SteppeNews.kz: Қызылорда облысының әкімі лауазымына Мұрат Ергешбаев тағайындалды. Ол бұл қызметте премьер-министрдің бірінші орынбасары болып ауысқан Нұрлыбек Нәлібаевтың орнына келді.
Мұрат Ергешбаев 2023 жылдан бастап Мәжіліс депутаты болған. Бұған дейін ол Қызылорда қаласының әкімі, сондай-ақ Қармақшы, Шиелі және Қазалы аудандарының басшысы қызметтерін атқарған.
