Автор: qaztimes

Біртұтас электронды архив құрылады ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айбек Сыдықовтың айтуынша, бүгінде елімізде 231 архив бар. ҚР Президентінің архиві, сондай-ақ төрт арнаулы мемлекеттік архив тарихи құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Елдегі мемлекеттік архивтерде қалыптасқан 74500 қорда барлығы 27 млн 500 мың сақтау бірлігі бар. – Қазіргі уақытта қағаздағы түпнұсқа құжаттармен қатар ақпараттық жүйелерде электронды құжаттар қоры қалыптастырылып жатыр. Олар арқылы мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектордың және бизнес қоғамдастықтың функциялары жүзеге асырылып жатыр. Қызметтер де осы жүйелер арқылы көрсетіледі. Осыған байланысты әртүрлі ақпараттық жүйелердегі электронды құжаттарды ұзақ мерзімге сақтап, архивтердің жұмысын автоматтандыру үшін оларды біртұтас электронды архивке итнтеграциялау қажеттігі туындады, – деді…

Read More

Көптеген пікірлерде ксенофобиялық реңк байқалды. Блогердің айтуынша, мұндай жағдай — бүкіл Германияның шынайы бейнесі. Алайда сарапшылар бұл пікірмен келіспейді. Deutsche Welle-ге сұхбат берген криминолог Зузанне Карштедттың айтуынша, мұндай аймақтар барлық елдерде кездеседі, ал Германиядағы жалпы жағдай қауіпсіз саналады. — 1980-1990 жылдардан бері қылмыс деңгейі айтарлықтай төмендеді. Германия — өте қауіпсіз елдердің бірі, — деді ол. Статистикаға сүйенсек, кісі өлтіру көрсеткіші бойынша Германия әлемде 147-орында тұр: 100 мың тұрғынға шаққанда 0,91 жағдай. Салыстыру үшін: АҚШ-та бұл көрсеткіш 6-ға жуық, ал Оңтүстік Африкада 40-тан асады. Дегенмен соңғы жылдары елде кейбір қылмыс түрлері, әсіресе зорлық-зомбылық сипатындағы қылмыстардың артуы байқалады. Сарапшылардың айтуынша, қылмыстардың басым…

Read More

22 балалар үйірмесі бар Ақсуда сенбіліктер тұрақты түрде өтіп тұрады. Қала тұрғындары «Таза Қазақстан» акциясы аясында көрікті орындарды қоқыстан арылтуға белсенді атсалысады. Арасында жастар да аз емес, себебі мұнда өскелең ұрпаққа тазалық мәдениетін сіңіру жолға қойылған. 2018 жылы қалада балаларға қосымша білім беруге арналған эко-техно орталық ашылды. Онда экология тақырыбында 22 үйірме бар. Фото: Видеодан алынған скрин — Біз қалдық материалдардан қолөнер бұйымын жасауды үйретіп жатырмыз. Себебі біз қаламыздың экологиясына, еліміздің болашағына бей-жай қарай алмаймыз, – дейді қосымша білім беру педагогі Ирина Бережнова. Ал бұл бұйымдарға қажетті шикізатты, яғни қалдықтарды балалар үйден өздері алып келеді. Демек айналаны ластамау қажет екені,…

Read More

– Уикипедияда мәтіндерді өңдеп, мақала жаза бастағаныма 3 жыл болды. Негізі идея анамнан келген. Бір күні анам маған: «Уикипедияны қазақ тіліне аударған адамдармен таныспын, ол жерде кез келген адам жаза алады», – деп айтты. Сол кезде қатты қызығып, бір мақаланы жазып көрдім. Алғаш осы істі 7-сынып оқып жүргенімде, қазан айында бастаған едім. Бірінші мақалам Бразилияның саясатына қатысты болды. Бірақ ол материал өшіріп тасталды. Себебі өте сапасыз жазғанмын. Алғашқы тәжірибемнен кейін Уикипедия әкімшілігі менімен байланысып, қателерімді түсіндірді және ары қарай бағыт-бағдар берді, – дейді №66 мектеп-лицейінің оқушысы. Жас зерттеуші көбіне қай тақырыпта мақала жариялайтынын айтты. – Бүгінге дейін көптеген тақырыпты қозғадым.…

Read More

12 қазанда қалада тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет облыс орталығы әкімінің тікелей сайлауы өтеді.  Науқан барысы Кандидаттарды ұсыну 28 тамызда басталды. Екі аптаның ішінде аумақтық сайлау комиссиясына сегіз өтінім түсті. Құжаттар тексерілген соң төрт үміткер тіркелді.  — Үміткерлерді ұсыну 2025 жылдың 11 қыркүйегінде сағат 18:00-де аяқталды, ал тіркеу 16 қыркүйекте аяқталды. Бүгінде бізде төрт кандидат тіркелді. Бірақ оларды ҰҚК мен салық қызметінде тексеру кезеңі күтіп тұр, сондықтан кандидаттар шығып кетуі мүмкін. Немесе қатысудан өздері бас тартуы мүмкін. Барлық кандидаттар өзін-өзі ұсынғандар, — деп атап өтті аумақтық сайлау комиссияның төрайымы Гүлжан Қуанышева. Тізімде кім бар?  Әділет Қожанбаев – Абай облысы Көкпекті…

Read More

— Біз адам өмірінің қиын кезеңдерінің бірінде өмір сүріп жатырмыз. Кейбір мәселелерді шешу қиынға түсетіні анық. Олардың ішінде өзімнің қысқаша баяндамамның тақырыбы ретінде цифрлық құлдықты таңдадым, яғни бұл негізгі проблемалардың бірі саналады. Күнделікті өміріміз Интернетке, әлеуметтік желілерге және цифрлық қызметтерге көбірек тәуелді болып барады. Бұл тәуелділік пайдаланушыларды негізгі шешімдер қабылдауға әсер ететін жиынтық қызметтер мен экожүйелерге итермелейді. Тәуелділіктің бұл түрі экономикалық немесе мәдени құлдық сияқты таңдау және іс-қимыл бостандығына шектеулер тудыруы мүмкін, — деді Мухаммад Мехди Иманипур. Оның пайымынша, жетілдірілген алгоритмдер пайдаланушы әрекетін бағыттай алады, ал кейбір жағдайларда адамдар ғаламтордағы осы басқару әрекетін түсінбеуі де мүмкін. — Сондай-ақ Big Data-лардың…

Read More

— Қазіргі кезде елдің тұрғын үй қорында 33 858 лифт жабдығы бар. Оның ішінде 4 144 лифт 25 жылдан астам пайдаланылып келеді, ал 3 195 лифт техникалық қызмет көрсету аясында күрделі жөндеу жүргізуді талап етеді. 2019 жылдан бастап жергілікті бюджет қаражаты есебінен 1728 лифт ауыстырылды. 2024 жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 234 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жасалып, оның ішінде 8 лифті ауыстырылды, — делінген министрліктің Kazinform агенттігіне берген жауабында. «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес, лифт кондоминиум объектісінің ортақ мүлкінің құрамдас бөлігі. Осыған байланысты лифт жабдықтарын ауыстыру және жөндеуге қатысты мәселелерді пәтер иелері жалпы жиналыста жалпы санының кемінде 51%…

Read More

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VIII съезі алаңында Қасым-Жомарт Тоқаев Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы Шейх-уль-ислам Аллашүкір Пашазадемен кездесті. Фото: Ақорда Президент дінаралық диалогты ілгерілету, мемлекеттер арасындағы сенімді нығайту мәселелерінде Қазақстан мен Әзербайжанның ұстанымдары ортақ екеніне тоқталды. Мемлекет басшысы дінаралық түсіністікке септігін тигізетін өзара ықпалдастық екі елдің ұзақмерзімді серіктестігін бекіте түсетініне сенім білдірді. Бұған дейін Мемлекет басшысы діндер съезіне қатысып жатқан Қытай делегациясымен кездесті. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезінде Қасым-Жомарт Тоқаев форумның бір топ қатысушыларына мемлекеттік наградаларды, Дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін Астана халықаралық сыйлығын, Съездің құрмет медалін, сондай-ақ Ізгі ниет елшілерінің айрықша белгісін табыстады.

Read More

ҚР ҰОК мәліметінше, 17 қыркүйекте әйелдер арасында қалған төрт салмақ дәрежесі бойынша жарыс басталды. Өкінішке қарай, қазақстандық қыздардың ешқайсысы алғашқы белдесулерінде жеңіске жете алған жоқ. 53 келіге дейінгі салмақта Зейнеп Баянова оңтүстіккореялық Пак Соенге жол берді. 62 келіде Тыныс Дүбек польшалық Алисья Новосадтан жеңілді. 68 келіде Бейбіт Сейдуәлі тағы бір оңтүстіккореялық Пак Хененнен ұтылды. Ал 72 келідегі Жәмилә Бақбергенова қырғызстандық Нурзат Нуртаеваға есе жіберді. Айта кетейік, еркін күрестен әлем чемпионатын Қазақстан құрамасы екі медальмен аяқтады.

Read More

Бұл 2022 жылы Қатарда төлем 209 млн долларды құрағаннан 70 пайызға дерлік көп. Клубтар алғаш рет ойыншыларды финалдық турнирге шығарғаны үшін ғана емес, іріктеу матчтарына жібергені үшін де ақша алатын болады.  CBP бағдарламасы клубтар мен ойыншылардың әлем чемпионатының матчтарын дайындауға және өткізуге қосқан үлесін ескереді. 2022 жылы 51 елден 440 клуб төлем алды. 2026 жылғы әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында АҚШ, Мексика және Канадада өтеді. Төлемдерді кеңейту бұрынғы турнирлермен салыстырғанда бенефициар клубтардың санын айтарлықтай арттыруға мүмкіндік береді.  Бұған дейін FIFA 2027 жылға дейін Қазақстанда 100 шағын футбол алаңын салатынын жазған едік. 

Read More