Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 469 – 474 теңге аралығында саудаланып жатыр. Ұлттық банктің 1 шілдеге арналған ресми бағамы — 1 долларға 471,46 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,53 теңге. Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 469 — 474 теңгеден сатылып жатыр. Ал, Алматыда доллар 470,9 — 471,1 теңге аралығында құбылып тұр. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,27 — 5,41 аралығында саудаланып жатыр. Айта кетейік, 28 маусым кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 6,20 теңгеге қымбаттап, 471,84 теңге болған.
Автор: qaztimes
Түркияның Измир провинциясының Торбалы ауданындағы мейрамханада болған жарылыс салдарынан алдын ала мәлімет бойынша бес адам қаза тауып, тағы 57 адам жарақат алды, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ ақпарат агенттігі. Агенттік мәліметінше, өрт сөндірушілер Айранджилар орамында орналасқан мейрамханадағы өртті ауыздықтады. Түркия Әділет министрлігінің басшысы Йылмаз Тунч әлеуметтік желіде хабарлағанындай, жергілікті уақыт бойынша сағат 14:43-те болған қайғылы оқиғаның себептері анықталып жатыр. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккендердің кейбірінің жағдайы ауыр. Измир губернаторы Сүлейман Эльбан журналистерге жарылыстан айналадағы 11 ғимараттың зақымдалғанын айтты. Билік өкілдері оқиғаға газдың жарылуы себеп болғанын жоққа шығармайды.
Қырғызстанның Ош облысындағы Ноокат ауданында жүрген селдің салдарынан мерт болғандар саны 9 адамға жетті, деп хабарлайды осы елдің Кабар агенттігі. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, Абшир-Ата ауылында кішкентай баланың денесі табылып, милицияға тапсырылды. Қазіргі таңда баланың кім екені анықталып жатыр. Селдің салдарынан құрбан болғандарды іздестіруге 373 адам жұмылдырылған. Осыған дейін Қырғызстанда жойқын селдің салдарынан қазақстандық балалар құрбан болып кетті. жоғалғаны хабарланды.
2024 жыл ішінде Алматы қаласы әкімінің қатысуымен іс-шараларға қызмет көрсету үшін 7 млн теңге жұмсамақ, деп хабарлайды SteppeNews.kz ақпараттық порталы. Техникалық сипаттамасында бұл қаржыға «отырыстар, конференциялар, кеңестер және шай үстелі» кіреді деп көрсетілген. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы ақпаратқа сүйенсек, өкілдік қызмет көрсетулер бір көзден сатып алу арқылы бекітілген. Яғни, шарт конкурссыз, тікелей жасалған. Тапсырыс беруші — Алматы қаласы Әкімінің аппараты, әлеуетті өнім жеткізуші ретінде i-dn жеке кәсіпкерлігі таңдалған. Ашық дереккөздерде ЖК директоры Айдын Қуанышбаевтың ет сату және ет өнімдерімен айналысатын бірнеше кәсіпкерлігі тіркелген. Келісімнің бастапқы сомасы 4 314 175 теңге болып бекітіліп, артынан қосымша келісім жасалып 7 000 000 теңгеге…
Грекия прокуратурасы жеке яхтадағы сегіз қазақстандық жолаушыға өткен аптада Сароник аралындағы Гидрада өрт шығуға қатысы бар деген айып тағып отыр, деп хабарлайды SteppeNews.kz ақпараттық порталы. Ekathimerini.com басылымының жазуынша, кәмелетке толмаған екі балаға айып тағылмаған. Сондай-ақ, Грек билігі айыпталғандарды ұстау үшін Қазақстанға көмек сұрап жүгінген, себебі яхтаны жалға алушылардың Грекиядан билік тарапынан сұраусыз кетіп қалған. Қазір алдын ала тергеу жұмыстары басталды. «Айыптауды шығаруға прокурордың өрт орнында тағайындаған сот-медициналық сараптамасы кезінде табылған жаңа дәлелдемелері түрткі болды. Өрт сөндірушілер өрт шыққан шығанақта отшашулардың қалдықтарын тапқаны хабарланды. Бұл ретте яхта капитаны мен бірінші көмекшісі ұсталды, ал қалған ұсталған экипаж мүшелері шектеулермен кепілге босатылды. Сонымен…
27 маусымда сағат 11.30-да Қарағанды қаласындағы Нерченская көшесінде әуе желісін жөндеу кезінде «Қарағанды Жарық» компаниясының 36 жастағы электромонтері ток соғып, мерт болды. Белгілі болғандай, марқұм Айдос Нүсіпбеков әріптесі Ернұр Еспаймен бірге ағаштарды қырқып, мұнарамен жоғары көтерілген. «Мен еңкейе бергенде оны ток соғып жатқанын аңғардым. Дереу әріптестерімді шақырып, оған алғашқы көмек көрсетуге тырыстық. Жедел жәрдем шақырдық, бірақ бәрі кеш болды», — дейді Ернұр. Айдостың туған-туыстары оқиға орнына жеткенде оның денесін мәйітханаға алып кеткен. Олар ер адамның қауіпсіздік ережелерін өзі бұзбағанын алға тартып отыр. «Айдос бұл салада 12 жылдан астам уақыт еңбек етті. Яғни, тәжірибелі мол. Әуе желісіне көтеріліп, жөндеуге кіріспес бұрын,…
Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, онда сегізінші сайланған Парламенттің екінші сессиясы ресми түрде жабылды. Бұл тұрғыда депутаттар биылғы 1 қыркүйекке дейін парламенттік каникул деп жарияланатыны туралы арнайы қаулы қабылдады. «Бүгін біз сегізінші сайланған Қазақстан Парламентінің екінші сессиясының жұмысын аяқтағалы отырмыз. Дәстүр бойынша атқарылған жұмысты қорытындылаймыз, келешекке жоспар құрамыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың саяси реформалары Парламент жұмысына жаңа бағыт-бағдар берді. Көппартиялы Парламент заң шығарушы органның қызметіне тың серпін әкелді, қоғамның түрлі идеологиялық көзқарастағы әралуан өкілдерінің келуі қабылданатын заңдардың сапасын арттыра түсті. Мұның бәрі — Қазақстан парламентаризмі тарихындағы жаңа кезеңге айналды», — деді Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов. Оның айтуынша, өткен…
Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті 10 483 500 теңгеге сәндік «рейкаларды» сатып алмақ, деп хабарлайды SteppeNews.kz ақпараттық порталы. Мемлекеттік сатып алу сайтындағы мәліметке сүйенсек, Қыздар университеті 2024 жылы 21 маусым күні келісім шарт құрып, 27 маусым күні келісім шартты бекіткен. Инфрақұрылымдық даму жөніндегі проректор Еркин Дусипов пен өнім беруші «Коргау» аталатын устав бойынша әрекет ететін басшысы Ержан Акимбаев тараптар негізінде шарт жасасқан. Сатып алу құны – 10 483 500 теңге. Бұл сомаға 1500 дана сәндік рейка сатып алынатындығы көрсетілген. Бір тауардың бағасы – 6989 теңге. Тараптар келісім шартында рейканың қылқанжапырақты ағаш діңінен сүріліп жасалуы қажеттігі қоса көрсетілген. Қылғанжапырақты ағашқа қарағай,…
Persefoni I кемесінің капитаны мен лейтенанты және экипаждың 11 мүшесі 21 маусымдағы Идра аралындағы өрт үшін тергеуші мен прокурордың келісімімен уақытша ұсталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі Euronews-ке сілтеме жасап. Ал экипаждың 11 мүшесі ай сайын жергілікті полиция бөлімшесіне тіркеліп, елден кетуге тыйым салынып, кепілмен босатылды. Адвокаттардың айтуынша, экипаждың жеті мүшесі үшін 10 000 еуро, ал қалған төртеуіне 20 000 еуродан кепілдік берілген. Істі қарау үшін Идра портының билігі жағалау күзеті қадағалайтын теңіз аймағында болған барлық қайықтан мағлұмат жинады, өйткені көрші шығанақтағы басқа кеменің куәгерлері өрт шыққан аймақтағы қайықтан отшашу атылды деп шағымданған. Соңғы мәліметтер бойынша, яхта капитаны яхтадан ешқандай отшашу…
Алматыда Мақатаев пен Масаншы көшелерінің қиылысында адам өліміне әкеліп соққан жол-көлік апатына 5:32» сериалының продюсері Анель Сартаева (Уалиева) себепкер болуы мүмкін. Мұндай ақпарат БАҚ беттерінде пайда болды. CMN.KZ жазуынша, «Salem Social Media» медиа-компаниясының продюсері 28 жастағы Әнел Сартаева (Уалиева) KIA Sportage көлігін тізгіндеген. Ол «5:32», «Эскорт», «1286» және басқа да танымал қазақ телехикаяларын түсірді. Еске салайық, Алматыда 18-ші бағыттағы автобус апатқа ұшырап, бір адам қаза тапты. Полиция департаменті жол апатына себепкер болған жеңіл көлік жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ рөлде әйел адам болғанын атап өтті.