Ақтау әкімдігі Каспий жағалауы мен суға түсу алаңдарын қоқыс қалдықтарынан тазартуға 17 миллион теңгеден астам қаржы жұмсамақ, деп хабарлайды Steppenews.kz ақпарат агенттігі. Мемлекеттік сатып алу сайтында көрсетілгендей, көрсетліген жұмыстар бойынша жеке кәсіпкер Д. Касымгалиевна конкурс жеңімпазы атанған. 2024 жылғы 5 маусымда Мемлекеттік сатып алу сайтында Ақтау қаласының жағалау аймағының тұнбалары мен теңіз балдырларын тазарту жөніндегі қызметтерге жалпы сомасы 17 857 143 теңгеге конкурс жарияланды. Байқауды ұйымдастырушы – «Ақтау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Конкурс 2024 жылдың 12 маусымында жеке кәсіпкер Д. Касымгалиевнаның жеңісімен аяқталды. Мемлекеттік сатып алу сайтында шарт туралы ақпарат жоқ. Техникалық спецификацияға сәйкес, мердігер жағалауды және…
Автор: qaztimes
Уимблдон турнирінде үш отандасымыз іріктеу кезеңінің жартылай финалына шықты. Әлемнің 163-ракеткасы Денис Евсеев рейтингіде өзінен 8 саты төмен тұрған франциялық Маттео Мартиноны қапы қалдырды. Екі сағат 20 минутқа созылған кездесуде Д.Евсеев камбэк жасай алды – 6:7 (4:7), 6:2, 7:6 (10:7). Ол 11 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Мартино 9 эйс, 3 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті. Рейтингіде 208-орында тұрған Бейбіт Жұқаев ерледі деуге болады. Ол әлемнің 154-ракеткасы, аустралиялық Юрий Родионовты жарыс жолынан тайдырды – 7:6 (7:5), 7:6 (9:7). Бір сағат 55 минутқа созылған бәсеке барысында Бейбіт эйс санын 21-ге жеткізіп, 3 брейк-пойнттың біреуін өз есебіне жазды. Родионов 3 эйс,…
Астана және Қазақстанның 16 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК. Кәсіпорынның болжамына қарағанда, 25-маусым күні Астана, Қарағанды, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар, Түркістан, Алматы Жетісу облыстарында күн күркірейді. Ұлытау, Қызылорда облыстарында жел күшейеді. Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай Абай облыстарында күн күркіреп, бұршақ жаууы мүмкін. Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында нөсер жауын мен бұршақ жаууы мүмкін.
Алматы қаласының «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Нұрсұлтан Шоқанов ӨКҚ брифингінде мегаполис кәсіпкерлері үшін «Almaty Business» жобасы әзірленіп жатқанын жеткізді. Нұрсұлтан Шоқановтың айтуынша, «Almaty Business» – бұл Өңірлік палата биыл жүзеге асырып жатқан бірегей жоба. «Almaty Business порталы құрылуда. Оған 4 негізгі компонент кіреді: бизнеске арналған онлайн-қызмет, оқыту, сауалнамалар және сараптама. Онда біз кәсіпкерлікті дамыту мақсатында бизнестің пайдасы үшін барлық цифрлық әзірлемелерді шоғырландыруға тырысамыз. Мұның бәрін біз қаланы дамытудың басымдықтарына байланысты жасаймыз», — деді ол. Алматы қаласы ӨКП директоры кәсіпкерлерге арналған порталда 30 жуық онлайн-қызмет болатынын атап өтті. Сондай-ақ порталда 2 мыңға жуық кәсіпкерден тұрақты түрде сауалнама жүргізіледі. Сауалнамаға қатысушыларды…
Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауданында су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арналған 60 үйдің құрылыс жұмыстары қарқынды түрде жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Ақсу ауылында – 23, Пугачевте – 12, Аралталда – 14, Кеңтүбекте 11 үй бой көтеруде. Бұлардың басым бөлігінде құрылыс жұмыстары 60 пайызға аяқталған. Аудандағы аталмыш тұрғын үйлердің құрылысымен танысқан облыс әкімі Нариман Төреғалиев аудан әкімдігіне, облыстық құрылыс басқармасына және мердігерлерге бірқатар тапсырма берді. «Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, құрылыс жұмыстарын жоспарға сай бітіруіміз керек. Бөрлі ауданында бірнеше ауылды аралап шықтым. Жұмыс қарқыны жақсы. Кейбір үйлердің құрылысына қосымша тағы да құрылысшыларды тарту қажеттілігін ескерттім», — деді Н.Төреғалиев. Фото: БҚО әкімдігі Бөрлі…
Бакуде күдікті адамды ұстамақ болған үш полиция қызметкері мен бір бейбіт тұрғын қаза тапты, деп жазады Анадолы агенттігі. Мәлімдемеде шабуылшының қасында болған отбасы мүшелерінің артына тығылмақ болғаны және мүмкіндікті пайдаланып, «Ланкастер» аңшы мылтығымен полицияға оқ жаудырғаны баса айтылған. «24 маусымда Бакудің Хазар ауданы Шувалан ауылында бірнеше рет сотталған, іздеуде жүрген Аллавердиев Ровшан Огтай оглы (1986 ж.т.) тұтқындау кезінде полиция қызметкерлеріне қарулы қарсылық көрсеткен. Салдарынан бір бейбіт тұрғын мен үш полиция қызметкері қаза тапты», — делінген бірлескен мәлімдемеде. Полиция қызметкерлері Аллавердиевті залалсыздандырды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде, делінген ведомствоның бірлескен хабарламасында.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дағыстандағы православие шіркеуі мен синагогаға лаңкестік әрекеттер жасалып, соның салдарынан дін және құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қаза болуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты. Мемлекет басшысы адамзатқа қарсы жасалған мұндай әрекетті үзілді-кесілді айыптайды, сондай-ақ, БҰҰ, ШЫҰ және басқа да беделді халықаралық ұйымдар аясында лаңкестікпен күресу үшін көпжақты ынтымақтастықты дамытуды қолдайды. «Қазақстан Президенті құқық қорғау жүйесі арқылы жедел-іздестіру шараларын жүргізуде көмек көрсетуге дайын екенін жеткізді», — деп жазды Ақорданың ресми сайты
Қайғылы оқиғалардың бәрінде қауіпсіздік шаралары сақталмаған. Осыған орай, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция және қоғам белсенділері теңіз жағалауында демалушыларға суда қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді. Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы Іс- шараға облыс әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның және облыстық аналар кеңесінің мүшесі Анар Шамшадинова, облыс әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Роза Махамбетова, облыстық аналар кеңесінің мүшесі Алтын Сақтағанова қатысты. — Шомылу маусымында қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында бүгінгі рейдті комиссия мүшелерімен бірге ұйымдастырып отырмыз. Ата-аналар мен балаларға ескерту жасадық. Халықтың амандығы біз үшін әрдайым бірінші орында. Балаларды жалғыз,…
Грекияның Гидра аралындағы орман өртінен кейін 13 адам қамауға алынды, билік өрттің шығуына «Персефони» яхтасынан ұшырылған отшашу себеп болды деп отыр, деп хабарлайды BBC. Грекияның климаттық дағдарыс жөніндегі министрі Василис Кикилиастың хабарлауынша, жұма күні шыққан өрт Афинаның оңтүстігіндегі әйгілі туристік аралдағы жалғыз қарағайлы орманның 300 шаршы метрін шарпыған. Жалын ауыздықталды, алайда бұл оңайға соққан жоқ. Жағажайға баратын жол жоқ болғандықтан, өрт сөндірушілер оған теңіз арқылы жетуге мәжбүр болды, ал тікұшақтар суды әуеден түсірді. Грек ақпарат құралдары қамауға алынғандардың барлығы «Персефони» суперяхтасының экипаж мүшелері екенін хабарлады. Салтанатты яхталардың бірнеше дилерінің мәліметінше, кеме жалдау 249 мың еуродан басталады. «Кейбір адамдардың қарағайлы орманға…
Жамбыл облысы Отар ауылында әскерде жүріп комаға түскен 19 жастағы сарбаз есін жиды. Бұл туралы сарбаздың әкесі Тимур Жаналин өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлім етті. «Ұзақ уақыт бойы бізге жан-жақты қолдау көрсетіп, ұлымыз үшін дұға еткендердің бәріне тағы да алғысымызды білдіргіміз келеді. Біз сіздерге ұлымыздың комадан шыққаны туралы қуанышты жаңалықты жеткізуге асықпыз. Қазір дәрігерлер айтқандай, ол саңырау күйде. Бізді таниды, бұрын жасалған трахеостомияға байланысты әлі сөйлей алмайды. Бірақ жағдайы ауыр, диализ жасалады. Ол шамамен 6-8 сағатты алады. Дәрігерлер қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр. Сол үшін оларға алғыс айтамыз», — Тимур Жаналин. Айта кетейік, Жамбыл облысында сарбаз жансақтау бөліміне түскен еді. Оқиға…