Зейнетақы жинағының жеткілікті шегін көтеру қаншалықты дұрыс?
Зейнетақы жүйесі болашаққа жұмыс істеуге тиіс. Жеткілікті шекті арттыру – жинақ мәдениетін дамытуға және болашақ зейнетақыны қорғауға ықпалдасады. Қаражатты жаппай алу ұзақ мерзімді тәуекелдер туындатты, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Тұрғын үй мәселесі үшін қаражатты мерзімінен бұрын алу көптеген азаматқа көмектескені анық. Алайда жинақ көлемін азайтты. Қаржыгер Расул Рысмамбетов осындай пікір білдірді.
Зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алу жылжымайтын мүлік нарығына әсер етті. Шекті көтеру арқылы БЖЗҚ-да қаражат көбірек сақталады. Азаматтар тұрақты жарна төлеуге және ерікті шоттар ашуға ынталанады.
Сарапшы қысқа мерзімді әлеуметтік мәселені шешу ұзақ мерзімді қаржылық қауіпке әкелуі мүмкін екенін ескертті.
