Испаниялық танымал әнші Энрике Иглесиас Польшадағы концерті кезінде өзіне сыйға тартылған әйгілі қазақстандық шоколадты көріп, жанкүйерлеріне «Алға, Қазақстан!» деп жауап қайырды.
Астана мен Алматы қалаларында өтетін үлкен концерттерінің алдында әлемдік жұлдызға ерекше сыйлық табыс етілді. Шетелге шыққанда өзімен бірге отандық шоколадты ала жүріп, оны қонақжайлылықтың символы ретінде жаңа таныстарына сыйлау — көптеген қазақстандықтар үшін игі дәстүрге айналған. Бұл — елімізді әлемге танытудың таптырмас тәсілі.

Ағымдағы жылдың қыркүйек айында әртіс өзінің әлемдік шоуын қазақстандық көрермендерге паш етпек. Энрике Иглесиастың концерті 3 қыркүйекте Астанада және 5 қыркүйекте Алматыда өтеді. Көрермендерді ауқымды сахналық қойылым, жанды дауыстағы орындау және әншінің Bailando, Hero, Escape, Tonight, сондай-ақ Subeme La Radio сияқты ең танымал хиттері күтіп тұр.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Энрике Иглесиастың өнер көрсетуі әрдайым күтпеген сәттерге толы болады. Әртіс көрерменнің көңіл-күйіне қарай ән тізімін тікелей концерт барысында өзгертіп отырады, соның арқасында әрбір шоу ерекше сипатқа ие болады.
Сонымен қатар, әнші тыңдармандарымен тығыз байланыс орната білуімен де танымал. Ол сахнада жүріп жанкүйерлерімен тілдеседі, сыйлықтар мен гүлдерді қабыл алады, залдағы плакаттарға назар аударып, көрермендерді сахнаға жиі шығарады. Дәл осы себепті оның концерттеріндегі қызықты сәттер әлеуметтік желілерде тез тарап, вирусқа айналады. Ал табынушылары әртістің әрбір шоуы алдын ала жазылмаған, өз сценарийімен өрбитінін айтады.
Ақпарат Энрике Иглесиастың концерттік баспасөз қызметінен алынды
