рөлге жүзден астам үміткердің арасынан іріктеп алынған. Нөмірдің толық мазмұны құпия сақталуда, алайда ұйымдастырушылар оның әсерлі әрі ерекше болатынын атап өтті. «Бұл ән барлық қатысушылардың жүрегін жаулап алды. Олар әуенін қосылып айтып жүр.…
Естеріңізге салайық, 7 «Б» сынып оқушысының анасы Маржан Тажимуратова ұлына 8-сынып оқушылары тарапынан буллинг жасалып, дене жарақаты келтірілгенін мәлімдеді. СҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының мәліметінше, мектеп әкімшілік бұл мәселені елеусіз қалдырмай, жедел түрде ішкі қызметтік тексеріс жүргізіп, жағдайдың барлық мән-жайын жан-жақты анықтау мақсатында құқық қорғау органдарына хабар берді. Құқық қорғау органдары материал жинау барысында анықталғандай, биыл мектеп-интернатқа қабылданған 7 «Б» сынып оқушысы К.Жанқұшев пен жатақхана бөлмесінде тұратын 8-сыныпта оқитын бірнеше жасөспірім оқушы арасында тұрмыстық сипатта жанжал туған. Балалардың барлығы еркін күрес бөлімінде оқиды. Жиналған материалдар негізінде, құқық қорғау органдары мекеме әкімшілігіне ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы – «Кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу…