Өткен жаздағы ауқымды орман өрті Испанияға мықты, тұрақты және қорғалған өрт сөндіру қызметі қажет екенін көрсетті, деп мәлімдеді ел үкіметі. Испания үкіметі орман өртімен күресетін өрт сөндірушілерге жалпыға бірдей белгіленген жастан бес жыл ерте зейнетке шығуға мүмкіндік беретін қаулыны мақұлдады. Бұл туралы елдің Интеграция, әлеуметтік қамсыздандыру және көші-қон министрі Эльма Саис хабарлады. — Осы арқылы біз осы санаттағы қызметкерлер алдындағы міндетімізді орындаймыз. Олардың зейнетке шығу шарттарын басқа өрт сөндірушілердің жағдайымен теңестіріп отырмыз, — деді министр. Оның айтуынша, өрт сөндірушілерге зейнетақымен қамтуды жақсарту олардың жұмысының ауыр, уытты, қауіпті әрі денсаулыққа зиянды болуына байланысты қабылданған шешім. — Өткен жаздың ауыр әрі қайғылы…
Автор: qaztimes
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігі оңтүстік циклонның ықпалында болып, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. — Тек елдің батысы мен оңтүстік-батысында жауын-шашынсыз ауа райы болады. Республика бойынша жел күшейіп, оңтүстікте шаңды дауыл, солтүстік-батыста және орталықта түнгі және таңертеңгі уақытта тұман болады, — делінген хабарламада. Түнде Солтүстік Қазақстан облысының батысында 1 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Жетісу облысының солтүстігі мен шығысында, Алматы облысының оңтүстігі мен шығысында, Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында, Ақтөбе облысының батысы, орталығы мен солтүстік-шығысында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі күтіледі. Алматы, Түркістан, Қызылорда, Атырау, Жамбыл облыстарында, Жетісу облысында, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Маңғыстау облысының солтүстік-батысы мен оңтүстік-шығысында, Батыс Қазақстан…
2025 жылғы 25 тамызда «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ — «ЭнергоСбыт» филиалынан электр энергиясын жеткізу тарифінің алдағы уақытта көтерілуі туралы ресми хабарлама келіп түсті. Кәсіпкерлік кодексінің 124-6-бабының 6) тармақшасына сәйкес хабарлама жобасын қарау міндетті түрде жария тыңдаулар өткізе отырып жүргізіледі. Бұл процесс транспаренттілікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ тұтынушылар мен басқа да мүдделі тараптардың пікірлерін ескеруге бағытталған. — Тариф бойынша шешім өңірдегі ағымдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды міндетті түрде ескере отырып, экономикалық негізделген есептеулер мен құжатталған деректер негізінде ғана қабылданатын болады. Қарастырылып отырған хабарлама шеңберінде алдын ала шешім бойынша электр энергиясын тек өз қажеттіліктері үшін пайдаланатын тұрмыстық тұтынушылар үшін тарифті көтеру күтілмейтінін ерекше атап өтеміз. Әлеуметтік осал және…
Бұл қадам АҚШ-тың Латын Америкасындағы дәстүрлі одақтасына бағытталған қатаң сын болып, кокаин өндірісінің күрт артуы мен Ақ үй мен Колумбия президенті арасындағы қарым-қатынастың нашарлауын айқындады, деп жазады NBC News. Колумбия есірткіге қарсы күрестегі халықаралық міндеттемелерін орындамағанына қарамастан, Трамп әкімшілігі санкция енгізуден бас тартты. Бұған АҚШ-тың өмірлік маңызы бар ұлттық мүдделері себеп ретінде көрсетілді. Колумбия президенті Густаво Петро бұл шешімге өкініш білдірді. Ол бірнеше рет «кокаиннен гөрі виски көбірек адам өлімін әкеледі» деп айтқан. Бұрынғы көтерілісші ретінде ол АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктерінің наразылығын тудырды: экстрадиция жөніндегі сұрауларды қабылдамай, Трамп әкімшілігінің иммиграциялық заңнаманы қатаңдатуын және көрші Венесуэлада заңсыз есірткі айналымына қарсы күреске бағытталған шараларын…
2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәмхана, бар мен мейрамханалардың ашық террасаларында шылым шегуге және электронды темекі қолдануға толық тыйым салынады. Бұл шектеу кейбір мекемелерде, әуежайларда, сигар клубтарында әлі жұмыс істеп тұрған арнайы шылым шегу бөлмелеріне де таралады. Тыйым барлық түрдегі темекі өнімдеріне, электронды темекілерге, вейптерге және қорқорларға қолданылады. Жаңа ережелердің күшіне ену күні сейсенбі күні таңертең жарияланды. Бұл шара Еуропалық комиссияның ұсынымдары негізінде әзірленген бастамалар топтамасына енгізілді. Қоғамдық тамақтану орындарына өзгерістерге дайындалу үшін шамамен бір жарым жыл уақыт беріледі. 2027 жылдың қаңтарынан бастап темекі тартуға мейрамхана, бар және дәмханалардың маңында 10 метр қашықтықта да тыйым салынады. Тыйым күшіне енгеннен кейін…
Egov mobile қосымшасындағы «Стоп кредит» қызметінің іске қосылғанына бір жылдан асты. Осы аралықта үш миллионнан астам отандасымыз несие алудан өз еркімен бас тартқан. Бұл қызмет ең алдымен алаяқтардан сақтанудың сенімді тетігі. Кез келген Қазақстан азаматы Egov mobile қосымшасына кіріп, өз еркімен несие рәсімдеуге тыйым сала алады. Бұл шектеуді қалаған уақытында алып тастай алады. Егер «бас тарту» батырмасын басқанның өзінде, алаяқтар амалын тауып сіздің атыңыздан кредит алған болса, банктер бұл несиені сотсыз және тергеусіз есептен шығаруға міндеттеді. Еске салсақ елде тұтыну несиесін беру ережелері күшейетіні туралы жазған едік.
Америкалық көшбасшының атқарушы жарлығы Ақ үй сайтында жарияланды. Құжатта көрсетілгендей, аталған шегеру «2025 жылдың 16 желтоқсанына дейін ұзартылды». Осы уақыт аралығында АҚШ билігі TikTok-ты елде тыйым салынған платформаға айналдыратын заңда көзделген шараларды қабылдамауы тиіс, егер оның қытайлық бас компаниясы ByteDance оны сатпаса. Трамп сейсенбі күні бұған дейін «өте ірі компаниялар тобы» TikTok-ты сатып алғысы келетінін айтқан болатын. Оның сөзінше, қытайлық тараппен бұл жөнінде келісім жасалған. Сондай-ақ америкалық көшбасшы 19 қыркүйекке жоспарланған ҚХР төрағасы Си Цзиньпинмен телефон арқылы әңгімеде мәміле шарттарын түпкілікті бекітетінін атап өтті. АҚШ қаржы министрі Скотт Бессент дүйсенбі күні Мадридте қытайлық ресми тұлғалармен кеңесуден кейін, келісім аясында әлеуметтік желі…
Бұған дейін музейде этнография залы жұмыс істегенімен, барлық құнды жәдігерді сыйғызу мүмкін болмады. Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform Сондықтан енді жаңа кеңістікте халқымыздың бай мұрасы кең көлемде ұсынылып отыр. Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform Жаңа залда келушілер назарына:XIX–XX ғасырлардағы зергерлік әшекейлер;кілемдер мен киіз бұйымдары (сырмақ, текемет);ұлттық киім үлгілері (ер адам, әйел, қалыңдық пен күйеу жігіттің киімі);тұрмыстық бұйымдар (сандық, кебеже, асадал және т. б.) ұсынылған. Барлығы — 258 жәдігер, соның ішінде 47 бірегей кілем бар. Фото: Ағыбай Аяпбергенов / Kazinform — Біздің басты мақсатымыз…
Жиында қатысушылар ірі инфрақұрылымдық жобаларды мемлекеттік кепілдікпен жүзеге асыру үшін Еуропалық қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ), Халықаралық қайта құру және даму банкінің (ХҚДБ), Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкінің (АИИБ) және Ислам даму банкінің (ИДБ) қаражатын тарту мәселесін талқылады. Транскаспий халықаралық көлік маршрутының құрамына кіретін «Бейнеу-Сексеуіл» автомобиль жолының құрылысына ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жақын арада «Бейнеу – Сексеуіл» және «Бозой – Шалқар» учаскелерін қоса алғанда, жалпы ұзындығы 765 шақырым болатын жаңа автожол құрылысын бастау қажет. Көлік министрлігі техникалық-экономикалық негіздемені аяқтау мен құрылыс жұмысын бастау таяу уақытқа жоспарланғанын хабарлады. ЕҚДБ мен ХҚДБ 800 млрд теңгеден астам қаражат бөлу ниеті…
Өз сөзінде Р.Скляр Қытай халқын айтулы күнмен құттықтап, екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестік рухында дамып келе жатқан өзара қатынастардың жоғары деңгейін атап өтті. Вице-премьер Қазақстан мен Қытай арасындағы барлық салалардағы ынтымақтастық екі ел көшбасшыларының жеке байланыстарының арқасында белсенді нығайып келе жатқанын ерекше атап өтіп, биыл ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытайға және ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Қазақстанға жасаған сапарларына тоқталды. Бұл сапарлар барысында екіжақты қатынастарды жаңа мазмұнмен толықтыруға бағытталған маңызды уағдаластықтарға қол жеткізілгенін хабарлады. Айта кетейік, Үйлестіру кеңесі «Бейнеу-Сексеуіл» автожолы құрылысының жобасын ЕҚДБ және ХҚДБ-ның қаржыландыруын мақұлдады.