Жаңалықтар

Маңғыстауда жаз басталғалы 6 адам суға батып кетті

 Қайғылы оқиғалардың бәрінде қауіпсіздік шаралары сақталмаған.

Осыған орай, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері, полиция және қоғам белсенділері теңіз жағалауында демалушыларға суда қауіпсіздік талаптарын сақтау бойынша түсіндіру жұмысын жүргізді.

теңіз
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы

Іс- шараға облыс әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның және облыстық аналар кеңесінің мүшесі Анар Шамшадинова, облыс әкімі жанындағы әйелдер ісі және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мүшесі Роза Махамбетова, облыстық аналар кеңесінің мүшесі Алтын Сақтағанова қатысты.

— Шомылу маусымында қайғылы оқиғалардың алдын алу мақсатында бүгінгі рейдті комиссия мүшелерімен бірге ұйымдастырып отырмыз. Ата-аналар мен балаларға ескерту жасадық. Халықтың амандығы біз үшін әрдайым бірінші орында. Балаларды жалғыз, қараусыз қалдырмайық. Тыйым салынған жерлерге суға түспеу керек. Өйткені от пен су — тілсіз жау, — деді Анар Шамшадинова.

Сондай-ақ, Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Бектас Мұратов сенбі күні кәмелетке толмаған екі бала жоғалып кетіп, төтенше жағдайлар қызметкерлерігің көмегімен табылғанын айтты.

шомылу
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы

Суға түсу маусымы басталғалы 6 адам суға кеткен. Оның ішінде екеуі — кәмелет жасына толмаған бала.

— Суға бату фактілері жабдықталмаған орында жиі кездеседі. Тыйым салынған орындарда суға түскен жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Судағы қауіпсіздік ережелерін кез келген жерде сақтау қажет. Күнделікті теңіз жағалауында ТЖД 9 мобильді бекеті кезекшілік атқарады. Ал демалыс күндері 17 мобильді бекетке дейін көбейтіледі, -деді Бектас Мұратов.

Бұдан бөлек, құзырлы орган қызметкерлері рейд шараларын күшейтті.

рейд
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы

Оған 200 ге жуық адам жұмылдырылып, судағы қауіпсіздік ережелері бойынша 650 жадынама таратылды.

Бұған дейін Маңғыстауда 13 жасар жасөспірімнің суға кеткенін жазған едік.

шомылу
Фото: Маңғыстау облыстық қоғамдық коммуникация орталығы

Добавить комментарий