SteppeNews.kz: Халықаралық көші-қон ұйымының (IOM) шешімімен БҰҰ-ның көші-қон жөніндегі жаһандық ізгі ниет елшісі мәртебесін алған Димаш Құдайберген Кокс-Базар аймағына арнайы сапармен барды. Әлемге танымал өнер иесі бұл өңірдегі гуманитарлық миссиясы аясында өз шаңырақтарын тастап кетуге мәжбүр болған бір миллионнан астам адамның жағдайымен танысты. Кокс-Базардағы босқындар тұратын мекендер су тасқыны, жер көшкіні, өрт және жойқын циклондар жиі орын алатын өте қауіпті аймақтарда орналасқан. Сапар барысында Димаш Құдайберген мұқтаж жандарды баспанамен және ең қажетті тұрмыстық заттармен қамтамасыз ететін арнайы орталықтардың қызметін өз көзімен көрді. Сонымен қатар, ол жергілікті халықтың төл мәдениетін, музыкалық мұрасы мен ежелгі дәстүрлерін сақтауға арналған Мәдени жады орталығына атбасын…
Автор: Saya
SteppeNews.kz: Америка Құрама Штаттарының дипломатия тарихында айтулы оқиға орын алды. АҚШ Сенаты 50 жастағы қазақ Әсел Робертстің кандидатурасын мақұлдап, оны Словениядағы төтенше және өкілетті елші қызметіне ресми түрде бекітті. Бұл тағайындаудың басты ерекшелігі сол — Әсел Робертс АҚШ-тың мемлекеттік дипломатиялық жүйесінде мұндай жоғары лауазымға қол жеткізген алғашқы қазақ қызы ретінде тарихқа еніп отыр. Оның кандидатурасын биылғы жылдың ақпан айында Дональд Трамптың өзі ұсынған. Дипломатиялық жолдың барлық сатысынан өткен Робертс наурыз айында Сенаттың бейінді комитетінде өз бағдарламасын қорғап, сенаторлардың сұрақтарына жауап берді. Шешуші дауыс беру кезеңінде саяси тартыстарға қарамастан, 46 сенатор оның кандидатурасын қолдап, жеңіске жетуіне ықпал етті. Әсел Робертстің бұл…
SteppeNews.kz: Қазақстанда енді мектеп бітіру кештерін мейрамхана, кафе, банкет залы, демалыс базалары мен табиғат аясында өткізуге тыйым салынды. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, биыл оқу жылын аяқтау жаңа талаптар бойынша ұйымдастырылады. Сонымен қатар мектептерге ата-аналардан ақша жинауға және түлектерге арналған шараларға сыйлық талап етуге де тыйым салынған. Аттестаттар мен дипломдарды табыстау рәсімі тек білім беру ұйымдарының қабырғасында өткізіледі. Министрлік бұл шаралар қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында қабылданғанын түсіндірді. 25 мамыр күні еліміздегі барлық мектепте «Білімім – Отаныма!» атты бірыңғай сынып сағаты өтеді. Онда оқу жылы қорытындыланып, оқушылардың жетістіктері атап өтіледі және жазғы демалыс кезінде оқуға ұсынылатын…
SteppeNews.kz: Қазақстан туралы сөз қозғалғанда көз алдымызға шексіз дала, көне қалалар мен сан ғасырлық тарих келеді. Бұл кеңістікті ғасырлар бойы байланыстырып тұрған бір ұлы құбылыс бар. Ол – Жібек жолы. Көпшілік оны ежелгі сауда бағыты ретінде қабылдайды. Алайда Жібек жолы тек тауар алмасқан керуен соқпағы емес. Ол халықтарды жақындастырған, мәдениеттерді тоғыстырған, өркениеттерді байланыстырып тұрған тірі арна болды. Бүгінде сол тарихи жол жаңа мазмұнға ие болып отыр. Қазақстанда Жібек жолының ізі қалған өңірлер туризмнің, мәдени жобалардың және жергілікті қауымдастықтардың дамуына серпін беретін кеңістікке айналуда. Өткен мен бүгіннің арасын жалғаған осы бағыттың бойымен саяхаттау – тарих беттерін парақтау ғана емес, қазіргі Қазақстанды…
SteppeNews.kz: 2024 жылы денсаулық сақтау саласындағы жасанды интеллектінің әлемдік нарығы шамамен 26,6 млрд доллар деп бағаланды. Ал 2030 жылға қарай бұл көрсеткіш 187,7 млрд долларға дейін өсуі мүмкін. PwC бағалауы бойынша, 2030 жылға қарай медицина мен фармацевтика саласына жасанды интеллектіні енгізудің жиынтық экономикалық әсері 868 млрд долларға жетуі ықтимал. Қазақстан да денсаулық сақтау жүйесін цифрлық трансформациялаудың жаңа кезеңіне қадам басып отыр. Жүйе бұл өзгерістерге қаншалықты дайын және жасанды интеллект бүгінде қай бағыттарда қолданылып жатыр? Осы мәселелер туралы Qazaq Expert Club-тың денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы шақырылған сарапшысы Әсел Абакова мен денсаулық сақтау экономикасы саласының сарапшысы Марат Мамаев пікір білдірді. Сарапшылардың айтуынша,…
SteppeNews.kz: Қазақстанда өнім қауіпсіздігін толық тексермей-ақ тауар импорттауға мүмкіндік берген жалған сәйкестік сертификаттарына қарсы бақылау күшейтілді. Техникалық реттеу және метрология комитетінің мәліметінше, бүгінде ЕАЭО елдерінде рәсімделген 1113 сертификат пен декларация жарамсыз деп танылған. Заңбұзушылықтардың басым бөлігі Қырғызстанда берілген құжаттарға қатысты — 742 жағдай тіркелген. Ал Ресей бойынша 244, Беларусь бойынша 11 заңбұзушылық анықталған. Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті төрағасының орынбасары Бауыржан Қасымовтың айтуынша, бұл мәселе ұзақ уақыт бойы жүйелі сипат алған. «Кейбір құжаттар өнімге қажетті сынақ жүргізілместен берілген. Бірқатар жағдайда сертификаттар тауарды нақты тексерусіз, қашықтан рәсімделген. Мұндай құжаттар Қазақстан нарығына өнімді ұзақ уақыт бойы бақылаусыз әкелуге…
SteppeNews.kz: Alatau City аумағында Қазақстан үшін тарихи технологиялық көрсетілім өтті. Мұнда алғаш рет eVTOL форматындағы аэротакси демонстрациялық ұшу жасады. Электр қуатымен тік ұшып-қонатын аппарат болашақта қалалық көлік жүйесінің бір бөлігіне айналуы мүмкін. Жобаны «Alatau Advance Air Group Ltd» (AAAG) компаниясы ұйымдастырды. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл тек бір реттік шоу емес, Қазақстанда қалалық әуе мобильділігі экожүйесін қалыптастыруға бағытталған ұзақмерзімді бастаманың алғашқы кезеңі. Аэротакси қалай көрінді? Көрсетілім барысында қытайлық «AutoFlight» әзірлеген Prosperity моделі таныстырылды. Сыртқы пішіні тікұшақ пен шағын ұшақтың қосындысына ұқсайтын аппарат бірнеше минут бойы сынақ ұшуын орындады. Аппарат толық электр қуатымен жұмыс істейді. Әзірге ұшу тек сынақ форматында өтті және…
SteppeNews.kz: 18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейі дәстүрлі «Музей түні – 2026» мәдени-танымдық акциясын өткізді. Биылғы іс-шара «Әрқилы әлемді бір арнаға тоғыстырған музейлер» тақырыбымен ұйымдастырылып, келушілерге тарих пен мәдениетті жаңа форматта таныстыруды мақсат етті. Кеш аясында музей түнге дейін жұмыс істеп, қала тұрғындары мен қонақтарына көрмелер, театрландырылған қойылымдар, концерттік бағдарламалар, шеберлік сағаттары мен интерактивті ойындар ұсынылды. Келушілер «Жанды музей» форматындағы экскурсияларға қатысып, тарихи кейіпкерлермен жүздесті. «Бірегей!» көрмесінің ерекшелігі Іс-шараның негізгі бөлігінің бірі – сирек жәдігерлер қойылған тақырыптық көрмелер болды. Олардың қатарында «Бірегей!» көрмесі, Қазақ радиосының 105 жылдығына арналған «Ұлттың үнбайрағы» экспозициясы, сондай-ақ М. Әуезов…
SteppeNews.kz: ARRI компаниясымен стратегиялық техникалық серіктестік аясында жасалған бұл құрылғы ресми түрде 2026 жылдың үшінші тоқсанында таныстырылады. Халықаралық технологиялық HONOR компаниясы 79-шы Канн кинофестивалінің «China Night» іс-шарасында революциялық Robot Phone құрылғысын көрсетіп, мобильді түсірілімнің болашағын паш етті. Сонымен қатар, компания бұл құрылғының ресми сатылымға шығуы 2026 жылдың үшінші тоқсанына жоспарланғанын хабарлады. «Imaging» (бейне түсіру) санаты бойынша China Night кешінің жалғыз ресми серіктесі бола отырып, HONOR кәсіби түсірілім құралдарын контент жасаушылардың жаңа буынына қолжетімді ету және визуалды сторителлингтің жаңа көкжиектерін ашу миссиясын іске асыруда тағы бір маңызды қадам жасады. Іс-шара қонақтары HONOR Robot Phone құрылғысындағы «embodied AI» (бейнеленген жасанды интеллект) технологиялары…
SteppeNews.kz: Қазақстан мен Қытайдың алғашқы бірлескен «Voice Beyond Horizon» телешоуы нағыз медиа-феноменге айналды. Димаш Құдайбергеннің продюсерлігімен өткен бұл халықаралық жоба 2,36 миллиардтан астам қаралым жинап, қазақ мәдениетін әлемдік деңгейде тағы бір биікке көтерді. Биылғы жылдың 5 ақпаны мен 23 сәуірі аралығында әлемдік экрандарды баурап алған «Voice Beyond Horizon» жобасы жай ғана музыкалық шоу емес, Ұлы Жібек жолының заманауи симфониясына айналды. Қытайлық Hunan TV телеарнасымен бірлесе жүзеге асырылған бұл ауқымды бастаманың авторы әрі атқарушы продюсері — Қазақстанның халық әртісі Димаш Құдайберген. Шоу форматы жағынан музыкалық өнер мен реалити-саяхатты шебер ұштастырып, Қытай, Қазақстан, Қырғызстан, Италия, Малайзия және Сербиядан келген 8 дарынды орындаушының…