Махачкала мен Дербентте содырлардың шабуылына байланысты Дағыстан аумағында үш күн аза тұту жарияланды. Бұл туралы республика басшысы Сергей Меликов әкімшілігінің Telegram арнасы хабарлады. «24, 25 және 26 маусым күндері Дағыстанда аза тұту күні деп жарияланды. Жарлыққа жаңа ғана Сергей Меликов қол қойды», — делінген хабарламада. Бүкіл республика бойынша аза тұту күндері мемлекеттік тулар жартылай төмен түсіріледі. Өңірде орналасқан мәдениет мекемелері мен телерадиокомпаниялар барлық ойын-сауық шаралары мен хабарларын тоқтатады. «Дағыстан Республикасының үкіметіне қаза болғандар мен зардап шеккендердің отбасыларына көмек көрсету үшін тиісті шараларды қабылдау тапсырылды», — деп атап өтті билік өкілдері.
Автор: qaztimes
Сауд Арабиясында қажылық кезінде 1,3 мыңнан астам қажы қайтыс болды. Бұл туралы корольдіктің денсаулық сақтау министрі Фахд бен Абдель Рахман аль-Джаляджель мәлімдеді, деп жазады ТАСС агенттігі. «Қажылық кезінде қайтыс болғандар саны 1301 болды, олардың 83 пайызында тиісті виза болмаған», — деді министр «Әл-Ихбария» мемлекеттік телеарнасында. Бұған дейін хабарланғандай, қаза болған қажылардың саны 1,1 мыңнан асып жығылады, оның жартысынан көбі Мысыр азаматтары. Қажылық кезінде 672 мысырлық қажы қайтыс болды, олардың тек 31-іне ғана Сауд Арабиясы билігі арнайы виза берген. Қалғандары тіркелмей, заңсыз қажылық жасаған. Сауд Арабиясындағы бірнеше араб елдерінен келген дипломатиялық дереккөздің хабарлауынша, тіркелмеген қажылар кондиционері бар демалыс орындарын пайдалана алмай,…
Түркістанда тұрғындар мен еріктілер “Таза Қазақстан” ұлттық жобасы аясында өткен сенбілікке белсене қатысты. Бүгінгі шара барысында қаладағы 26 аумақ тазартылды. Сенбілікке 1000-ға жуық адам қатысып, көше бойларын тазалап, жиналған қоқысты және кесілген ағаштарды тасымалдауға коммуналдық мекемелердің қызметкерлері мен 20-дан астам техника жұмылдырылды. Қураған өскіндерді қырқуға 50 арнайы техника пайдаланылды. Қала әкімі Нұрбол Тұрашбеков сенбілік жұмыстарын бақылап, тазалық шараларының дұрыс орындалуын тексерді. Әкім ұлттық жоба аясында бекітілген тапсырма-жоспардың орындалуын жеке қадағалайтынын айтып, сектор басшыларына көпқабатты үйлердің аулаларын күтіп-ұстау және тазалық шараларын ұйымдастыруда Мүлік иелері бірлестігінің белсенділігін арттыру қажеттігін ескертті. Түркістандағы тазалық шаралары қала тұрғындары мен еріктілердің ортақ күш-жігері арқасында сәтті жүзеге…
Әлеуметтік желіде Алматыдағы құрылысшы басшысына балтамен шабуыл жасағаны туралы ақпарат тарады. Желідегі мәліметі бойынша 29 жастағы құрылысшы өзінің басшысына балтамен шабуыл жасап, мойнын жарақаттаған. 38 жастағы жәбірлеуінші ауруханаға жатқызылды. Аталған жағдайға байланысты Алматы қаласының Полиция департаменті түсініктеме берді. «Өлтіруге әрекеттену дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстың басқа да мән-жайлары анықталып жатыр», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметінен.
Егістікті шегірткеден қорғау шаралары Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат мәжілісінде талқыланды. Облыс әкімі жауапты сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеп, қауіп толық сейілгенше жұмыстарды тоқтатпауды тапсырды. Ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін кері әсердің алдың алу үшін ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Түркістан облысы әкімдігі тарапынан келісілген шегірткеге қарсы қосымша химиялық өңдеу жұмыстарының негізгі бөлігі жүргізілді. Қазіргі таңда қауіп сейіліп, жағдай тұрақтанды. Болжам бойынша, өңірде шегірткелердің таралу аумағы 271,5 мың гектарды құрады, іс жүзінде 340 мыңнан астам гектар өңделді. Яғни, өңірде қосымша 70 мың гектарға жуық аумақта химиялық өңдеу жүргізілді. Шегірткенің белсенді өсу кезеңінде жұмысты күшейту үшін қосымша техникалар…
Кісі өлтірген күдікті ұсталып, Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Павлодар қаласы Мүткенов көшесінің бойында жантүршігерлік кісі өлтіру оқиғасы болды. Екі ер адам тұрғын үйлердің ауласында жанжалдасып, бірі екіншісін пышақтап өлтірген. Оқиға күндізгі уақытта, аулада тұратын тұрғындардың көзінше өрбіген. «Қазіргі уақытта күдікті ұсталып, Павлодар қаласы полиция басқармасы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Кісі өлтіру фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Қылмыстың мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады», — деп хабарлады Солтүстік полиция бөлімі бастығының орынбасары Жарас Ибраев.
Орал қаласындағы «Ел ырысы» базарында газ баллоны жарылып, 10 адамның зардап шегуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды. Орал қаласы ТЖ басқармасының аға анықтаушысы, азаматтық қорғау аға лейтенанты Мирлан Таңаттың мәлім еткеніндей, газ баллоны Құрбан айтқа байланысты ашық алаңда қойдың басын үйіту кезінде жарылған. Оның сөзіне қарағанда, осы дерек бойынша ҚР ҚК 292-бабы 1-бөлігіне (өрт қауiпсiздiгi талаптарын бұзу) сәйкес қылмыстық іс қозғалып, өрт-техникалық сараптама тағайындалды. Зардап шеккендердің ішінде жансақтау бөлімінде жатқан ер адамдардың бірінің денесін қатты күйік шалған. БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған оқиға бойынша ТЖ департаменті тергеу амалдарын жүргізіп жатқанын жеткізді. Аталмыш бап бойынша айыпты деп танылған адам белгiлi бiр лауазымдарды…
ҚР Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысы Отар ауылындағы әскери бөлімде мерзімді қызметін өтеп жатқан сарбаздың комаға түсуіне қатысты мәлімдеме жасады. «9 маусымда Жамбыл облысының Қордай аудандық орталық ауруханасына Гвардейск гарнизонының мерзімді қызметтегі әскери қызметшісі шұғыл жатқызылды. Бастапқыда өзін әлсіз сезініп, қызуы көтерілген сарбаз Гвардейск гарнизонындағы әскери госпитальдің жұқпалы аурулар бөліміне жеткізілген болатын. Медициналық тексерулер мен зерттеулер әскери қызметшіден екіжақты полисегментті пневмония анықтады. Науқастың жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Қазір оған барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Сонымен бірге ол жерде Қорғаныс министрлігі әскери клиникалық госпиталінің құрамына анестезиолог, реаниматолог және терапевт дәрігерлер кіретін көшпелі бригадасы жұмыс істеп жатыр», — делінген хабарлама. Әскери қызметші емдеу мекемесіне түскен…
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының үшінші ойын күнінде C тобындағы Словения мен Дания құрамалары тең ойнады. Екі құрама қазақстандық жанкүйерлерге жақсы таныс. Екеуі қазақстандық футболшылармен бірге іріктеу кезеңінде H тобында ойын көрсетті. Ел құрамасы өз алаңында Данияны 3:2 есебімен жеңіп, сенсация жасаған болатын. Дегенмен, сырт алаңда оларға 1:3 есебімен есе жіберді. Ал Словениядан екі ойында да 1:2 есебімен жеңіліп қалды. Соған қарамастан олармен кездесуде лайықты төтеп бере білді. Бүгінгі кездесуде Словения мен Дания 1:1 есебіне қанағат білдірді. Ойын барысында даниялық Кристиан Эриксен 17-минутта есеп ашса, словениялық Эрик Янжа таразы басын теңестіріп кетті. Енді сағат 23:55-те С тобындағы Сербия мен Англия…
Тараз көшелерінің бірінде құбыр жөндеу жұмыстары үшін қазылған терең шұңқырға көлік түсіп кетті, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. «16 маусымда сағат 17:50-де Төле би даңғылынан Абай даңғылы бағытындағы «Лексус RX300» маркалы автокөлігінің жүргізушісі 3.1 Кіруге тыйым салынады және 1.23 Жөндеу жұмыстары атты жол белгілерін елемей, магистральдық құбыр жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан автожолдың жабық учаскесіне кіріп, қоршалмаған шұңқырға құлаған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші, оның әйелі және екі кәмелетке толмаған баласы зардап шеккен» делінген хабарламада. Полиция қызметкерлері мердігер ұйымға қатысты қылмыстық іс қозғады. Тергеуге дейінгі тексеру жүргізілуде. Көлік жүргізушісі жол белгілерін елемегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылатын болады. Ал, әлеуметтік желіде…