Автор: qaztimes

Ресейлік Игорь Гречушкин – аммиак селитрасын жеткізген жүк кемесінің иесі. Ол Интерполдың ордері бойынша ұсталған. Ливандық тергеу судьясы оған және кеме капитаны Борис Прокошевке іздеу жариялаған болатын. Ливан сот органдарының мәліметінше, Гречушкин өткен аптада Кипрден ұшып келген соң София әуежайында қолға түскен. Қазіргі таңда оны Ливанға экстрадициялау құжаттары дайындалып жатыр. Егер экстрадиция мүмкін болмаса, ливандық тергеушілер Болгарияға барып, жауап алу мүмкіндігін қарастырады. Игорь Гречушкин Ресей азаматы болумен қатар, Кипр азаматтығына да ие. 2020 жылғы 4 тамызда Бейрут портында 2700 тонна аммиак селитрасы жарылып, 200-ден астам адам қаза тапты, мыңдаған тұрғын жарақат алды. Жарылыстың салдарынан 10 шақырым радиустағы ғимараттар қирап, Қазақстанның…

Read More

«Амандық болса, биыл Қостанай облысына міндетті түрде барамын. Жоспарымда бар. Жолдауымда Қостанай облысын арнайы атап өттім, Торғай жеріне баса назар аудару керек деп айттым. Арқалыққа биыл міндетті түрде барамын. Кезінде уәде бердім, оны орындайтын кез келді. Торғай өңіріне көңіл аудару керек», — деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Айта кетейік, осы жиында Президент әлеуметтік көмекті шынымен мұқтаж азаматтар ғана алуы тиістігін атап өтті.  Қасым-Жомарт Тоқаев саябақта жергілікті зиялы қауым өкілдерімен әңгімелесті. Мемлекет басшысы телекөпір арқылы Қосшы қаласын табиғи газға қосу рәсіміне қатысты.

Read More

«Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасына арналған бұл көрме қала тұрғындары мен қонақтарының назарын аударып, оларға полиция қызметін болған оқиғалар, эмоциялар мен ерліктің жарқын мысалдары арқылы көруге мүмкіндік берді. Фотокөрмеде полиция қызметінің алуан түрлі қырларын бейнелейтін ерекше жұмыстар қойылған: қоғамдық тәртіпті сақтау, күнделікті қызмет, халықпен сенімді диалог, жедел алдын алу шараларына қатысу, сондай-ақ адам өмірі таразыға түскендегі батырлық сәттер. Көрмедегі суреттердің бірі Талица ауылындағы орман өрті кезінде түсірілген. Полиция қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялап жатқанда, бір әйел адам үйінен кетуден бас тартып, күйеуі мен орманда жүрген ұлын күтемін деп тұрып алған. Қою түтін арасында көз жасына малынған жанды ұзақ үгіттеуден кейін ол ақыры кетуге…

Read More

Трамптың мұндай шешім қабылдауы бірінші рет емес. Бұған дейін ол Вашингтонда да дәл осындай шара қабылдаған болатын, деп жазады NBC News. Операцияға Ұлттық гвардиядан бөлек, Федералдық тергеу бюросы, алкоголь, темекі, атыс қаруы мен жарылғыш заттардың айналымын бақылау бюросы, иммиграциялық және кеден полициясы, ішкі қауіпсіздік министрлігінің тергеу қызметі, АҚШ маршалдары және өзге де федералды құрылымдар қатыспақ. Трамп Мемфиске қатысты шешім қабылдай отырып, келесі кезекте Чикаго, Сент-Луис қалаларын, сондай-ақ ықтимал нысан ретінде Жаңа Орлеанды атады. Алайда мұндай қадамдар федералды билік пен штаттар арасында дау туындатуда. Калифорния губернаторы Гэвин Ньюсом Трамп әкімшілігін сотқа берді. Ол Лос-Анджелесте Ұлттық гвардияны пайдалану заңсыз деп танылуы керегін…

Read More

Мәдениет және ақпарат министрлігі мәліметінше, картина үздік қысқаметражды фильм деп танылып, Best Short Drama номинациясын жеңіп алды. Жас режиссердің бұл туындысы Ресейде өткен «Взрослеем вместе» халықаралық кинофестивалінде де «Қысқаметражды көркем фильм» аталымы бойынша марапатталған еді. Күні кеше Қытайдың Сычуань провинциясы, Чэнду қаласында ІІ халықаралық «Golden Panda Awards» кинофестивалінің марапаттау рәсімі өтті. Қазақстан атынан қатысқан «Қаш» фильмі «Үздік операторлық жұмыс» номинациясында жеңіске жетті. Аталған жүлде Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі, оператор Азамат Дулатовқа табысталды. Айта кету керек, «Golden Panda Awards» – екінші жыл қатарынан Чэнду қаласында өткізіліп келе жатқан халықаралық кинофестиваль. Оның басты мақсаты – кинематография өнері арқылы…

Read More

Ұйымдастыру комитетінің мәліметінше, ойындардың ашылу салтанаты 31 тамызда Бішкекте, ал жабылу рәсімі 6 қыркүйекте Ыстықкөл жағасында өтеді. – Негізгі бағдарлама, ашылу рәсімінен басқа, түгелдей Ыстықкөлдің көркем жағалауында ұйымдастырылады. Бұл жерге 90-ға тарта елден спортшылар мен қонақтар жиналады, – делінген хабарламада. Бұған дейін ДКО хатшылығының жетекшісі Нұрсұлтан Әденов «Бірінші радио» эфирінде VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына дайындық барысы туралы айтқан болатын. Сондай-ақ алдағы ойындар бағдарламасына қазақтың көкпары енгізілмейтіні хабарланған еді. Еске салайық, 2024 жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада өтті.

Read More

16 қыркүйектегі жағдай бойынша 1 доллар шамамен 41 түрік лирасына, ал 1 еуро 48,5 лираға тең. Соңғы валюта нарығы деректеріне сәйкес, 200 лира енді 5 доллардан аз сомаға айырбасталады. Бірнеше жыл бұрын бұл банкнотпен 30 доллардан астам алуға болатын. Ұлттық валютаның құнсыздануы түріктердің күнделікті қажетті тауарларын барған сайын қымбаттатып, халықтың сатып алу қабілетін төмендетіп, инфляциялық қысымды күшейтіп отыр. Сарапшылар лираның әлсіреуін бірқатар факторлармен байланыстырады: ақша-несие саясатының тұрақсыздығы, жоғары инфляция, инвесторлардың кетуі және геосаяси шиеленістер. Түркия Орталық банкінің инфляцияны ұстап тұруға талпынысына қарамастан, лира құнсыздануын жалғастыруда. Мұндай жағдайда елде жоғары номиналды жаңа банкнота енгізу жөнінде пікірлер айтылуда. Қазір қолма-қол есеп айырысудағы…

Read More

Бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде прокурорға қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпарат тараған болатын. Оның есімі өзіне бағынышты қызметкерлерді соққыға жықты деген күдікпен аталған. Полиция әзірге бұл ақпаратқа түсініктеме берген жоқ, алайда облыстық прокуратура мұндай істің бар екенін растады. Ресми мәліметке сәйкес, прокурорға қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр. – Қазақстан Республикасының «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңына сәйкес, Өскемен қаласының прокуроры жауапкершілік туралы шешім қабылданғанға дейін уақытша қызметінен шеттетілді, – делінген облыстық прокуратура хабарламасында. Ведомство өкілдері бұған дейін де прокуратура қызметкерлеріне қатысты қызметтік тексерістер жүргізілгенін атап өтті. Сол тексерулердің нәтижесінде кейбір фактілер расталып, қызметтік этика нормаларын бұзған қызметкерлер тәртіптік жауапкершілікке…

Read More

Құжатта атап өтілгендер: •ИВГ.1М зерттеу реакторының жоғары байытылған пайдаланылған отынын арнайы әзірленген Silo типіндегі қоймаға табысты орналастыру; •пайдаланылған ядролық отынды Silo қоймасында оның түпкілікті кәдеге жаратылуына қатысты бірлескен шешім қабылданғанға дейін сақтау; •жоғары байытылған уранды пайдалануды барынша азайту және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту жөніндегі ынтымақтастықты жалғастыру ниеті. Фото: Атом энергиясы жөніндегі агенттік – Қазақстан ядролық қауіпсіздік саласындағы халықаралық міндеттемелерін дәйекті түрде орындайды. Аталған мәлімдемеге қол қою біздің бейбіт атомды дамытуға және жаһандық таратпау режимін нығайтуға бейілдігімізді растайды, – деп атап өтті Қазақстан Атом энергиясы жөніндегі агенттігінің төрағасы. NNSA өкілдері АҚШ-тың Қазақстанмен ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және ядролық қауіпсіздікті арттыруға бағытталған…

Read More

Форум азаматтық сектордың әлеуетін арттыруға және мемлекет, бизнес пен азаматтық қоғам арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталған өңірлік іс-шаралар сериясын жалғастырады.Форумның мақсаты – фандрайзингтің өзекті тетіктерін, соның ішінде дәстүрлі және цифрлық құралдарды талқылау, сондай-ақ ҮЕҰ-ның тұрақты дамуына ықпал ететін инновациялық тәсілдерді дамытуға арналған тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру. Фото: Ұлытау облысы әкімдігі Бағдарлама аясында цифрлық трансформация, жасанды интеллекті фандрайзинг саласына енгізу, қаржы тартудың тұрақты үлгілері, донорлармен өзара байланыс және ҮЕҰ секторындағы креативті бастамаларды дамыту мәселелеріне арналған панельдік сессиялар мен баяндамалар өтті. Фото: Ұлытау облысы әкімдігі Форум жұмысына ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, Қазақстанның Азаматтық Альянсы, ҚР Конституциялық Соты, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры, ҮЕҰ,…

Read More