Елімізде электромобильдерге арнайы мемлекеттік нөмір беріледі.
Оның түсі жасыл болуы мүмкін. Электромобильдерге арналған жасыл нөмір — экологиялық көліктерді қолдаудың символы. Сенат цифрландыру мен көлік саласындағы жаңа технологияларды реттеуге бағытталған заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Қазақстанда экологиялық көліктерге арналған жаңа жүйе биыл жазда қабылданады. Бірақ жүргізушілер нөмірді бірден ала алмайды. Себебі алты ай өтпелі кезең болады.
«Бұл өзгеріске бюджеттен қаржы жұмсалмайды, себебі тек нөмірдің түсі өзгереді. Дизайн жаңартылады»,- деді Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов
Заң жобасындағы өзге де өзгерістер
Жаңа заңда көлік саласындағы бірнеше маңызды бағыт қамтылды.
Жүргізушісіз көліктер қозғалысын реттеу.
Электросамокаттар мен шағын электр көліктерінің жол қозғалысына шығуына шектеу енгізу.
Деректер қауіпсіздігі мен цифрландыруды жетілдіру.
