Ақтау қаласында Каспий теңізінің жағалауында Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне арналған «112 Resort Aktau» демалыс орталығы ашылды, деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Салтанатты ашылу рәсіміне Төтенше жағдайлар министрі, генерал-лейтенант Шыңғыс Әрінов, Ақтау қаласының әкімі Әбілқайыр Байпақов, департамент басшылығы мен ТЖМ ардагерлері қатысты.

Жоба министр Ақтау, 112 Resort Aktau, ТЖМ, Төтенше жағдайлар министрлігі, Шыңғыс Әрінов, Маңғыстау, демалыс орталығы, құтқарушыларжүзеге асырылған. «112 Resort Aktau» елімізде азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы мүшелеріне арнайы арналған алғашқы ведомстволық демалыс орталығы болып отыр.
Жоба аясында аумақта 45 заманауи капсулалық үй орналастыру жоспарланған. Қазіргі таңда қажетті тұрмыстық техника мен құрал-жабдықтармен толық жабдықталған жеті капсулалық үй пайдалануға берілді. Әр үй бір отбасының жайлы демалуына арналған.

Демалыс орталығында қонақтарға қажетті инфрақұрылым қарастырылған. Мұнда бақылау-өткізу пункті, әкімшілік ғимарат, мейрамхана, кафе, балалар ойын алаңы, екі субұрқақ, пирс, теңіз суы үздіксіз айналып тұратын бассейн және балалар бассейні бар.
Сонымен қатар аумақта ашық аспан астындағы душ, барбекю аймағы және автотұрақ орналасқан. Кешеннің аумағы абаттандырылып, асфальтталған кіреберіс және жаяу жүргіншілер жолдары төселген. Сыртқы жарықтандыру орнатылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілген.
Демалушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің Жедел-құтқару жасағы мен Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне арналған жеке үй де салынған. Мамандар мұнда тәулік бойы кезекшілік атқарады.
Ашылу рәсімі барысында жобаны іске асыруға белсенді атсалысқан құтқарушылар, азаматтар, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері мен кәсіпкерлер ТЖМ-нің ведомстволық наградаларымен марапатталды.

«112 Resort Aktau» орталығын құру ТЖМ-нің әлеуметтік саясатының бір бағыты ретінде жүзеге асырылып отыр. Жоба азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, сондай-ақ олардың және отбасы мүшелерінің демалып, күш-қуатын қалпына келтіруіне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Орталықтың алғашқы қонақтары нысанның құрылысы мен абаттандырылуына тікелей қатысқан құтқарушылар, өрт сөндірушілер және олардың отбасы мүшелері болды. Оларға демалыс орталығында демалуға сертификаттар табысталды.
