Автор: qaztimes

Жексенбі күні Сирияның орталығында Израиль әуе күштерінің соққысы салдарынан кемінде 14 адам қаза тауып, тағы 43 адам жарақат алды. Жексенбі күні кешкі сағат 23:20 шамасында израильдік қарсылас Ливанның солтүстік-батысынан (Сирия) орталық аймақтағы бірқатар әскери нысандарды нысанаға алып, әуе шабуылын бастады, деп хабарлайды сириялық SANA ақпараттық агенттігі әскери дереккөзге сілтеме жасап. Жексенбі күні кешке жасалған шабуыл соңы Сирияның орталығы Хама провинциясындағы Масьяф қаласының маңында өртке ұласып, біршама материалдық шығынға әкеп соқты. Жергілікті денсаулық сақтау ұйымдары шабуылдан 43 адам жараланғанын, олардың кейбірінің жағдайы ауыр екенін айтты. Масьяф қаласындағы ұлттық аурухана директоры Фейсал Хайдар зардап шеккендер арасында бейбіт тұрғындар да бар екенін айтты. Зымырандардың…

Read More

Бүгін Астана қаласында Түркі мемлекеттері ұйымына қатысушы мемлекеттердің Әділет министрлері кеңесінің бірінші отырысы ұйымдастырылды. ҚР Әділет министрі Азамат Есқараевтың төрағалығымен өткен жиынға Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан Әділет министрлері, ТМҰ-ның Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиев қатысты. Отырыс ҚР Президентінің 2023 жылғы 3 қарашадағы ТМҰ-ның Х саммитінде айтылған тапсырмасы шеңберінде ұйымдастырылғанын атап өткен жөн. Кездесу барысында қатысушы мемлекеттердің әділет министрліктері арасындағы ынтымақтастықты дамыту перспективалары қаралды. Құқықтық өзара іс-қимылды нығайту және құқықтық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Фото: ҚР Әділет министрлігі Отырысқа қатысушылар әділет жүйелерінде цифрландырудың маңыздылығын атап өтіп, бұл бағыт алдағы уақытта шешуші рөл атқаратынын алға тартты. Кеңестің…

Read More

Бүгін Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин Өзбекстанға барды. Бұл туралы UzA хабарлады. Төрағаны Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды. Сапар бағдарламасына сәйкес Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясының үкімет басшылары деңгейіндегі бірлескен комиссияның кезекті отырысы өтеді. Сондай-ақ Ташкент қаласындағы өндірістік және өнеркәсіптік кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысып, басқа да нысандарды аралау жоспарланып отыр. Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстанда, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында 3 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлаған болатынбыз.

Read More

Ақтауда мерт болған сарбаздың ісін Қорғаныс министрлігі ерекше бақылауына алды, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі. «Ақтау гарнизонындағы 25744 әскери бөлімінің мерзімді қызметтегі әскери қызметшісінің қайтыс болуына қатысты іс Қорғаныс министрінің ерекше бақылауына алынды. Оның тапсырмасы бойынша Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Ш-Х. Жазықбаевтың басшылығымен арнайы комиссия құрылды. Қайғылы жағдайдың мән-жайлары жан-жақты тексеріліп, тергеу органдарына объективті тергеу жүргізу үшін толық көмек көрсетілу үстінде. Кінәлі тұлғалар ҚР Қылмыстық кодексіне сәйкес қатаң жауапкершілікке тартылады»,-делінген хабарламада. ҚР Қорғаныс министрлігінің басшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің отбасы мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Сондай-ақ сарбаздың туыстары мен жақындарына жан-жақты көмек көрсетілетінін хабарлайды.

Read More

Ресейлік және кеңестік танымал тележүргізуші Александр Масляков 83 жасында дүниеден озды. Бұл туралы КВН халықаралық одағы хабарлады. А. Масляков 1964 жылдан бері «КВН» бағдарламасын жүргізіп, Ресейде және одан тыс жерлерде әзіл мен сатираның символына айналды. «2024 жылдың 8 қыркүйегінде Александр Васильевич Масляковтың қайтыс болғанын қайғыра хабарлаймыз. Ол КВН қозғалысының барлық қатысушылары мен миллиондаған көрермендер үшін мәңгілік аңыз болды және болып қала береді», — деп хабарланды КВН ресми парақшасында.Ол көптеген марапаттарға ие болды, «Отанға сіңірген еңбегі үшін» орденінің толық кавалері және «АМиК» шығармашылық бірлестігінің негізін қалады. Оның отандық ойын-сауық теледидарының дамуына қосқан үлесін асыра бағалау мүмкін емес», — дейді әріптестері.

Read More

 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ресми түрде ашты. Фото: Ақорда «Бесінші дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қош келдіңіздер! Бауырлас мемлекеттердің басшыларына зор ризашылығымды білдіремін. Мәртебелі меймандарға және спортшыларға шынайы алғыс айтамын. Көшпенділер өркениеті дүниежүзі тарихында өшпес із қалдырды. Ұлы Дала көшпенділері ежелден байтақ Еуразияны мекен еткен, олар жаһандық даму үдерісіне түбегейлі өзгеріс әкелді. Сол замандағы озық технологияның иесі болды. Көшпенділер бес мың жыл бұрын жылқыны қолға үйретті. Дүниені дүбірлеткен салт аттылар мәдениетін қалыптастырды», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев дүниежүзілік көшпенділер ойындарын ресми аша отырып. «Астана Арена» стадионында өткен шараға Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Халк Маслахатының…

Read More

Атырау облысында 2 жасар қыз электр бағаны үшін қазылған терең шұңқырға құлап кеткен. Оны Индер ауданындағы №5 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Нұрлыбек Саламатов алып шыққан. Оқиға Индер ауданының орталығы – Индербор кентінде болған. Өрт сөндіру бөліміне түскен шақыртумен оқиға орнына әріптестерімен бірге келген жүргізуші Нұрлыбек Саламатов терең шұңқырға еңкейіп, батыл әрекет етті. Жүргізушінің аяғын қасындағы құтқарушылар ұстап тұрған. Жүргізуші қолын созып, кішкентай қызды қауіпті аумақтан тез шығарып алған. «Балаға медициналық көмек қажет болмады. Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мұндай құтқару операцияларын жиі жүргізеді. Олар адам өмірін сақтап қалу үшін әр секундтың маңызды екенін түсініп, тез әрекет етеді. Ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларды…

Read More

Қызылорда облысында ақша жымқырған аудандық Білім бөлімінің басшысы сотталды. Жаңақорған аудандық соты 200 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ұралған өзге де лауазымды тұлғаларға үкім шығарды. ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен іс қозғалған еді. Қылмыстық істе «Жаңақорған ауданының білім бөлімі» КММ-нің басшысы, бөлімнің бас есепшісі және 6 мектеп есепшісіне, 1 бас экономистке қатысты қылмыстық іс қаралды. «Сотталушылар өздерінің қызмет бабын пайдаланып, 2018 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында білім бөлімінен 6 есепші мен 1 экономисттің көмектесуі арқылы жалпы сомасы 192097670 теңге мемлекеттік бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде бірнеше рет жымқырған», — деп мәлім етті Жаңақорған аудандық соты. Сот талқылауы барысында мемлекеттік айыптаушы…

Read More

Әлемге әйгілі Уганда марафоншысы Ребекка Чептегеи жан түршігерлік зорлық-зомбылық құрбаны болды. Оны ер адам ақша үшін өртеп жіберген. Бұл туралы ВВС жазды. Бұған дейін Уганданың алыс қашықтыққа жүгірушісі, 2024 жылғы Олимпиада ойындарына үміткер Ребекка Чептегеидің жігіті Диксон Ндием жанжал кезінде қалыңдығын аяусыз соққыға жыққаны және Ребеккаға бензин құйып, оны өртеп жіберген. Нәтижесінде денесінің 75 пайызын күйік шалған Чептегеи ауруханаға жеткізілді. 33 жастағы Ребекка бірнеше күн реанимациядан кейін ауруханада көз жұмды.

Read More

Telegram арнасының негізін қалаушы Павел Дуров Францияда ұсталуына қатысты алғаш рет түсініктеме берді, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. Дуров бұл өзі үшін күтпеген жағдай болғанын атап өтіп, француз билігі өз шағымдарын жеке өзіне емес, Telegram-ға жолдауы керек еді деген пікір білдірді. «Егер бір елдің интернет қызметіне көңілі толмаса, қалыптасқан тәжірибе бойынша бұл қызметтің өзіне қарсы сотқа шағымдануы керек еді. Бас директорды өзі басқаратын платформада үшінші тұлғалар жасаған қылмыстар үшін айыптауға смартфондар пайда болғанға дейін қолданылған заңдарды қолдану – қате тәсіл», — деп жазды Дуров өзінің Telegram арнасында. Ол, сондай-ақ, егер бұл құралдардың ықтимал теріс пайдаланылуы үшін жеке адам жауапты болуы…

Read More