БТА банк пен Алматы қаласының әкімі АҚШ-та Әбілязовпен істес болған Феликс Саттерге қарсы өткен сотта жеңіске жетті. Банктің баспасөз қызметі осындай ақпарат таратты. Банктің ресми мәліметіне сенсек, Нью-Йорктің оңтүстік округі бойынша АҚШ оңтүстік округтік сотының қазылар алқасы БТА банк пен Алматы әкімдігінің пайдасына 32 млн доллардан астам өтем тағайындаған. Үш аптаға созылған сот процесінде төрт ер адам мен бес әйел адамнан тұратын қазылар алқасы Феликс Саттер, Bayrock Group Inc., Global Habitat Solutions пен MeM Energy Partners LLC бастамашы болған сот ісінде БТА банк пайдасына шешім шығарған. Нақтырақ айтсақ, БТА банк пен Алматы әкімдігін Ф.Саттердің әрекеттерінен зардап шегуші деп таныған. Ал…
Автор: qaztimes
Астана қаласының әкімі шахматтан әлем чемпионы Қазыбек Нөгербекке екі бөлмелі пәтердің сертификатын табыс етті. Әлемдік шахмат спортында тамаша табыстарға қол жеткізген Қазыбек Нөгербек өзінің мансабында бірнеше жетістіктерге жетті. Соның ішінде 20 жасқа дейін әлем чемпионы атағын иеленді. Оның Үндістанда өткен әлем чемпионатындағы соңғы жеңісі ерекше назар аудартады, онда ол әлемнің түкпір-түкпірінен келген 120 қатысушының ішіндегі мықты бәсекелестерінен оқ бойы озып шықты. Фото: Астана әкімдігі Салтанатты жиында Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Қазыбек Нөгербекті жеткен жетістігімен құттықтап, «Damu Development Group» консорциумы берген баспана алу сертификатын табыс етті. Шараға қатысқан елордалық федерация президенті А.Е.Сағымбаев спортшының жетістіктерін мақтан етіп, алдағы уақытта жаңа белестерді…
Боливияда әскерилер ел үкіметін өз бақылауына алуға талпынғанымен мемлекеттік төңкеріс сәтсіз аяқталды. The Associated Press. жазуынша елде үш сағат бойы билікті әскери күшпен басып алудың қарқынды сценарийі байқалды. Көшелер әскерилерге толып, бронды техникалар ел астанасы Ла-Пастағы үкімет сарайының есігін қағып, президент Луис Арсе үкіметін бақылауға алды. Жоғары дәрежелі генерал Хуан Хосе Суньиги әскери күштер елді құртып, оны дағдарысқа апаратын саясаткерлердің әрекеттерінен шаршағанын, осыған байланысты қарулы күштер «нағыз демократияны» қалпына келтіруге ниетті екенін айтты. Бірақ президентті құлату әрекеті сәтсіз аяқталған. Жеме жемге келгенде Л.Арсенің саяси қарсыластары да демократияны қорғау және көтерілісті болдырмау үшін президентті қолдап шыққан. Бір сағат өтпей-ақ президент Л.Арсе…
Жезқазғанда балабақша ұйымдары бір нанды 475 теңгеге сатып алған. Дәл осындай схемамен жұмыс істеген 12 мектепке дейін ұйым анықталды, деп хабарлайды Steppenews.kz. Ұлытау облысында білім беру ұйымдары 85 теңгелік нанды кәсіпкерлерден 475 теңгеге сатып алып келген. Белгілі болғандай, Жезқазған қаласындағы 12 мектепке дейінгі ұйымда жеке кәсіпкерлерден әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын жоғарылатылған бағамен сатып алған. Мәселен, килограмы 303 тг болатын қантты 750 теңгеге, 232 теңге болатын қарақұмық жармасын 580 теңгеге, 179 теңге тұратын айранды 450 теңгеге, бір бөлкесі 85 теңге болатын нанды 475 теңгеге, сондай-ақ 43 теңге болатын бір жұмыртқаны 65 теңгеге сатып алған. «Қабылданған шаралардың нәтижесінде өнім берушімен қосымша…
Жуырда екі жыл бойы талқыланған «Масс медиа» туралы Заңға Тоқаев қол қойды. Заң 2024 жылғы 20 тамызда қолданысқа енгізіледі, жекелеген баптар 2025 жылғы 1 қаңтарда күшіне енеді. Медиа сарапшылар жаңа заңдағы ереже мен нормалар үлесі 10% аспайтындығын айтады. Осы орайда Steppenews.kz тілшісі заңда не өзгергенін және қандай бапқа назар аудару маңызды деген сауалдарға жауап іздеп көрді. Сарапшылар, жаңа заң Қазақстандық, шетелдік БАҚ-тарды мемлекеттік реттеуді күшейтетінін, сондай-ақ, заңға тәуелді актілер арқылы жүзеге асырылатын декларативті норма көп екендігін айтады. ЖУРНАЛИСТЕР ҮШІН НЕ ӨЗГЕРЕДІ? Ар намыс, іскерлік беделді қорғау жөніндегі БАҚ материалдарына немесе мақалалар мен сюжет авторларына шағымданудың мерзімі бір жылға дейін қысқарды.…
Мәжіліс депутаты Айдос Сарым Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын майшелпекке теңеді. «Зейнетақы қорындағы, қанша түскенін, оның қалай азайып, көбейгенін қазір компьютерден телефондағы қосымшадан күнделікті көріп отырамыз. ӘМСҚ дегеніміз бір майшелпек. Бәріміз ай сайын ақша аударып жатырмыз. 10 жылда бір баратын шығармыз, бес жылда бір баратын шығармыз. Осы жауапкершілік мәселесін жетілдіріп, әр азаматтың қордағы ізін көрсету мүмкіндігі бар», — деп сұрады ол Мәжілістің жалпы отырысында. Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова бұл мәселені реттеу келесі жылға қалдырылғанын айтты. «ӘМСҚ-ға неше азаматтың қатысып жатқаны, қанша қаражат төленіп жатқаны туралы ақпараттың бәрі Еңбек министрлігінің жүйесінде толық көрініп тұр. Қордың интеграцияланған жүйесі болмағандықтан азаматтар өздеріне қанша қаражат…
Елімізде атмосфералық құрғақшылық басталу қаупі бар аумақтар ұлғайып келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК бас директорының бірінші орынбасары Серік Сайыров айтып берді. Оның айтуынша, шілде айында Қазақстан аумағында ылғалдану жағдайы көбінесе көпжылдық мәндерге жуық болады деп күтілуде, алайда нақты қалыптасқан ауа райы жағдайларын және алдағы ай болжамын ескере отырып, құрғақшылық күтілетін аудандар тізімі жасалды. Олар: • Қостанай облысының Амангелді және Жангелді аудандарында; • Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында, Байғанин, Ойыл, Хромтау және Шалқар аудандарында; • Қарағанды облысының Шет ауданында; • Ұлытау облысының Ұлытау және Жаңаарқа аудандарының жеке пункттерінде; • Алматы облысының Балқаш және Жамбыл аудандарында; • Жамбыл облысының Мойынқұм, Жуалы және…
Қоғамдық орындар мен көшеде жасалған қылмыстардың саны бойынша Түркістан, Кентау қалалары мен Сарыағаш, Сайрам, Жетісай, Төлеби аудандары көш бастап тұр. Аталған мәселе Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының отырысында жан-жақты талқыланды. Өңірде бейнекамералардың көмегімен жыл басынан бері 100 қылмыс ашылып, 10 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Мәселен, кәмелетке толмағандар жасаған вандализм фактілері көшедегі бейнекамераларға түсіп қалған. Атап айтар болсақ, автобус аялдамасының әйнегін, көшедегі тренажер мен ойын автоматын сындырғандарға қатысты заңды шешім қабылданды. Биыл тағы 450 бейнекамера орнату жоспарланып отыр. Облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағланбек Айтбаевтың сөзіне сүйенсек, Түркістан облысы бойынша қоғамдық орындар мен…
Жексенбі күні Израиль әуе күштерінің Газа қаласына жақын маңдағы оқу колледжіне жасаған шабуылынан 8 палестиналық қаза тапты. Оқу орны көмек тарату және анклавтың қоныс аударған тұрғындарын орналастыру үшін пайдаланылды. Әуе соққысы БҰҰ Палестиналық босқындар ісі жөніндегі агенттіктің Газа секторындағы негізгі штаб-пәтері саналатын колледждің негізгі қақпасына соғылған. Ұйымның оқу-жаттығу кешені анклавтың солтүстігіндегі Газа қаласында орналасқан және әуе шабуылы салдарынан бірнеше палестиналық жараланған. Бұл нысан Газаға келетін гуманитарлық көмектің аз мөлшерін тарату үшін пайдаланылады. Куәгерлердің айтуынша, әуе шабуылы салдарынан қаза тапқандар мен жараланғандар бар. Шабуылға түсінік берген Израиль әскерилері бұл ғимаратты «террористік әрекеттерге қалқан» етіп, оны палестиналық ХАМАС пен Исламдық жиһад топтары…
Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданында жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында бағалы металдарды іздеу үшін тиісті лицензиясыз жер қазумен айналысқан заңсыз кеншілердің екі тобы анықталды, деп хабарлайды Steppenews.kz Табиғат қорғау прокуратурасына сілтеме жасап. Өз мақсаттарын іске асыру мақсатында кеншілер 4 металл іздегішті пайдаланған. Сонымен қатар, жайылымдық жерлерде арнайы техниканы пайдаланып жер қойнауын заңсыз өндіру салдарынан қоршаған ортаға зиян келтіру фактісі анықталды. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін полицияға жіберілді. Бұл ретте полицейлер жайылымдық жерлерді пайдалану кезінде зардап шеккендерді анықтау шараларын жүргізіпи жатыр.