Алматыда Қала күніне орай 6 қыркүйекте GT SPORT FEST спорт фестивалі өтеді. Осыған байланысты Төле би көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. Бұл туралы SteppeNews.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Қалалық әкімдік мәліметінше, 6 қыркүйек күні сағат 00:00-ден 23:00-ге дейін Төле би көшесінің Назарбаев даңғылынан Абылай хан көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысы толық тоқтатылады.
Уақытша шектеу фестивальге қатысушылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ іс-шараны ұйымдастыру және өткізу мақсатында енгізіледі.
Жүргізушілерге сапар бағытын алдын ала жоспарлап, аталған көшедегі қозғалысқа енгізілетін уақытша өзгерістерді ескеру ұсынылады.
Айта кетейік, GT SPORT FEST фестиваліне шамамен 1000 әуесқой және кәсіби спортшы қатысады. Іс-шара бағдарламасында 3×3 стритбол, киберспорт, брейкинг, BMX және автошоу бар.
