Шымкентте балабақша тәрбиешілерінің сұмдық әрекеті әшкере болды. “Балымша” жекеменшік балабақшаның тәрбиешілері балаларға банан ұстатып, суретке түсірген соң қайта жинап алған. Оқиғаға байланысты қалалық білім басқармасы тексеріс жүргізіп жатыр. Алдын ала деректерге сәйкес, жағдай 2026 жылдың ақпанында болған. Қазір осы жағдайға қатысы бар бес қызметкердің үшеуі жұмыстан шығарылды. Білім басқармасы полиция департаментіне, сапаны қамтамасыз ету департаментіне және санитариялық бақылау органдарына хат жолдады. Құзырлы органдар тиісті шешім қабылдайды.
Trending
- Қазақстан IMO-2026 олимпиадасында алты медаль жеңіп алды
- Қазақстанда байланыс саласына жаңа ережелер енгізіледі
- Қостанай облысында жүк көлігімен соқтығысқан жол апатынан екі адам қаза тапты
- Алматы әкімі өнеркәсіптік парктердің жұмысымен танысты
- Алматы кітапханаларына жарты жылда 700 мыңнан астам келуші тіркелді
- Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап көліктерді заңсыз әкелуге тиым салынады
- Қазақстандық әнші «Славян базарында» бірінші орын иеленді
- Алматыда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен халықаралық турнир өтеді
