- Алматы облысында көршісін пышақтаған жігіт сотталды
- Президент Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті
- Өскеменде әйелді пойыз қағып кетті
- Қонаев қаласындағы көшеге Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді
- Қазақстан Үкіметінің сыртқы қарызы 7 трлн 217 млрд теңге
- Астанада 3 мың домбырашы бір мезетте күй шертіп, рекорд орнатты
- Израиль Ливанның солтүстік-шығысынан соққы жасады
- Алимент төлемеген БҚО тұрғыны сотталды
Автор: qaztimes
Алматы облысының Еңбекшіқазақ аудандық сотында денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді деген айып тағылып отырған адамға қатысты қылмыстық іс қаралды. Сот мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың желтоқсан айында сотталушы өз үйінде бөгде біреулердің дауысынан оянып, дәлізге шыққан. Онда ол анасының танысымен (жәбірленуші) дауласып жатқанын көрген. Сотталушы мен жәбірленуші арасында ауызша жанжал басталып, соңы төбелеске айналған. Оны айналасындағылар тоқтатқан. Оқиғадан кейін жәбірленуші сыртқа шығып, үйіне қарай бет алған, бірақ сотталушы оны қуып жетіп, басынан қатты доғал затпен ұрған. Одан жәбірленуші құлап түскен. Содан кейін сотталушы оны ас үйден алдын ала алып шыққан пышағымен арқасына екі рет ұрып, оны екі рет тепкен. Жәбірленуші кейінірек…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті. Мемлекеттер басшылары сауда-экономика және инвестиция салаларындағы қазақ-қатар ынтымақтастығын кеңейту мәселелерін, сондай-ақ жыл басында қол қойылған Ұзақмерзімді стратегиялық әріптестік орнату жөніндегі келісімді жүзеге асыру барысын талқылады. Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстан мен Қатар арасындағы қарым-қатынас нақты стратегиялық және өзара тиімді сипат алғанын атап өтті. Қазақстан Президенті Қатар Әмірі шақырған Doha Forum 2024 конференциясына қатысатынын растады. Тараптар екі ел арасындағы тығыз байланыстарды жалғастыруға уағдаласты.
Өскемен қаласында әйел адамды пойыз қағып кетті. Қазір оқыс оқиғаға байланысты тергеу жүргізіліп жатыр. Көліктегі полиция департаментінің мәліметіне сүйенсек, оқиға қала іргесінде орналасқан Защита ықшамауданындағы «Өскемен-1» станциясында болған. «Жүк пойызы белгіленбеген жерден жолды кесіп өтіп бара жатқан 40 жастағы әйелді қағып кетті», — делінген ақпаратта. Әйел адам түрлі жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Қонаевтағы Фрунзе көшесіне Кеңес Одағының батыры, Қазақстан Республикасының тұңғыш қорғаныс министрі, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді. Тарихи тұлғаның есімі қала көшесіне берілуіне байланысты Қонаевта салтанатты іс-шара өтті. Оған әскери қызметкерлер мен қала әкімінің орынбасары Төлеген Кенжебеков қатысты. Фото: Қонаев әкімдігі Бұған дейін Центральная көшесіне Бердібек Соқпақбаевтың есімі берілген болатын. Сондай-ақ Қонаевтағы «Жеңіс» паркінде тәжік-ауған шекарасында, Қарабақ пен Ирак Республикасында ұрыс қимылдарына қатысушы сарбаздардың құрметіне мемориалды тас ашылды. Фото: Қонаев әкімдігі
Қаржы министрлігі Қазақстан Үкіметінің сыртқы борышы туралы соңғы мәліметтерді жариялады. Министрліктің мәліметіне сүйенсек, Үкіметтің сыртқы борышы 1 қазандағы жағдай бойынша 7 трлн 217 млрд 26 млн 519 мың теңге болған. Оның ішінде ең көп қарыз Халықаралық қайта құру және даму банкі (1,5 трлн теңге) мен еурооблигациялардан (4 трлн теңге) тартылған. Еуропа қайта құру және даму банкіОрталық және Шығыс Еуропа елдерінің ұзақ мерзімді несиелендіру жөніндегі аймақтық мемлекетаралық банкі болып есептеледі. Штаб-пәтері Лондонда орналасқан бұл ұйымға 50-ге жуық ел мүше. Оның ішінде ТМД елдері де бар. Ислам даму банкіне 52 мемлекет мүше. Олардың арасында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Тәжікстан, Түрікменстан да бар. Азия…
Елордада бір мезетте үш мыңнан аса домбырашы «Балбырауын» күйін орындап, өнер әлеміндегі бұл ерекше жарқын оқиға Қазақстанның Гиннес рекордтарын тіркеу кітабына енді, деп жазды Астана әкімдігі. «Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде «Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» атты ауқымды іс-шарада үш мыңнан астам астаналық домбыра үйірмелеріне қатысушылар Құрманғазы Сағырбайұлының шоқтығы биік «Балбырауын» күйін бір мезгілде күмбірлетті. «Қазақстанда мемлекеттік шығармашылық тапсырыс жобасы 2021 жылдан бастап іске асырылып жатыр. Оның мақсаты – 4 пен 17 жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдерді тегін үйірмелермен қамту, олардың бос уақытын тиімді өткізіп, өнерге деген қызығушылығын арттыру. Міне, бүгін Астана қаласында осындай домбыра үйірмесіне қатысатын…
Израиль әскери-әуе күштерінің жойғыштары Ливанның солтүстік-шығыс бөлігіндегі қалалар мен елді мекендерге қарқынды рейдтер жүргізді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі. Lebanon 24 ақпарат порталының хабарлауынша, Баалбек пен Хермел маңындағы 20 елді мекенге, соның ішінде Бритель, Дурис, Сарин және Шимстар қалаларына әуе шабуылы жасалған. Зардап шеккендер туралы ақпарат бар: Будай ауылының алты адамнан тұратын отбасы қаза тапқан. Бұған дейін Израиль Ливанның оңтүстігіне шабуыл жасаған болатын. Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша, соңғы тәулікте әуе шабуылдары салдарынан 38 азамат қаза тауып, тағы 124 адам жараланған. Еске салайық, Қатарда кепілге алынғандарды айырбастау және Газа секторында бітімге келу туралы келіссөздердің қайта жандануы аясында Қатардағы Хамас саяси…
Батыс Қазақстан облысы кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Бәйтерек ауданының тұрғыны кінәлі деп танылып, оған 1 жылға бас бостандығынан шектеу жазасы тағайындалды. Бәйтерек ауданы прокуратурасының ұстанымы ескеріліп, ҚР Қылмыстық кодексінің 139-бабымен (балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке қабілетсіз ата-аналарын, еңбекке қабілетсіз жұбайын (зайыбын) күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеуден жалтару) көзделген қылмыс жасағаны үшін сотталушының кінәсі толық дәлелденді. БҚО прокуратурасынан мәлім еткеніндей, 2021 жылдан бастап борышкердің алимент төлеу бойынша баласына 2 млн 787,838 мың теңге көлемінде берешегі бар. Бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылғанымен, бірнеше жыл бойы өз міндеттерін қасақана орындамаған. Үкім заңды күшіне енді.
Түркия жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция салуды күшейту үшін «супер рұқсат ету» механизмін енгізуді көздеп отыр. Түркияда электр энергиясын қайта өндірудегі жаңа қадам жаңартылатын энергия объектілерін, соның ішінде күн және жел электр станцияларын салуға қажетті рұқсаттарды бекіту және беру процесін жеделдетуге мүмкіндік бермек. «Супер рұқсат беру» жүйесі елдің энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізуі жолындағы стратегияның бір бөлігі. Бюрократиялық процедураларды азайту түрік үкіметінің тұрақты энергия көздеріне көшу қарқынын жеделдете отырып, жаңа инвестиция тарту мүмкіндігін арттырады. Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрі Алпарслан Байрактардың айтуынша, «Супер рұқсат беру» жүйесін құру елдің Париж келісімі бойынша міндеттемелерін орындауға және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға жол ашады. Күн…
Шымкентте мемлекет қаражатын жымқырғаны үшін көпбалалы ана сотталды. Ол балабақша есепшісі қызметін атқарып жүріп, коммуналдық төлемдерге артық ақша бөліп отырған. Бұл туралы жергілікті Оtyrar.kz сайты жазды. Осылайша бес баланың анасы өз шотына 15 млн теңгеден астам қаржыны аударып, мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтірілген. Оның кінәсі сотта дәлелденіп, 2 жылға бас бостандығынан айырылды. «Сотталушыға ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамға теңестірілген адам бола тұра, өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштастыра отырып өзіне сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде иеленіп алу бабы бойынша айып тағылған. Сотталушының тағылған айып бойынша кінәсі іс бойынша жинақталған құжаттармен дәлелденеді», — деп жазды…