2027 жылдың 1 қаңтарынан бастап дәмхана, бар мен мейрамханалардың ашық террасаларында шылым шегуге және электронды темекі қолдануға толық тыйым салынады.
Бұл шектеу кейбір мекемелерде, әуежайларда, сигар клубтарында әлі жұмыс істеп тұрған арнайы шылым шегу бөлмелеріне де таралады. Тыйым барлық түрдегі темекі өнімдеріне, электронды темекілерге, вейптерге және қорқорларға қолданылады.
Жаңа ережелердің күшіне ену күні сейсенбі күні таңертең жарияланды. Бұл шара Еуропалық комиссияның ұсынымдары негізінде әзірленген бастамалар топтамасына енгізілді. Қоғамдық тамақтану орындарына өзгерістерге дайындалу үшін шамамен бір жарым жыл уақыт беріледі.
2027 жылдың қаңтарынан бастап темекі тартуға мейрамхана, бар және дәмханалардың маңында 10 метр қашықтықта да тыйым салынады. Тыйым күшіне енгеннен кейін клиенттерге күлсалғыш ұсынуды жалғастырған иелеріне жаза қолданылады. Сондай-ақ, ережені бұзған келушілер де жауапкершілікке тартылады.
Сонымен қатар, құжатта жергілікті билік органдары жаппай іс-шаралар — фестивальдер, жәрмеңкелер мен базарлар кезінде шылым шегуді шектеудің қосымша шараларын әзірлеуі тиіс екендігі көзделген.
Рестораторлар қауымдастығы жаңа шектеулердің банкроттықтың кезекті толқынын тудыруы мүмкін екенін айтып отыр. Олардың пікірінше, тыйым шылымқорлар санын азайтпайды, тек оларды көшеге ығыстырады. Бұл тұрғындарға қолайсыздық туғызып, мекеме қызметкерлері үшін бақылауды қиындатады.
Алғашында Еуропалық комиссия бұл тыйымды 2026 жылы енгізуді ұсынған, алайда салаға дайындыққа көбірек уақыт беру үшін мерзім кейінге шегерілді.
Айта кетелік Испанияда жасөспірімдерге темекі шегуге тыйым салынып, ата-аналарға айыппұл енгізіледі.

