Turkish Airlines ұшағы Анталья әуежайындағы радар діңгегіне соқтығысты. Оқиға әуе кемесі жүру жолағымен тұрақ орнына қарай бет алғанда болған. Ұшақ қате жүру жолағына түсіп кеткен. Ұшақ бортында 267 жолаушы болған. Олардың барлығы эвакуацияланды. Оқиға салдарынан бір жолаушы жеңіл жарақат алған. Boeing 777 ұшағы Ыстанбұл — Анталья бағыты бойынша рейс орындаған. Лайнер мен радиолокациялық діңгек зақымданды, деп хабарлайды SteppeNews.kz Turkish Airlines компаниясына сілтеме жасап. Радиолокациялық діңгек — әуе қозғалысын басқару жүйесіне тиесілі. Оқиғадан кейін Анталья әуежайы штаттық режимде жұмысын жалғастырып жатыр.
Turkish Airlines әуе компаниясы
Turkish Airlines — Түркияның ұлттық әуе тасымалдаушысы. Ол әлемдегі ең ірі бағыттық желіге ие. Көптеген елге тікелей рейс жасайды. Бағыттар саны: 352-ге тең. Соның ішінде жүк тасымалы бар. Әуе компаниясы 1933 жылы құрылған және бүгінде 131 елге, 352 бағытқа ұшқан. Оның штаб-пәтері: Ыстамбұл, Түркия (Atatürk Airport, Yeşilköy) Негізгі хаб: Ыстамбұл әуежайы
Turkish Airlines – әлемдік авиациядағы көшбасшы компаниялардың бірі. Қазақстаннан тікелей Ыстамбұлға және басқа да бағыттарға ұшатын рейстері бар, ал қызмет көрсету сапасы халықаралық стандарттарға сай.
Turkish Airlines Қазақстаннан бірнеше ірі қалаға тікелей рейс орындайды:
Алматы – Ыстамбұл: Airbus A330-300, A330-200, A321neo және Boeing 737 MAX 8 қолданылады. Ұшу уақыты шамамен 5 сағат 20 минут.
Астана – Ыстамбұл: Airbus және Boeing үлгілері, орташа ұшу уақыты 5 сағат.
Астана – Анталья: Boeing 737-900ER және Boeing 737 MAX 9 қолданылады.
