Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 26 қыркүйекте Бішкек қаласында Бюбюсары Бейшеналиева атындағы Қырғыз ұлттық мәдениет және өнер университетінің жаңа оқу корпусының ашылу рәсіміне қатысты деп хабарлайды SteppeNews.kz akipress сайтына сілтеме жасап. Мемлекет басшысы жаңа ғимараттағы оқу жағдайымен танысты. Бес қабатты, жалпы аумағы 8615 шаршы метр болатын ғимаратта заманауи оқу аудиториялары, кітапхана, оқу залы, хореография және концерт залдары, асхана қарастырылған. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады. Іс-шара барысында сөз сөйлеген Садыр Жапаров мәдениетті сақтау, өнерге құрметпен қарау және талантты жастарды тәрбиелеу аса жауапты міндет екенін атап өтті. «Жаңа оқу корпусын салу – ұлттық мәдениетті дамытуға қосылған үлес және талантты жастарымыздың болашағына жаңа…
Автор: Saya
Алматыда болашақта роботаксиді сынақтан өткізуге қажетті деректер жинала бастады. Арнайы жабдықталған Yandex Qazaqstan автокөліктері қаланың жоғары дәлдіктегі цифрлық картасын жасау үшін жол инфрақұрылымы туралы ақпарат жинап жатыр. Бұл туралы SteppeNews.kz Алматы қаласының әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды. Көліктер қозғалыс барысында жол таңбаларын, бағдаршамдарды, жол белгілерін, қиылыстарды және инфрақұрылымның басқа да элементтерін тіркейді. Бұл үшін камералар, лидарлар мен өзге де сенсорлар қолданылады. Жиналған деректер негізінде Алматы көшелерінің егжей-тегжейлі цифрлық моделі жасалады. «Біз үшін жасанды интеллекттің қалыптасқан салалар мен күнделікті өмірді өзгертетін нақты жұмыс істейтін технологияға айналуы маңызды. Автономды көлік — осындай өзгерістің ең айқын мысалдарының бірі. Біз автономды автокөліктерді нақты қалалық ортада…
Цифрлық экономиканың қарқынды дамуы жағдайында жасанды интеллект Қытай мен Африка арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың жаңа драйверіне айналып келеді. Бұған оның түрлі салаларда практикалық қолданылуының кеңеюі әсер етіп отыр. Бұл туралы жаңа баяндамада айтылған деп хабарлайды SteppeNews.kz Синьхуа ақпараттық сайтына сілтеме жасап. «Қытай-Африка сауда-экономикалық ынтымақтастығы: прогресс және перспективалар – 2026» атты баяндама Қытайдың шығысындағы Чжэцзян провинциясының әкімшілік орталығы Ханчжоу қаласында 23–27 қыркүйек аралығында өтіп жатқан 5-ші жаһандық цифрлық сауда көрмесінде таныстырылды. Баяндамада жасанды интеллектіні қолдану Қытай-Африка ынтымақтастығы аясында болашақтағы мүмкіндік ретінде қарастырылатын бағыттан нақты жобалар кезеңіне жылдам өтіп жатқаны атап өтілген. Екіжақты ынтымақтастық аясында жасанды интеллект табиғи апаттардың алдын алу, денсаулық сақтау,…
25 қыркүйекте Алматыда Қазақстан–Қытай инвестициялық форумы өтті. Екі ел арасындағы іскерлік байланысты нығайтуға бағытталған ауқымды жиынға 600-ден астам делегат қатысты. Жиын басталар алдында форумға қатысушылар Маңғыстау облысындағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді бір минут үнсіздікпен еске алды. деп хабарлайды SteppeNews.kz. Форумды ҚР Сыртқы істер министрлігінің Инвестициялар комитетінің қолдауымен «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ ұйымдастырды. Жиынға Қытайдың жетекші корпорацияларының басшылары, отандық бизнес өкілдері, мемлекеттік органдар мен даму институттарының өкілдері қатысты. Форум екі ел арасындағы экономикалық көрсеткіштердің өсу кезеңіне тұспа-тұс келді. Былтыр Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымы 48,7 миллиард долларға жетсе, Қытайдан тартылған тікелей инвестициялар көлемі 2,8 миллиард долларды құрап,…
2026 жылғы 24 қыркүйекте Маңғыстау облысы аумағында Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің оқу-жаттығуы кезінде қайғылы жағдай болып, әскери қызметшілер қаза тапты. Қаза тапқандардың қатарында Маңғыстау облысындағы «Жас Батыр» спорт мектебінің тәрбиеленушісі, 20 жастағы Сержан Аяпберген Талғатұлы да болды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. Сержан бала кезінен спортпен айналысып, самбо мен дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстарға қатысқан. Ол спортта бірнеше жүлдеге ие болып, Маңғыстау облысының намысын түрлі деңгейдегі бәсекелерде қорғаған. Спорт мектебінің мәліметінше, Сержан самбодан кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері атанған. Сондай-ақ студенттер арасындағы ТМД ойындарында күміс медаль жеңіп алған. 2018 жылы Бішкекте өткен самбодан халықаралық турнирде 35 келіге дейінгі салмақта жүлдеге ие…
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери-тергеу бөлімшесі Каспий теңізінің жағалауында өткен «Хазар Қорғаны – 2026» оқу-жаттығуы кезінде болған қайғылы оқиғаға байланысты Қорғаныс министрлігінің бес лауазымды тұлғасын ұстады, деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап. Қызметке салғырт қарау және ауыр зардаптарға әкеп соққан кеме жүргізу қағидаларын бұзу фактілеріне қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғары және аға командалық құрамындағы жауапты лауазымды тұлғалар ұсталды. Ұсталғандардың қатарында ҚР Қарулы Күштері Әскери-теңіз күштері Бас қолбасшысының штаб бастығы – бірінші орынбасары, екі әскери бөлімнің командирі, сондай-ақ теңіз жаяу әскер ротасы мен катер командирлері бар. Олардың барлығы күдікті деп танылып, Ақтау…
24 қыркүйекте Маңғыстау облысында оқу-жаттығу кезінде Каспий теңізінде әскери қызметшілер арасында қайғылы жағдай болды. Оқиға кезінде 14 сарбаз қаза тауып, 3 еуі аман қалған. Олардың бірі Ақжол Темірәлиев ауруханаға жеткізілді. Бір күннен кейін оның жағдайы тұрақталғаны белгілі болды, деп хабарлайды SteppeNews.kz. 24 қыркүйекте Каспий теңізінде оқу-жаттығу өткізу кезінде әскери қызметшілер қиын жағдайға тап болды. Оқиғадан кейін іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді. Ақжол Темірәлиев облыстық ауруханаға жеткізіліп, қажетті медициналық тексеруден өтті. Дәрігерлер оны бақылауға алды. 25 қыркүйекте Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы әскери қызметшінің есін жиып, жағдайы тұрақталғанын хабарлады. «Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Әскери қызметші терапия бөлімінде ем қабылдап жатыр және медицина…
25 қыркүйек Қазақстанда Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезінде қаза болған әскери қызметшілерді еске алуға байланысты жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды. Каспий теңізіндегі іздеу-құтқару операциясы аяқталып, қайғылы оқиға салдарынан 14 әскери қызметшінің қаза болғаны белгілі болды. Үш әскери қызметші аман қалған, деп хабарлайды StepppeNews.kz. Қайғылы оқиға қалай болған еді? Оқиға 24 қыркүйекте Маңғыстау облысында оқу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде болған. Ауа райының күрт әрі күтпеген жерден нашарлап, желдің күшеюі салдарынан 17 әскери қызметші ашық теңізге ағып кеткен. Посмотреть эту публикацию в Instagram Публикация от Steppenews Kz (@steppenews_kz) Оқиғадан кейін Каспий теңізінің акваториясында ауқымды іздеу-құтқару операциясы жүргізілген. Жұмыстарды Премьер-министрдің орынбасары…
Қырғызстан делегациясының Қытайға жұмыс сапары аясында «Кыргызфармация» мемлекеттік кәсіпорны мен HUBEI TAIFU HOLDING GROUP CO., LTD. компаниясы арасында өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Бұл туралы SteppeNews.kz 24KG сайтына сілтеме жасай отырып хабарлайды. Кәсіпорын мәліметінше, ынтымақтастықтың негізгі бағыты – Қырғызстандағы фармацевтикалық логистикалық инфрақұрылымды дамытуға жеке инвестициялар тарту. Бұл бағытта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік тетігін қолдану мүмкіндігі қарастырылып отыр. Тараптар Бішкек пен Ош қалаларында заманауи автоматтандырылған фармацевтикалық логистикалық кешендер салуға бағытталған инвестициялық жобаларды алдын ала пысықтауда. Қазіргі таңда талқыланып отырған инвестиция көлемі шамамен 22 млн долларды құрайды. Жобаларда дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды автоматтандырылған және роботтандырылған сақтау, сұрыптау және жинақтау технологияларын енгізу…
Иран астанасы Тегеранда Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғау жөніндегі негіздемелік конвенцияның (Тегеран конвенциясы) Уағдаласушы тараптар конференциясының жетінші сессиясы өтті деп хабарлайды SteppeNews.kz ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасап. Жиынға Қазақстан Республикасының делегациясы да қатысты. Оның құрамына Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Сыртқы істер министрлігінің өкілдері кірді. КС-7 сессиясы Тегеран конвенциясының күшіне енгеніне 20 жыл толуына орай өтуімен ерекшеленді. Осы уақыт ішінде конвенция Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түрікменстан арасындағы Каспий теңізінің теңіз ортасын қорғауға қатысты ынтымақтастықтың негізгі өңірлік тетіктерінің біріне айналды. Сессия барысында Каспий өңіріндегі өзекті экологиялық мәселелер қаралды. Атап айтқанда, теңіз деңгейінің төмендеуі, бірегей…