Автор: qaztimes

Полицияның мәліметінше, күдікті нысандарға бірден полиция қызметкерлері, кинологиялық қызмет және арнайы бөлімшелер шыққан. Жүргізілген тексеріс барысында жарылғыш заттар да, күмәнді заттар да табылған жоқ. Теміржол вокзалы мен тұрғын үй толықтай тексерілді. Қазіргі уақытта вокзал қалыпты жағдайда жұмыс істеп тұр. — Терроризм актісі туралы жалған хабарлама фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құқық бұзушының жеке басын анықтауға бағытталған жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ведомство өкілдері терроризм актісі туралы жалған хабарлама бергені үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Айта кетелік Жетісу облысында туризмді дамыту басқармасы құрылады. 

Read More

Дерекке қарағанда, Редфорд Юта штатындағы өз үйінде, сүйікті орнында, жақындарының қасында ұйықтап жатып көз жұмған. Кинокарьерасында Редфорд 100-ден астам фильмге түсті. Оның ең танымал туындыларының қатарында «Бутч Кэссиди және Сандэнс Кид» (1969), «Үш күн Кондор» (1975), «Президенттің бүкіл адамдары» (1976) бар. Актер ретінде ең кассалы фильмі – 1993 жылы жарық көрген «Ұятсыз ұсыныс» мелодрамасы. Деми Мур және Вуди Харрельсон ойнаған бұл картина прокатта 267 млн доллар жинаған. Режиссер ретінде Редфорд өзінің алғашқы туындысы – 1981 жылы шыққан «Қарапайым адамдар» драмасы үшін «Оскар» жүлдесін жеңіп алған. Айта кетейік, АҚШ-та «Әлемдегі ең мейірімді судья» қайтыс болды.

Read More

Бұл платформа онлайн режімде мемлекеттік қолдау түрлерін толық көруге мүмкіндік береді. Ведомство мемлекеттік қолдау түрлерін жедел қадағалау үшін олардың барлығын (бүгінде олардың жүзден астам түрі бара) біріктірді: мемлекеттік қаражат нақты қайда жұмсалып жатыр және оның нәтижесі қандай? Бұл тәсіл мемлекеттен бөлінетін қаражаттың тиімділігін арттыруы тиіс. Қаржы министрлігі Baqylauda сервисін Qoldau.kz цифрлы платформасында орналастырды. Бүгінде жүйеге кейінгі 10 жылдағы мемлекеттік қолдау шаралары туралы деректер жүктеліп жатыр. Осы жұмыс аяқталған бойда арнайы талдау мемлекеттік қолдау құралдарының тиімді немесе тиімсіз екенін көрсетеді. Аталған жүйенің көмегімен жеңілдіктердің, субсидиялардың немесе басқа да құралдардың тиімділігін, оларды жекелеген салалар бойынша, операторлар және белгілі бір қолдау алушы кәсіпорын деңгейіне…

Read More

Агенттіктің мәліметінше, алаяқтар орта және жоғары оқу орындарында, сондай-ақ мемлекеттік мекемелерде тексеріс жүргізіліп жатқаны туралы жалған хабарламалар таратады. Олар сенім ұялату үшін ҚМА-ның жалған логотиптері мен мөрлері бар бланкілерді пайдаланып, құжаттар ұсынуды немесе «ынтымақтастыққа» шақыруды талап етеді. Кейін өздерін агенттік қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарға хабарласып, банк шоттары туралы мәліметтерді алдап алуға тырысады. Сонымен қатар жалған ҚМА өкілдері мессенджерлер арқылы «тексеріліп жатқан тұлғалар тізіміне енгізілгенсіз» деп хабарлап, ақша бопсалау жағдайлары да тіркелген. Фото: ҚМА Азаматтардың шағымдарында жиі қайталанатын тектер: «Мықтыбаев», «Хамзин», «Жалымов», «Жалымбетов». Қаржылық мониторинг агенттігі ресми түрде хабарлайды: – мұндай тексерістер жүргізбейді;– ресми хабарлама жібермей, телефон арқылы жеке деректерді сұрамайды;–…

Read More

Өйткені оның қазіргі құрамы бүгінгі әлемге сай келмейді, 1945 жылдың жағдайын көрсетеді, бұл өз кезегінде заңдылық пен тиімділікке қатысты проблемалар туғызады. Ол бұл туралы ұйымды реформалаудың қажеттілігіне қатысты журналистердің сұрағына жауап бергенде айтты. — Қауіпсіздік Кеңесін реформалау — толықтай қисынды нәрсе. Оның қазіргі құрамы заманауи әлемге сәйкес келмейді. Бұл — 1945 жылдың шындығына сай келетін құрылым. Сондықтан ол тек заңдылық тұрғысынан емес, сонымен бірге тиімділік тұрғысынан да мәселе тудырып отыр, — деді Гутерриш. Бас хатшы әсіресе адам құқықтарының жаппай бұзылуы жағдайларында вето құқығын шектеу туралы Франция мен Ұлыбританияның ұсыныстарына «ықыласпен» қарайтынын атап өтті. Ол өзін Қауіпсіздік Кеңесін реформалау қажеттілігі жөнінде тұрақты түрде айтып жүрген алғашқы Бас хатшы…

Read More

Астана әкімдігінің мәліметінше, көрермендердің ыңғайлылығы үшін бұл күні арнайы автобустар ұйымдастырылады. Шаттл-автобустар көрермендерді концерт өтетін «Астана Арена» стадионына жеткізеді. Көрермендерді жеткізу сағат 16:00-ден бастап бес аялдамадан басталады: – «Астаналық цирк» автотұрағы; – «Әзірет Сұлтан» мешітінің автотұрағы; – «Қазақстан» спорт кешені (Қ.Сәтбаев көшесі) алдындағы автотұрақ; – Орталық саябақ автотұрағы; – «Бас мешіт» алдындағы автотұрақ. Қосымша шаттл-маршруттардың ұйымдастырылуы жолдағы көлік кептелісін азайтып, қала тұрғындары мен қонақтарының ыңғайлылығын қамтамасыз етеді. Айта кетелік Backstreet Boys концертіне 12 мың турист Астанаға келеді.

Read More

АҚШ президенті Дональд Трамптың Ұлыбританияға ресми сапарының қарсаңында Google бұл елге 5 миллиард фунт стерлинг инвестиция салу жоспарын жариялады. Компанияның мәлімдеуінше, америкалық корпорация Лондонның маңында жасанды интеллект қызметтеріне, атап айтқанда Google Cloud-қа деген өсіп келе жатқан сұранысты қанағаттандыру үшін деректерді өңдеу орталығын салмақ. Google-дың жалпы құны 5 миллиард фунт стерлинг болатын инвестициялары алдағы екі жыл ішінде инфрақұрылымды және ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталмақ. Бұл инвестициялар арқылы Ұлыбританияда жыл сайын 8 250 жұмыс орнын құрылады деп күтіліп отыр. Сонымен қатар Google Ұлыбританияда энергетикалық жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету және энергетикалық ауысымды қолдау мақсатында Shell компаниясымен келісім жасағанын хабарлады. АҚШ президенті Дональд Трамп 16…

Read More

Қазақстан футзал қауымдастығының президенті Нұрсұлтан Құрманның хабарлауынша, алғашқы кездесуде ел құрамасынан кімдердің ойынға шыға алмайтыны белгілі болды  Сары қағаздың көптігіне байланысты Біржан Оразов пен Лео, жарақаты салдарынан Жахангир Рашит құрамаға көмектесе алмайды. Есесіне жарақатынан айыққан Альберт Ақбалықовтың алаңға шығуына мүмкіндігі бар.  Бас бапкер Пауло Рикардо Кака алдағы плей-офф кезеңіндегі ұлттық құраманың Италиямен екі кездесуіне төмендегі ойыншыларға сенім артты. Қақпашылар: Игита, Қанат Жеткірбаев, Талғат Өтепбергенов; Алаңдағы ойыншылар: Дуглас, Эдсон, Біржан Оразов, Дамир Қайырбай, Шыңғыс Есенаманов, Арнольд Кнауб, Ақжол Дәрібай, Ринат Төреғазин. Ержан Карменов, Әбдірасул Әбдіманапұлы, Иван Марахов, Альберт Ақбалықов, Владислав Черномордов.  Кездесу Қазақстан уақытымен 22:50-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Read More

2025 жылдың 14 шілдесінде Алатау қалалық соты Ермегияевті шартты түрде мерзімінен бұрын босатудан бас тартқан еді. Бүгін Алматы облыстық соты осы сот қаулысына қатысты адвокаттың жеке шағымын қарады. Сотталушының адвокаты аталған қаулының күшін жойып, сотталушыны шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы жаңа шешім шығаруды сұраған. Алайда прокурор қаулыны өзгеріссіз қалдыруды талап етті. Сот алқасы сотталушының шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішін қанағаттандырудан бас тарту жөніндегі бірінші сатыдағы сот қаулысын жоюға негіз таппады. – Өтінішті қарау барысында іс жүргізу және материалдық құқық нормалары бұзылған жоқ. Сотталушының барлық сипаттамалары, соның ішінде келтірілген залалды өтеуі, тиісті түрде бағаланды. Шешімді жоюға негіздер анықталған жоқ,…

Read More