SteppeNews.kz: Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министрдің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаевты қабылдап, өнеркәсіпті дамыту мен ірі инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Президентке өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі жұмыстар мен стратегиялық жоспарлар туралы баяндалды.
Нұрлыбек Нәлібаев Мемлекет басшысына қосылған құны жоғары өнім шығаруды арттыру және энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту жоспары туралы ақпарат берді. Сонымен қатар көлік-логистика инфрақұрылымы мен құрылыс саласын дамытудың барысы таныстырылды.
Жиын соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар маңызды тапсырмалар берді. Атап айтқанда, инфрақұрылымдық жобалардың сапалы орындалуын қамтамасыз ету, отандық тауар өндірушілерді қолдау және алдағы жылу беру маусымына дайындық шараларын қатаң бақылауда ұстау жүктелді.
