Автор: qaztimes

Қазақстандық спортшы Асу Алмабаев аралас жекпе-жектен Лас-Вегаста (АҚШ, Невада штаты) өткен UFC on ESPN 58 турниріне қатысты, деп хабарлайды Sports.kz. Асу америкалық Хосе Джонсонмен (16-8) жекпе-жекке шықты, бұл кездесудің қазақстандық үшін тарихи маңызы зор еді. Себебі Асу UFC турнирінде алғаш рет өнер көрсетіп отыр. Ең жеңіл салмақтағы кездесу үш раундқа есептелген болатын және ол төрешілердің бірауыздан шешімімен Алмабаевтың пайдасына шешілді. Осылайша, Асу Алмабаев кәсіби мансабында 20-шы жеңісіне қол жеткізді. Ал, Хосе Джонсон осымен 9 рет жеңілді. Спортшылардың UFC-дегі жетістіктеріне келетін болсақ, Алмабаевта 3-0, Джонсонда – 1-2.

Read More

Ресей Федерациясының Тергеу комитеті 10-нан астам адамның азық-түлік жеткізу қызметі арқылы тапсырыс берген өнімдерден улануына қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы Ресей Тергеу комитетінің Мәскеу бойынша Бас тергеу басқармасы басшысының аға көмекшісі Юлия Иванова мәлім етті, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі. «14-15 маусым аралығында 10-нан астам адам тамақтан улану белгілерімен қалалық ауруханаларға медициналық көмекке жүгінген. Ресей ТК Мәскеу қаласы бойынша Бас тергеу басқармасына қарасты Солтүстік-Батыс әкімшілік округі бойынша Тергеу басқармасының ерекше маңызды істерді тергеу бөлімі РФ Қылмыстық кодексінің 238-бабымен (тұтынушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігіне қойылатын талаптарға сай келмейтін қызметтерді көрсету) қарастырылған қылмыстық іс қозғады», — деді ол. Тергеушілер өнім сатылатын…

Read More

Қазақстанның медицина саласының өкілдері кәсіби меркелерін атап өттті. Медицина қызметкерлері күні жыл сайын маусым айының үшінші жексенбісінде мерекеленеді. Бұл күнді атап өту ҚР Президентінің 1998 жылғы Жарлығымен белгіленді. Медицина қызметкерінің мерекесін тойлау дәстүрі КСРО болғаннан бері сақталып келеді – ол кезде Қарулы Күштер Президиумының 1980 жылғы 1 қазандағы қаулысымен бекітілген. Одақ ыдырағаннан кейін кейбір елдерде мереке тоқтатылды, ал кейбіреулерінде ол басқа күнге ауыстырылды. Бұл күні Армения, Беларусь, Молдова, Ресей және Украинаның медицина қызметкерлері де құттықтаулар қабылдайды.

Read More

«Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы ауа сапасына болжамын жариялады. 17 маусымда Ақтөбе, Алматы, Астана, Атырау қалаларында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтілуде. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Read More

 Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев туризмді дамыту жөнінде кеңес өткізді. Президенттің пікірінше, отандық туризмді тежейтін елеулі түйткілдің бірі — көлік инфрақұрылымының нашарлығы.  — Еліміздегі теміржол саласы сын көтермейді. Вагондардың көбі әбден ескірген. Кейбір вагондарда, тіпті, кондиционер де жоқ. Үкімет алдағы бес жылда вагондар паркін жаңартуға тиіс. Бұл жұмысты созбай, жедел аяқтау қажет. Сондай-ақ теміржол стансаларының аумағын абаттандыру керек, барлығы халықаралық стандарттарға сай болуға тиіс. Жаз айларында жолаушылар саны күрт артатыны белгілі. Жұрт жиі баратын жерлерге жайлы вагондары бар пойыздарды көбейту қажет. Бұл — өте жедел атқаратын міндет. Автомобиль жолдарының сапасы да нашар. Әсіресе, шалғайда орналасқан демалыс аймақтарына көлікпен жету оңай емес. Тіпті, өте қиын. Тасжол…

Read More

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Молдова Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады. Күдікті 2021-2022 жылдар аралығында Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелерімен бірге жүйелі түрде заңсыз экономикалық және қаржылық алаяқтықты жүзеге асырған. Оның рөлі — қаланың белгілі бір банктерінде шот ашу, бүркеме мәміле бойынша алғашқы бухгалтерлік құжатта тауарларды сатып алу-сату, жұмысты орындау, қызмет көрсету жөніндегі мәмілелерді көрсету секілді әрекеттер. Қылмыстық топ салық төлемеген. Осының салдарынан мемлекетке 1,4 млрд теңгеге жуық сомада залал келген. Бұл қылмыстық топқа қатысушылардың бір бөлігі ұзақ мерзімге сотталған, ал күдікті қылмыс жасағаннан кейін жасырынып, оған халықаралық іздеу жарияланған. Мамыр айында…

Read More

Атырау облысындағы Махамбет ауданында су тасқынынан шурауа қожалықтары зардап шекті. Осы аудан аумағымен өтетін Атырау-Орал трассасының бірнеше тұсы жырылды. Махамбет ауданының әкімі Қайрат Нұрлыбаевтың айтуынша, қазір егістік алқабын, өзге жер телімін су басқан шаруа қожалықтарының жетекшілерінен өтемақы алу үшін өтініш қабылдау басталған. «Жайық өзенінің арнасынаа шыққан су тасқыны кезінде 100-ге жуық шаруа қожалығы зардап шекті. Қазір арнайы комиссия құрылып, жұмысын бастады. Шаруа қожалықтарынан өтемақы үшін өтініш қабылданып жатыр. Заңдылыққа сәйкес, шаруашылықтардың суда қалған жері әбден құрғаған соң тиісті зерделеу, бағалау жұмысы жалғасады», — деді Қайрат Нұрлыбаев. Оның айтуынша, Махамбет ауданында Жайық өзенінің жағалауына орналасқан 17 елді мекен бар. Елді мекендерді…

Read More

2023 жылдың 7 қазанынан бері Израиль армиясының Газа секторындағы шабуылдары салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 37 мың 202 адамға жетті. Газадағы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тек соңғы 24 сағаттың ішінде израильдік әскерилер 3 рет шабуыл жасаған, соның салдарынан 38 палестиналық қаза тауып, 100 адам жараланған, деп жазады Anadolu. Израильдің Газаға 250 күннен астам жасаған шабуылдары салдарынан жараланғандардың жалпы саны 84 932-ге жетті. Қаза тапқандардың денелері әлі қираған ғимараттардың астында, жол жиектерінде жатыр. Жедел жәрдем және азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмай отыр. Бұған дейін Израильді геноцидте айыптаған Халықаралық сот Тель-Авивтен Израиль шабуылдарының жалғасуы салдарынан 1 миллионнан…

Read More

Күдіктілер жәбірленушінің іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпауы үшін ақша алып тұрған сәтінде қолға түсті. Бұл туралы Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Түркістан облысы полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы мен Сайрам аудандық полиция басқармасының қызметкерлері бопсалаудың бірнеше фактілеріне қатысы бар екі блогерді анықтады. Күдіктілер ұзақ уақыт бойы Сайрам ауданының аумағындағы түрлі ұйымдардың басшыларына қоқан-лоққы жасап, ақша бопсалаумен айналысып келген. «Қазіргі уақытта күдіктілер қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Күдіктілердің бірі бұрын сотталған» — делінген Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратта.

Read More

Досымен Есіл өзенін кесіп өтуге бәстескен 2007 жылы туған жеткіншек суға кетті. «12 маусымда Астанада Есіл өзенінде 2007 жылы туған жасөспірім суға батып кетті. Бозбалалар өзеннің бір бетінен келесі бетіне жүзіп өтуге бәстескен. Алайда оқиға соңы, өкінішке қарай, жасөспірімнің суға батуымен аяқталып отыр», — делінген Астана қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің ақпарында. Елордалық құтқарушылар сағат 19:02-де жеткіншектің денесін судан алып шыққан. Осы орайда, қалалық ТЖД тұрғындарға суға түскенде қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін тағы бір ескертеді.

Read More