SteppeNews.kz: Елордада LRT желісінде техникалық кідіріс орын алып, жолаушылардың қауіпсіздік ережелерін бұзуы жағдайды қиындатты. Поезд ішінде ауа жетпей, жолаушылар арасында үрей туындаған.
Астанада LRT вагондарының бірі жолда 30 минуттан астам уақытқа тұрып қалды. Куәгерлердің айтуынша, вагон ішінде кондиционерлер сөніп, ауа тар болған. Салдарынан балалар жылап, кейбір адамдардың денсаулығы сыр берген. Тығырыққа тірелген жолаушылар арасында терезені шағуға әрекет жасағандар да болды.
City Transportation Systems (CTS) компаниясының баспасөз қызметі бұл кідірістерге жолаушылардың қауіпсіздік талаптарын сақтамауы да себеп болғанын мәлімдеді. Ресми мәліметке сәйкес, желіде жолаушылардың платформадағы апаттық тежегіш түймесін негізсіз басуы, пойыз ішіндегі қорғаныш әйнегінің артында орналасқан апаттық есікті ашу түймесін іске қосуы, вагон есіктерін ішінен ашуға тырысуы және есіктердің арасына қол салып, олардың жабылуына әдейі кедергі келтіруі сияқты заңбұзушылықтар тіркелген. Компания өкілдері мұндай әрекеттердің соңы төтенше жағдайларға және пойыз қозғалысының уақытша тоқтап қалуына әкеп соғатынын қатаң ескертті.
