Автор: qaztimes

17 қыркүйек күні сағат 00:30-да 112 пультіне Ақсу қаласы маңында орналасқан Белая өзеніне ішінде екі адамы бар «Нива» көлігі абайсызда түсіп кеткені туралы хабарланған.  – Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Павлодар қаласынан төтенше жағдайлар департаменті жедел-құтқару жасағының күштері жіберілді. Сағат 07:45-те құтқарушылар 1960 және 1977 жылдары туған қос ер адамның денелерін судан алып шықты, — деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен. Еске сала кетейік, биыл Павлодар облысының су айдындарында 14 адам ажал құшқан. 

Read More

Арменпресс – тің хабарлауынша, мәлімдемеде Федералды тергеу бюросы мен Есірткімен күрес басқармасының мәліметтері бойынша іздеу салынған адам La Mayiza бандасына кіретін Los Rusos қылмыстық тобының қарулы қанатының көшбасшысы болып табылады. Мәлімдемеге сәйкес, La Mayiza фентанил, кокаин, марихуана, героин мен метамфетамин өндірумен және оны Мексиканың солтүстік-шығыс өңірлерінен АҚШ-қа жеткізумен айналысады. Хуан Хосе Понсе Феликсті Калифорния билігі рэкет, есірткі саудасы, қылмыстық жолмен алынған ақшаны жылыстату, қару саудасы үшін он жылдан бері іздестіріп жатыр. Осыған дейін АҚШ Колумбияны есірткіге қарсы күресте ынтымақтаспайтын елдер қатарына қосқаны туралы хабарладық.  

Read More

Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігі Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаментінің директоры Ерлан Қалмақов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде баяндады. – Бағдарлама 2023 жылы пилоттық режимде басталып, 2024 жылы барлық білім беру ұйымдарына толық енгізілді. Қазіргі таңда еліміз бойынша 11 мыңнан астам балабақша, 8 мыңнан аса мектеп және 700-ден астам колледж бұл бағдарламаны іске асыруда, — деді Ерлан Қалмақов.  Оның айтуынша, 2025 жылдан бастап бағдарлама жаңа атаумен жалғасып, бірнеше маңызды жаңашылдықтар енгізілген. Бағдарламадағы басты өзгерістер: Бірінші. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Бағдарлама меншік түріне қарамастан, барлық білім беру ұйымдарына таратылып жатыр. Яғни, жеке меншік мектептер де «Адал азамат» бағдарламасы бойынша…

Read More

2025 жылғы 3 шілдеде Петропавл қалалық сотында мемлекеттік қаражатты ұрлау туралы шулы іс бойынша кезекті үкім шығарылды. — Директоры «К» мен бас инженер «Т» қызметтік жағдайын пайдалана отырып, ірі мөлшерде бюджет қаражатын иемденгені үшін кінәлі деп танылып, «К» 3 жылға, «Т» 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Мемлекеттік айыптау осындай жолмен сорғы станциясын, сондай-ақ тұрғын үйлерді сумен жабдықтау және жылыту жүйелерін жөндеуге бөлінген 8 млн теңгеден астам қаражатты иемденгенін дәлелдеді. Мұндай істердің салдары әрдайым залал санынан әлдеқайда ауыр. Біріншіден, бұл билікке деген сенімнің бұзылуы. Үкім 2025 жылдың 26 тамызында заңды күшіне енді, — делінген ведомство хабарламасында. Облыс прокуратурасы «Заң мен Тәртіп»…

Read More

ЕО-ның сыртқы саясат жөніндегі ведомствоның басшысы Кая Каллас Германия мен Израильге қарсы санкциялардың енгізілуін бұғаттап отырған басқа да мүше мемлекеттер «шаралар жоспары» мен «баламалы жолдарды» ұсынып, ЕО мен Газа арасындағы тығырықтан шығу жолын көрсетуі тиіс екенін айтты. Каллас Еуроодақ пен Израиль арасындағы Ассоциация туралы келісім шеңберіндегі сауда шарттарын уақытша тоқтату стратегиясын қолдайтынын растады. 2024 жылы ЕО мен Израиль арасындағы сауда айналымы 42,6 миллиард еуроны құрады. Бұл мәліметті ЕО-ның жоғары өкілі (HRVP) растады. Осы сауда көлемінің шамамен 37 пайызы жеңілдікпен жүзеге асады. — Бұл — қомақты сома. Сауда қатынастарының 37 пайызы жеңілдіктермен жүзеге асатындықтан, мұндай қадам Израиль үшін елеулі экономикалық салдарға…

Read More

Ертіс-Баян өңірінде «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» негізінде құрылған бір тұрақтандыру қоры жұмыс істейді. Онда бүгінде жалпы көлемі 9,9 мың тонна азық-түлік өнімдері сақталып тұр. Азық-түліктің 12 атаулы түрі облыс бойынша 212 әлеуметтік дүкен мен әлеуметтік сауда нүктелерінде сатылады. «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ тұрақтандыру қоры азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету департаментінің директоры Азамат Дәндібаевтің айтуынша, қазіргі күзгі кезеңде көптеген азық түріне тұтынушылар тарапынан сұраныстың жоқтығына немесе күрт азайып кеткеніне байланысты қорда арнайы тізімге енетін өнімдердің кейбірі жоқ. Қазір мәселен нарықтағы бағаның арзандауына байланысты көкөніс өнімдеріне сұраныс мүлде жоқ. Егер қорда азық-түліктің белгілі бір түрінің сақталу мерзімі аяқталып қалса немесе көп тұрып қалса, онда…

Read More

VIІI Съезд жұмысына әлемнің шамамен 60 елінен 100-ден астам делегация қатысып жатыр. Олардың қатарында әлемдік діндердің рухани лидерлері, халықаралық ұйымдардың өкілдері, сарапшылар қауымдастығы және қоғам қайраткерлері бар. Бүгінгі форумның басты тақырыбы – «Діндер диалогы: болашақ жолындағы синергия». Жұмыс барысында секциялық отырыстар форматында бірқатар өзекті мәселе қаралады. Ал 18 қыркүйекте Тәуелсіздік сарайында Жас діни лидерлердің ІІ форумы өтеді. Айта кетейік, 16 қыркүйекте Съезд аясында ҚР Парламенті Сенатының төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Хатшылықтың XXIII отырысы өтті. Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің келесі Съезі 2028 жылы ұйымдастырылмақ. Сонымен қатар, Астанада БҰҰ Өркениеттер альянсы аясында діни…

Read More

Әуезов ауданы әкімдігі аппаратының мәліметінше, «Спецстрой Групп ЛТД» ЖШС бұған дейін Аманжол көшесінде тарату желілері жобасын аясында ауызсу және кәріз инженерлік желілерін жүргізу жұмыстарын толық көлемде аяқтаған. Асфальтбетон жамылғысын қалпына келтіру уақытша кейінге қалдырылды. Бұл «QazaqGaz» АҚ тапсырысымен 300 мм диаметрлі болат газ құбырын тарту жоспарына байланысты қабылданған шешім еді. Жол төсемін қайта қазудан және тұрғындарға қолайсыздық туғызудан сақтану үшін қалпына келтіру жұмыстары газ құбыры төселгеннен кейін жасалуға тиіс еді. Алайда ауданның жауын суы қолданыстағы арық жүйесі арқылы осы көшеге жиналып, жол төсеміне түсетін салмақты арттырған. Бұған қоса, инженерлік желілерді алты метрге дейінгі тереңдікте жүргізу топырақ негізін жұмсартты. — Осы…

Read More

— Бүгін Астана төрінде әлемнің ең беделді рухани көшбасшылары бас қосып жатыр. Бұл біз үшін үлкен құрмет, зор мәртебе. Қазір жер жүзінде сын-қатерлер көбейіп, халықаралық ахуал ушығып тұр. Соның салдарынан түрлі қақтығыстар көбеюде. Алмағайып кезең ешкімге оңай болып жатқан жоқ. Өкінішке қарай, соғыстың сипаты мен болмысы белең алуда. Дегенмен, біз өткен заманнан дұрыс сабақ алып, сындарлы әрі ашық келіссөздерге ұмтылуымыз керек, — деді Мемлекет басшысы. Президент мәмілеге балама жоқ екенін баса айтты. — Бұл тұрғыдан алғанда бүгінгі съездің мән-маңызы айрықша. Дін басшыларын гуманистік көзқарастарды ту еткен бейбітшілік елшілері деп атауға болады. Сіздер ортақ мүдде үшін бірігіп, әлем жұртшылығын игі мақсат…

Read More

Олар таратқан ақпаратқа қарағанда, қаскөйлер бұл қылмысқа әбден дайындалып, 6 алтын құйманы алып кеткен. Тергеумен сот полициясы бригадасы айналысып жатыр. Тамыз айында France Info радиосы MNHN-ге кибершабуыл жасалып, ол бірнеше аптаға созылғаны айтылған болатын. Осыған байланысты зерттеуге қажетті онлайн құралдармен жұмыс істеу және  коллекиялар бойынша консультациялық қызмет көрсету, кітапхананың дұрыс жұмыс істеуі мүмкін болмады. Ұлттық табиғат тарихы мұражайы ірі ғылыми-зерттеу орталығының құрамына кіреді. Оған бірнеше мұражай, зертхана, кітапхана мен парктер, Ботаникалық бақ пен Париждегі Венесен зообағы қарайды. Осыған дейін Наполеонның қылышы Париждегі аукционда 4,7 миллион еуроға сатылғаны туралы жаздық.  

Read More