Жетісу облысына жұмыс сапары барысында Туризм және спорт вице-министрі Мирас Төлебаев облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаевпен бірге Алакөл жағалауындағы туристік нысандарды аралады. Сапар кезінде өңірдің туризм басқармасы инфрақұрылымды дамыту, демалыс аймақтарын абаттандыру және қауіпсіздікті күшейту бағытында атқарылған жұмыстарды таныстырды деп хабарлайды SteppeNews.kz, ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап. Алакөл – Қазақстандағы ең танымал туристік бағыттардың бірі. 2025 жылдың қорытындысы бойынша мұнда келген ішкі туристер саны 382 мың адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 11 пайызға артқан. Ал шетелдік қонақтар саны 60 пайызға өсіп, 8,2 мың адамды құрады. Қазіргі уақытта жағалау бойында бір мезетте 21 мыңнан астам демалушыны қабылдай алатын 224…
Автор: Saya
Корея Республикасының Пусан қаласында өтіп жатқан ЮНЕСКО Дүниежүзілік мұралар комитетінің 48-ші сессиясында Қазақстан үшін айтулы, тарихи шешім қабылданды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әрі тікелей қолдауымен Маңғыстаудың бірегей жартасты мешіттері халықаралық ұйымның беделді тізіміне ресми түрде енгізілді. Мәртебелі тізімге Бекет ата, Шопан ата, Қараман ата, Шақпақ ата және Сұлтан Үпі сияқты өңірдің бес бірдей қасиетті нысаны енді. Бұл қуанышты хабарды Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Карин жеткізді. Бұл оқиға — төл мәдениетіміз бен тарихымыз үшін өте маңызды белес. Себебі Қазақстанның ұлттық мәдени мұрасы ЮНЕСКО тізіміне соңғы рет 22 жыл бұрын, яғни 2004 жылы қосылған болатын. Еске сала…
Қытай мен АҚШ-тың сауда-экономикалық топтары Сауда кеңесін құру мәселесі бойынша тығыз байланысын жалғастырып келеді, деп хабарлайды SteppeNews.kz «Жэньминь жибао» басылымына сілтеме жасап. Қытай Халық Республикасы Сауда министрлігінің өкілі Мэн Хуатиннің айтуынша, тараптар болашақ Сауда кеңесінің құрылымы, функциялары мен жұмыс тетігін, сондай-ақ әр тараптан құны 30 млрд АҚШ долларына тең тауарларға қатысты тарифтерді өзара төмендетудің негіздемелік бағдарламасын талқылап жатыр. Бұл туралы ол Қытай мен АҚШ арасындағы Сауда кеңесі мен Инвестициялар кеңесін құру барысына қатысты қойылған сұраққа жауап беру кезінде мәлімдеді. Мэн Хуатиннің сөзінше, Қытай қазіргі уақытта ұсынылып отырған тарифтерді төмендету тетіктеріне қатысты отандық кәсіпорындардың, салалық бизнес қауымдастықтардың, жергілікті билік органдарының және…
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды SteppeNews.kz Ақордаға сілтеме жасап. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына сапармен барады Іс-шара аясында мемлекеттер басшыларының кездесуі жоспарланған — деп жазылған Ақорда мәлімдемесінде.
Алматыда жойқын жер сілкінісі туралы халықты ерте автоматты түрде ескерту жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Қаладағы 40 нысанның орналасу орны анықталып, олардың 35-інде сейсмикалық станциялар салынды. Жаңа нысандар қолданыстағы бақылау желісіне қосылып, жер сілкіністерін бақылау ауқымын кеңейтіп, күшті сейсмикалық оқиғалар туралы ақпаратты жедел алуға мүмкіндік береді. 2025 жылдан бері Алматы агломерациясында жер сілкінісін ерте анықтауға арналған 70 автоматтандырылған станция орнату жұмыстары жүргізілуде. Қазір Алматы облысында 65 станция салынса, қалған бес нысанды жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған. Сонымен қатар қалада Mass Alert жедел хабарлау жүйесі енгізіліп, Алматы агломерациясының сейсмогеодинамикалық жағдайын зерттеуге…
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Дастан Сатпаев Англияның «Челси» клубының маусым алдындағы турға арналған құрамына енді, деп хабарлайды SteppeNews.kz Лондон клубының мәлімдемесіне сілтеме жасап. 12 тамызда 18 жасқа толатын шабуылшы «Челсиге» биылғы маусымда қосылды. Ол 2026/27 жылғы маусымға дайындықты команданың жаңа бас бапкері, испаниялық Хаби Алонсоның жетекшілігімен негізгі құрамда бастады. Сатпаев бұған дейін Англияның төменгі лигаларында өнер көрсететін «Кроули» (3:1) және «Бромли» (3:0) клубтарына қарсы жолдастық кездесулерде алаңға шыққан болатын. Енді қазақстандық футболшы «Челсимен» бірге Австралия мен Азиядағы маусым алдындағы турға аттанады. Тур құрамына барлығы 28 футболшы енгізілген. 28 шілде мен 9 тамыз аралығында лондондық клуб бес жолдастық матч өткізеді. Команда…
Кеше Қазақстанның Ұлттық банкі базалық мөлшерлемені жылдық 17%-дан 16,75%-ға дейін, ±1 пайыздық тармақ дәлізімен төмендету туралы шешім қабылдады. Реттеушінің бұл шешіміне қандай факторлар әсер етуі мүмкін, мөлшерлеменің төмендеуі экономика үшін нені білдіреді және Ұлттық банктен алдағы уақытта қандай қадамдар күтуге болады? Бұл туралы Qazaq Expert Club сарапшылары түсіндірді. Айгерім Ілиясова, Qazaq Expert Club сарапшысы, экономика ғылымдарының кандидаты, қаржыгер 2026 жылдың соңына дейін базалық мөлшерлеме біртіндеп 16%-ға дейін төмендейді деген болжам болған еді. Ұлттық банктің мөлшерлемені 17%-дан 16,75%-ға дейін төмендетуі осы болжамды растап отыр. Сонымен қатар, 16–17% деңгейіндегі базалық мөлшерлеме экономиканың ұзақ мерзімді тепе-теңдік деңгейі емес, керісінше экономикалық өсімді тежеуі мүмкін…
Алматы халықаралық әуежайы ішкі рейстер терминалын кезең-кезеңімен жаңартуды жалғастыруда. Жоба аясында тіркеу және ұшып шығу аймақтары жаңартылып, жаңа автоматтандырылған жүйелер енгізілуде, деп хабарлайды SteppeNews.kz Алматы халықаралық әуежайына сілтеме жасап. Жаңарту жұмыстары әуежайдың 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді мастер-жоспары аясындағы Horizon жобасының бірінші кезеңі шеңберінде жүзеге асырылып жатыр. Жобаның негізгі мақсаты – халықаралық сапа, қауіпсіздік және операциялық тиімділік стандарттарына сай заманауи әуежай инфрақұрылымын қалыптастыру. Қазіргі кезеңде жолаушыларды тіркеу аймағын жаңарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгінде 10 тіркеу орны толық жаңартылса, тағы 13 тіркеу орны қайта жаңартылып жатыр. Жаңартылған тіркеу аймағының жалпы аумағы 1 700 шаршы метрді құрайды. Жаңа кеңістік Қазақстанның мәдени ерекшеліктерінен…
Қытайлық компаниялар Қазақстандағы инвестициялық белсенділігін арттырып, пайдалы қазбалар өндірісі, жылжымайтын мүлік, ауыл шаруашылығы және өнеркәсіп салаларындағы жобаларын кеңейтуде. Қазақстандағы Қытай кәсіпкерлері палатасының төрағасы Цзян Сяофу бұл туралы SteppeNews.kz сайтына берген сұхбатында айтып берді. Соңғы жылдары Қазақстан Қытай бизнесі үшін Орталық Азиядағы негізгі бағыттардың біріне айналды. Қазақстандағы Қытай кәсіпкерлері палатасының төрағасы Цзян Сяофудың айтуынша, бүгінде қытайлық компаниялар пайдалы қазбалар өндіру саласында, сондай-ақ тау-кен өнеркәсібіне қызмет көрсететін бағыттарда белсенді жұмыс істеп келеді. Сонымен қатар инвесторлардың жылжымайтын мүлік нарығына деген қызығушылығы да артып отыр. Оның айтуынша, алдағы жылдары бұл үрдіс одан әрі күшейе түседі. «Қазақстанға қытайлық инвесторлар көптеп келеді деп күтілуде. Сонымен бірге…
Қытайдың Сицзан автономиялық ауданындағы Нагчу қаласында орналасқан Цянтан ұлттық табиғи қорығының орталық бөлігінен ағатын Сэньлун-Цангпо өзені жыл сайын тибет бөкендерінің жаппай көші-қонына куә болады. Бұл туралы SteppeNews.kz, «Жэньминь жибао» онлайн басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Жыл сайын шілде айында жүздеген шақырым қашықтықтағы маусымдық төлдеу орындарында дүниеге келген лақтар аналарына еріп, өздерінің тұрақты жайылымдарына қарай кері көшуді бастайды. Көші-қон кезінде жануарлар Сэньлун-Цангпо өзенінен бірінен соң бірі өтіп, ерекше табиғи көрініс қалыптастырады. Цянтан ұлттық табиғи қорығы қызметкерлерінің мәліметінше, соңғы үш жылда өзеннен өтетін тибет бөкендерінің саны ең төменгі есептің өзінде 150 мыңнан асқан. Бұл өңірдегі жабайы жануарларды қорғау жұмыстарының нәтижелі екенін көрсетеді. Тибет…