Бүгін Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Михаил Мишустин Өзбекстанға барды. Бұл туралы UzA хабарлады.
Төрағаны Ташкент халықаралық әуежайында Өзбекстан Республикасының Премьер-Министрі Абдулла Арипов және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.
Сапар бағдарламасына сәйкес Өзбекстан Республикасы мен Ресей Федерациясының үкімет басшылары деңгейіндегі бірлескен комиссияның кезекті отырысы өтеді.
Сондай-ақ Ташкент қаласындағы өндірістік және өнеркәсіптік кәсіпорындардың тыныс-тіршілігімен танысып, басқа да нысандарды аралау жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, бұған дейін Өзбекстанда, Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында 3 балдық жер сілкінісі болғанын хабарлаған болатынбыз.