Футболдан әлем чемпионаты басталды

Күллі әлем көз тіккен футбол мерекесі Мехикодағы әйгілі «Ацтека» стадионында ашылды. Ашылу рәсімінде Шакира, Бурна Бой, және Джей Бальвин сынды әлем жұлдыздары көрерменге ерекше шоу ұсынды. Шакира «Waka Waka» хитін орындады. Биылғы турнирді үш мемлекет қабылдап отыр. Олар — Мексика, Канада және АҚШ елдері. Әр ел өз стадионында жеке ашылу шоуын ұйымдастырады.
Турнир ауқымы
Додаға 48 құрама қатысады. 104 матч өткізіледі. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі жанкүйерлер үшін бұл — тарихтағы ең ірі чемпионаттардың бірі.
Әлем чемпионатын тікелей эфирде қайдан көрсе болады?
Тартысты ойындарды отандастарымыз «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай алады.
Футболдан әлем чемпионаты — мәдениеттерді тоғыстыратын, халықтарды біріктіретін ғаламдық мереке, спорттық жарыс.
