Автор: qaztimes

Президент бүгінгі кездесу Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты тереңдету жолындағы тағы бір маңызды қадам екенін атап өтті. — Ең алдымен, Съезге арнайы келгеніңіз үшін ризашылығымды білдіремін. Сіздің бұл жиынға қатысуыңыз, шын мәнінде, форумның табысты өту тұрғысынан маңызды. Біз Сізді құрметтейміз. Өзіңізге мәлім, Қазақстан мен Ресей — стратегиялық серіктес, одақтас елдер, — деді Мемлекет басшысы. Фото: Ақорда Патриарх Кирилл Қасым-Жомарт Тоқаевқа қонақжайлық танытқаны үшін алғыс айтып, Орыс православие шіркеуінің миссиясы халықтар арасындағы бейбітшілік пен өзара түсіністікті нығайту екенін мәлімдеді. — Қасиетті Қазақстанға келу мені әрдайым қуантады. Бұл біздің достас еліміз. Ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келеміз. Қазір мемлекеттеріміз бөлек болғанымен, достық, өзара қолдау және ынтымақтастық…

Read More

Өзбекстан Сейсмикалық мониторинг орталығының дерегінше, жерасты дүмпуі бүгін сағат 9:14-те тіркелді. Эпицентрдегі жер сілкінісінің магнитудасы — 4, ал іргелес Бұхара облысының Гиждуан ауданында 2-3 балл болды. Айта кетейік, Науаи өңірі Қазақстанның Қызылорда облысымен шекаралас орналасқан. Қоса кетсек, 1 қыркүйекке қараған түні Ауғанстанда күші 6 балдық жер сілкінісі болып, салдарынан 2200-ден астам адам қаза тапты. Бұл туралы X әлеуметтік желісінде Талибан қозғалысының ресми өкілінің орынбасары Хамдулла Фитрат хабарлады.        

Read More

Мемлекет басшысы Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезіне қатысу үшін Астанаға келген Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллмен кездесті. — Кездесуден кейін Қасым-Жомарт Тоқаев екі ел арасындағы рухани байланыстарды нығайтуға қосқан үлесі үшін әрі айрықша құрмет белгісі ретінде Мәскеу және бүкіл Ресей патриархы Кириллді «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, — делінген хабарламада. Айта кетейік, бүгін елордадағы Тәуелсіздік сарайында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VIII Съезінің жұмысы басталды. Шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев дін басшыларын бейбітшілік елшілері деп атады.

Read More

— 2025 жылғы 17 қыркүйекте Өскемен, Балқаш, Ақтөбе, Орал, Атырау қалаларында қолайсыз ауа райы күтіледі, — делінген хабарламада. Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Read More

Келісімдерге сәйкес, әртүрлі провинцияларда елге оралған босқындар мен ішкі қоныс аударған отбасыларды қолдауға 1,23 миллион АҚШ долларынан астам қаражат бөлінеді. Министрліктің мәлімдемесінде атап өтілгендей, көмек Кабул, Кунар, Гильменд, Забуль, Нимроз, Бадгис, Фарах және Герат провинцияларындағы 10 749-дан астам отбасы мен 110 812 адамды қамтиды. Қаражат босқындарға көмек көрсету орталықтарын салуға, қаржы бөлуге, қысқы дайындыққа арналған жиынтықтар мен ас үй жабдықтарын таратуға, білім беру бағдарламаларына, халықты ақпараттандыру науқандарына және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетуге жұмсалады. Бұл бастама Ауғанстан үкіметінің көршілес елдерден қайтып келу үдерісі аясында экономикалық қиындықтарды еңсеру және жұмыс орындарын құру үшін жергілікті және халықаралық серіктестер тарапынан инвестицияларды арттыруға деген ұмтылысын көрсетеді.…

Read More

Халықаралық мінберге айналған алаң Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі – Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихында қалыптасқан ең ірі әрі бірегей бастамалардың бірі. Оның алғашқы қадамы 2003 жылы жасалды. Сол жылы Астанада өткен алғашқы жиынға 13 елден 17 делегация келген еді. Дегенмен бұл оқиға әлемдік тарихта ерекше орын алды. Себебі адамзат өркениетінде тұңғыш рет әртүрлі діни конфессиялардың өкілдері, рухани көшбасшылар мен қоғам қайраткерлері бір үстел басына жиналып, ашық диалог алаңын құрды. Сол тарихи сәттен бастап Қазақстан әлемге жаңа үн қатты – ол үн бейбітшілікке, татулыққа және өзара түсіністікке шақырды. Уақыт өте келе бұл бастама тұрақты дәстүрге айналып, бүгінгі күні жиырма…

Read More

ЕСІМДЕР 86 жыл бұрын (1939) ұлттық қауіпсіздік органдарының ардагері, отставкадағы генерал-полковник Сәт Бесімбайұлы ТОҚПАҚБАЕВ дүниеге келді. Фото: Gov.kz Алматы облысы Іле ауданының ҚазЦИК ауылында туған. 1963 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін заңгер мамандығы бойынша, СССР МҚК №302 Минск мектебін, 1971 жылы СССР Жоғары дипломатиялық мектебін тәмамдаған. Генерал-полковник. 1991 жылға дейін КОКП мүшесі. 1956 жылдан -Алматы облысы Іле ауданының «Комсомол» ұжымшарында жұмысшы. 1957 жылдан — Алматы облысындағы Боралдай кірпіш зауытының вагоншы-жұмыскері. 1958 жылдан С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің студенті. 1963 жылдың шілде айынан -Алматы облыстық прокуратурасының тергеушісі. 1963 жылдың қыркүйек айынан СССР МҚК №302 Минск мектебінің…

Read More

Айта кетерлігі, 12 қыркүйекте Мәжіліс спикері Ерлан Қошановтың төрағалығымен өткен бюро отырысының шешімімен жалпы отырыста 1-оқылымда қарауға ұсынылған заң жобасында архив құжаттарын қалыптастыру, сақтау және пайдалану саласындағы құқықтық реттеуді кеңейту, сондай-ақ электронды архив құру көзделген. Қолжазбаларды, суреттерді, сызбаларды, күнделіктерді, хат-хабарларды және мемуарларды сақтау мен пайдалану тәртібі айқындалған. Құжат бойынша негізгі баяндаманы Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықов жасайды. Фото: Үкімет Аталған заң жобасын әзірлеуші топтың жетекшісі, Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев Kazinform агенттігіне берген сұхбатында заң қабылданғаннан кейін 1 қыркүйектен бастап ауылдарда архив ісінде қызмет істейтін азаматтарға заң бойынша ауылдық квотамен үстемеақы төленетіндігін, «ұлттық» мәртебесі бар архив қызметкерлері 1,75 коэффициентпен жоғары…

Read More

Бюджеттің игерілмеуі туралы фактілер облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында айтылды, деп хабарлайды Steppenews.  Ақмола облысы қаржы басқармасы басшысының орынбасары Фариза Байманованың айтуынша, жоспарланған түсімдердің орындалмауының басты себебі республикалық бюджеттен қаражаттың уақытылы әрі толық бөлінбеуі. Мәселен, 1 қыркүйекке дейін республикалық бюджеттен 23,4 млрд теңге түспеген, оның 15 млрд теңгесі — субвенциялар. Жылдық субвенция көлемін Қаржы министрлігі мамыр айында қысқартқан. — Егер Қаржы министрлігі жыл соңына дейін субвенция көлемін қалпына келтірмесе, онда желтоқсанда қаржы тапшылығына байланысты әлеуметтік міндеттемелер — жалақы, стипендия, тамақтандыру және дәрі-дәрмекпен қамту толық көлемде орындалмайды. Бұл өз кезегінде бюджеттік ұйым қызметкерлері мен халық арасында…

Read More