Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Президенті Владимир Путиннің шақыруымен Ресейге жұмыс сапарымен барады, деп хабарлайды SteppeNews.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Владимир Путиннің шақыруымен 25 шілде күні ХХІІ Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысу үшін Омбы қаласына сапармен барады
Іс-шара аясында мемлекеттер басшыларының кездесуі жоспарланған — деп жазылған Ақорда мәлімдемесінде.
