SteppeNews.kz: Отан қорғаушылар күніне орай Алматыдағы «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінде Мемлекеттік туды салтанатты түрде көтеру рәсімі өтті.
Шараға Алматы әкімі Дархан Сатыбалды, әскери бөлімшелер мен құқық қорғау органдарының өкілдері, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының мүшелері қатысты. Ел байрағын көтеру рәсімі дәстүр бойынша әскери-үрмелі оркестрдің сүйемелдеуімен Әнұран айтумен ұласты.

Мерекелік іс-шара одан әрі 28 гвардияшы-панфиловшылар атындағы саябақта концерттік бағдарламамен жалғасты. Салтанатты кеш Алматы қаласы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрі мен «Салтанат» мемлекеттік би ансамблінің орындауындағы «Ұлы елім» әнімен ашылды. Сахна төрінде отандық эстрада жұлдыздары патриоттық әндер шырқады.
Сонымен қатар, жиналған қауымға қазақ батырлары туралы театрландырылған қойылымдар мен патриоттық хореографиялық композициялар ұсынылды.
