Алматыда тау туризмінің инфрақұрылымын дамыту жұмыстары қарқынды жалғасып жатыр. Қазір туристерге арналған 1 мың шақырымнан астам тау маршруты цифрландырылып, оның 850 шақырымнан астамы абаттандырылып, 2GIS платформасына енгізілді. Бұл туралы қалалық Туризм басқармасы мәлімдеді деп хабарлайды SteppeNews.kz, Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жоба аясында ең танымал 10 туристік бағыт толықтай жаңартылды. Сонымен қатар жаңа кемпинг алаңдары ашылып, «Алма-Арасан» термалды бұлағы қайта жаңғыртылды. Туристерге қолайлы жағдай жасау үшін ауыз су нүктелері орнатылып, танымал демалыс орындары абаттандырылды.
Бұдан бөлек, саяхатшыларға арналған бес тілдегі аудиогид іске қосылды. Онда Алматыдағы 110-нан астам көрікті орын мен 10 туристік маршрут туралы пайдалы ақпарат ұсынылған.
