Әлемге әйгілі Уганда марафоншысы Ребекка Чептегеи жан түршігерлік зорлық-зомбылық құрбаны болды. Оны ер адам ақша үшін өртеп жіберген. Бұл туралы ВВС жазды.
Бұған дейін Уганданың алыс қашықтыққа жүгірушісі, 2024 жылғы Олимпиада ойындарына үміткер Ребекка Чептегеидің жігіті Диксон Ндием жанжал кезінде қалыңдығын аяусыз соққыға жыққаны және Ребеккаға бензин құйып, оны өртеп жіберген.
Нәтижесінде денесінің 75 пайызын күйік шалған Чептегеи ауруханаға жеткізілді. 33 жастағы Ребекка бірнеше күн реанимациядан кейін ауруханада көз жұмды.