SteppeNews.kz: Қазақстан Орталық Азия елдері арасында жан басына шаққандағы су тұтыну көлемі ең төмен мемлекет ретінде аталды деп хабарлайды SteppeNews.kz Informburo.kz-ге сілтеме беріп.
World Population Review дерегіне сәйкес, ел тұрғындары тәулігіне орта есеппен 3397 литр су пайдаланады. Бұл көрсеткішке тұрмыстық қажеттілік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп және энергетика салаларындағы су шығыны кіреді.
Өңірдегі өзге елдерде тәуліктік су тұтыну көлемі едәуір жоғары:
• Қырғызстан — 4153 литр;
• Тәжікстан — 4460 литр;
• Өзбекстан — 4778 литр;
• Түрікменстан — 15 445 литр.
Түрікменстан су тұтыну бойынша Орталық Азияда ғана емес, әлемде де бірінші орында тұр.
Салыстыру үшін, Еуропа елдеріндегі көрсеткіш әлдеқайда төмен. Мәселен, Германияда бір адам тәулігіне орта есеппен 856 литр, ал Францияда 1236 литр су пайдаланады.
Сарапшылар Орталық Азиядағы жоғары су тұтынуды бірнеше фактормен байланыстырады. Олардың қатарында ыстық әрі қуаң климат, ескірген инфрақұрылым салдарынан су шығынының көп болуы, сондай-ақ күріш пен мақта секілді ылғалды көп қажет ететін дақылдарды суаруға негізделген ауыл шаруашылығының дамуы бар.
