SteppeNews.kz: Еліміздің білім беру жүйесінде қызмет ететін ерлер қауымының саны 108 мыңнан асты. «Ахмет Байтұрсынұлы атындағы «Талдау» ұлттық зерттеулер және білімді бағалау орталығы» АҚ ұсынған ресми мәліметтерге сәйкес, ер педагогтардың басым бөлігі мектеп қабырғасында еңбек етіп келеді.
Статистикалық деректерге сүйенсек, 108 572 ер маманның ішінде 78 651 педагог мектептерде, ал 14 220-сы колледждерде білім береді. Қосымша білім беру ұйымдарында 12 709 ер адам жұмыс істесе, мектепке дейінгі ұйымдарда 2 690 маман қызмет атқарады. Сондай-ақ арнайы білім беру ұйымдарында 302 ер педагог еңбек етуде.
