Ұлттық қор төлемдерінің жаңа есебі жарияланды. 2025 жылдың қорытындысы бойынша әрбір балаға 130,71 АҚШ доллары есептелді, — деп хабарлайды SteppeNews.kz.
Балаларға арналған Ұлттық қор төлемдері
2024 жылы – 129,38 доллар, ал 2023 жылы – 100,52 доллар болған.
2024 жылғы 1 ақпаннан бастап 2026 жылғы 1 маусымға дейін бағдарлама аясында 316 223 өтініш орындалып, жалпы сомасы 57,88 млн АҚШ доллары уәкілетті операторлар арқылы өтініш берушілердің банктік шоттарына аударылды. Оның ішінде тұрғын үй жағдайын жақсартуға – 36,94 млн доллар (201 245 өтініш), білім алуға – 20,94 млн доллар (114 978 өтініш) жұмсалған.
Тұрғын үйге жұмсалған қаражат
Тұрғын үйге арналған қаражаттың басым бөлігі тұрғын үй құрылысы жинақтарындағы салымды толықтыруға бағытталды. Ол 36,23 млн долларға тең (196 893 өтініш). Сонымен қатар ипотекалық қарыздың бастапқы жарнасына – 248,94 мың доллар (1 498 өтініш), тікелей сатып алуға – 156,59 мың доллар (989 өтініш) бөлінген.
Білімге жұмсалған қаражат
Білімге арналған төлемдердің ішінде Қазақстандағы оқу орындарына ақы төлеу ең көп үлеске тең. Ол — 19,68 млн доллар (106 315 өтініш). Бұдан бөлек білім жинақ салымын толықтыруға – 842,16 мың доллар (5 947 өтініш), шетелдік оқу орындарына төлем жасауға – 319,33 мың доллар (2 114 өтініш) бағытталған.
Бағдарлама ерекшелігі
Қаражатты толық немесе жартылай пайдалануға болады. Аал пайдаланылмаған қалдық 10 жыл бойы нысаналы жинақтау шотында сақталады. Жыл сайынғы инвестициялық табыс есебінен балалардың жинағы артып отырады.
Жинақ динамикасы бойынша бірінші жылы – 130,71 доллар, екінші жылы – 263,93 доллар, үшінші жылы – 370,56 доллар көлемінде қаражат есептелген.
Балаларға есептелген соманы қалай тексеруге болады?
Ата-аналар мен заңды өкілдер балаларға есептелген соманы kids.enpf.kz, eGov.kz порталы, eGov Mobile және банктердің мобильді қосымшалары арқылы тексеруіне болады.
Бұл бағдарлама қазақстандықтарға тұрғын үй жағдайын жақсарту мен білім алу мүмкіндігін кеңейту арқылы олардың болашағына инвестиция салуға бағытталған.
