Өзбекстанның жастар құрамасы U-20 Азия кубогының іріктеу кезеңінде қатарынан екінші жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды SteppeNews.kz uznews.uz ақпараттық сайтына сілтеме жасап.
3 қыркүйекте Өзбекстан U-20 құрамасы Азия кубогының іріктеу кезеңіндегі екінші тур аясында Үндістан командасымен кездесті. Ташкенттегі «Достық» стадионында өткен ойын өзбекстандықтардың 4:0 есебімен жеңісімен аяқталды.
29-минутта Ұлықбек Марратов есеп ашты. Арада алты минут өткенде Қувончбек Абраев Өзбекстан құрамасының басымдығын арттырды.
Екінші таймда Шораһим Шорахмедов пен Нұрбек Сарсенбаевтан гол соғылып, кездесу 4:0 есебімен аяқталды.
Бірінші турда Өзбекстан құрамасы Бангладешті 2:0 есебімен жеңген болатын. Осылайша команда екі ойыннан кейін алты ұпай жинап, алты гол соқты және өз қақпасына бірде-бір доп жібермеді.
Өзбекстан U-20 құрамасы келесі матчын 6 қыркүйекте Сирияға қарсы өткізеді. Кездесу сағат 19:00-де басталады.
Егер Өзбекстан құрамасы Сирияны жеңсе, Азия кубогы U-20 турниріне тікелей жолдама алады.
