Батыс Аустралия жағалауында алып акула ер адамға шабуыл жасады. 35 жастағы азамат алған жарақаттарынан мерт болды. Оқиға Майклмас аралы маңында болған. Адамға шабуыл жасаған акуланың ұзындығы шамамен 4,5 метрге тең, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Полиция мәліметінше, қайғылы жағдай ер адам отбасы мүшелерімен бірге суда жүрген кезде болған. Жыртқыш ер азаматтың екі аяғынан тістеп, ауыр жарақат салған. Туыстары оны дереу қайықпен жағаға жеткізген. Жағалауда медицина қызметкерлері алғашқы көмек көрсетуге атсалысқа. Десе де, ер адамның өміріне араша түсе алмады. Өңір тұрғындары акулалардың адамға шабуылы өте сирек кездесетінін айтады. Қайғылы жағдайдан кейін жергілікті билік тұрғындарды қауіпсіздік шараларын күшейтуге және барлық мән-жай анықталғанға дейін жабық жағажайларға бармауға шақырды.
Trending
- 43 мыңнан астам алматылық ескі үйлерде тұрып жатыр. Неліктен реновация бағдарламасы жоспардан баяу жүзеге асуда?
- Шетелдегі қазақ балалары тарихи Отанында қауышты
- Қазақстанда бизнеске арналған екі жаңа цифрлық сервис таныстырылды
- Жас журналистерге арналған ulandigital.kz платформасы іске қосылды
- Қазақстанда электрониканың өмірлік циклін дамытуға арналған ГЭФ-ЮНЕП жобасы басталды
- Джеки Чанның жаңа фильмі Қазақстанда түсіріледі: Аида Балаева түсірілімнің басталуымен құттықтады
- Қазақстан мен Қытай туристік ынтымақтастықты кеңейтуде: Астанада жаңа саяхат мүмкіндіктері таныстырылды
- Алматыда «Республика алаңын» көріктендіру жұмыстары аяқталды
