Дзюдодан әйелдер арасында 48 келі салмақта татамиге шыққан Әбиба Әбужақынова жарыстан кейін шағын сұхбат беріп, жүлдеге қол жеткізе алмағаны үшін жанкүйерлерінен кешірім сұрады.
«Өкінішке қарай, жүлдеге қол жеткізе алмадым. Қола медаль үшін таластағы қарсыласым өте ыңғайсыз болды. Барымды салдым. Бірақ, жүлдесіз қалдым, үміттеріңізді ақтай алмадым, кешіріңіздер», — деді Әбиба Әбужақынова.
Айта кетейік, Әбиба Әбужақынова париж Олимпиадасын 5-ші орынмен аяқтады.
Әбужақынова жұбаныш белдесуінде Парагвай дзюдошысы Габриэла Нарваесті ұтып, қола медальға таласу мүмкіндігіне ие болған еді.
Сондай-ақ, Әбиба Әбужақынова бірінші белдесуінде Израиль балуаны Сара Ришониді Waza-Ari ұпайымен жеңсе, екінші кезеңде Тайпей спортшысы Чен-Хао Линнің жауырынын 17 секундта жер иіскетті.