Қазақстанда халықаралық деңгейдегі кино жоба – «Доспехи Бога: Ультиматум» фильмінің түсірілімі ресми түрде басталды. Бұл туралы Salem Entertainment компаниясына өзінің әлеуметтік желісінде бөлісті.
Жобаның ресми ашылу рәсімі кино индустриясының дәстүріне сай кинотарелканы сындыру рәсімімен басталды. Бұл құрметті міндетті фильмнің режиссері Роберт Кун мен жобаның басты актері, әлемге әйгілі Джеки Чан бірге орындады.
Фильмнің түсірілімі Қазақстанда өтеді. Жоба ел киноиндустриясы үшін маңызды кезеңдердің бірі ретінде бағаланып отыр. Түсірілім жұмыстары енді басталғанымен, ұйымдастырушылар көрермендерді алдағы ерекше кино сапарына бірге куә болуға шақырды.
Сондай-ақ жоба авторлары түсірілім барысы мен фильмге қатысты соңғы жаңалықтарды salem_jackiechan парақшасында тұрақты түрде жариялап отыратынын мәлімдеді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
