Түркия Вице-президенті Джевдет Йылмаздың мәлімдеуінше, ұлттық валютаға қысым әлі де сақталғанымен, елдің негізгі макроэкономикалық көрсеткіштері біртіндеп жақсара бастайды. Инфляция 2025 жылдың соңында 28,5% шамасында болады деп күтіледі. Ал одан кейінгі жылдары тұрақты түрде төмендеп, 2028 жылдың соңына қарай 8%-ға дейін төмендейді деп болжанған. Вице-президенттің айтуынша, бұл нәтижеге қатаң ақша-несие саясаты мен құрылымдық реформалардың арқасында қол жеткізуге болады. Экономикалық өсім де біртіндеп қарқын алмақ: 2026 жылы – 3,8% 2027 жылы – 4,3% 2028 жылы – 5% Түркия үкіметі бұл өсімді өндіріс секторының күшеюі, экспорт көлемінің артуы және инвестициялық ахуалдың жақсаруы есебінен қамтамасыз етпек. Дегенмен, сарапшылар ұлттық валюта – түрік лирасы әлі…
Автор: qaztimes
Нысан спорт саласындағы ең ірі инфрақұрылымдық жобалардың бірі саналады және көпфункционалды кешен болмақ. Делегация құрамында туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, сондай-ақ құрылыс компаниясының өкілдері болды. Оқу орнының құрылысы Мемлекет басшысының спорт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау аясында жүргізіліп жатыр. Фото: Туризм және спорт министрлігі Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысанның бір бөлігі пайдалануға берілді. Бірінші кезең аясында колледждің оқу ғимараты, 500 орындық жатақхана, трибунаның астындағы бөлмелер, жабық жеңіл атлетикалық манеж, бассейн және көпфункционалды кешен қарастырылған. Фото: Рrimeminister.kz Екінші кезең аясында ғылыми-зерттеу орталығы бар университет ғимаратын, 1 мың орындық жатақхананы, медициналық-сауықтыру орталығын, оқытушыларға арналған тұрғын үй корпусын және стадионды…
Заңның мақсаты – ұлттық идеологияны нығайту және қалаға қырғыз халқының ұлы батыры, елін түрлі шапқыншылықтардан қорғаған Манастың есімін беру. Құжат ресми жарияланғаннан кейін он күннен соң күшіне енеді. Еске сала кетейік, 2025 жылғы 10 қыркүйекте Қырғыз Республикасының Жогорку Кенеш депутаттары Жалаал-Абад қаласының атауын Манас деп өзгерту жөніндегі заң жобасын үш оқылымда мақұлдаған болатын.
Зертхананың мәліметінше, аспан денесі Жерден Ай орбитасының диаметріне жуық қашықтықта өтіп, планетаға ең жақын тұсы Мәскеу уақыты бойынша таңғы сағат 10.00 шамасында болады. Ғалымдардың айтуынша, астероидтың орташа ені — 166 метр, ұзындығы — 290 метр. Ал массасы Челябі метеоритінен шамамен 1000 есе ауыр. «2025 жылы бұл — планетаға миллион шақырымнан аз қашықтықта өтетін ең ірі тасты дене немесе кем дегенде ең ірілерінің бірі», — дейді мамандар. Сонымен қатар ғалымдар астероидтың Жермен соқтығысу ықтималдығы «нөлге тең» екенін атап өтті. Айта кетейік, Қытай ғалымдары ғарыштық қалдықтарды жоюдың жолын тапты.
Депутаттың айтуынша, соңғы екі жылда балалардың қауіпсіздігі мен құқығын қорғауға бағытталған кешенді шаралар қолға алынды. Заңдар қабылданды, бағдарламалар әзірленді. Алайда, соған қарамастан балалар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтар мен ауыр қылмыстар толастамай отыр. – Бір ғана Жамбыл облысында жаңа оқу жылы басталғалы жасөспірімдер арасында үш қайғылы жағдай болып, үш жасөспірім қаза тапты. БАҚ деректеріне қарағанда, Тараз қаласындағы мектептің бірінде 9 сынып оқушысы қатарласымен төбелесіп, дәретханада көз жұмған. Көп ұзамай Жамбыл облысының Шу ауданында да қарапайым футбол ойынында туған жанжалдан 10-сынып оқушысы қатарласынан соққы алып, қаза тапты. 1 қыркүйекте колледжге енді түскен оқушы өз қатарласын пышақтап өлтірген. Бас-аяғы 15 күнде бір ғана…
Павел Дуров Digital Bridge-2025 форумына қатысу үшін Астанаға келеді 21:49, 17 Қыркүйек 2025
Концерт 19 қыркүйекте өтеді. Бұл іс-шараға шамамен 27 мың көрермен жиналады деп жоспарланған. Орталық стадионда алдағы концертке дайындыққа арналған арнайы жиын өтті. Оған полиция, ТЖД, жедел жәрдем, коммуналдық қызмет өкілдері, сондай-ақ қала басқармалары мен құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері қатысты. Жиында қауіпсіздік, санитарлық жағдай, логистика және техникалық жабдықтау мәселелері аралды. Фото: Алматы әкімдігі Концерт кезінде тәртіпті қадағалау үшін 2100-ден астам полиция қызметкері, 500 ұлттық гвардия әскері және 200 күзетші жұмылдырылады. Іс-шара алдында кинологтар аумақты тексеріп, инженерлік желілерді бақылаудан өткізеді. Көрермендер металл іздегіш рамалар мен сканерлер арқылы кіргізіледі. – Абай даңғылы уақытша жабылады, көлік кептелісінің алдын алу үшін арнайы «змейка» түріндегі турникеттер қойылады.…
Атап айтқанда, әртүрлі уәкілетті органдардың лауазымды тұлғалары тарапынан тексерулерді негізсіз тағайындау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу бойынша 17 құқық бұзушылық фактілері тіркелді. — Қабылданған шаралардың нәтижесінде 17 лауазымды тұлға ӘҚБтК-нің 173 және 175-баптары бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Ақтау қаласында, сондай-ақ Маңғыстау, Мұнайлы, Қарақия, Түпқараған және Бейнеу аудандарында заңсыз тексерулер, қызметтер үшін төлем жасаудан негізсіз бас тарту, негізсіз талап арыздар беру, құжаттарды заңсыз алу және тексерулерді тіркеу тәртібін бұзу фактілері анықталды, — делінген хабарламада. Осыдан кейін қадағалаушы орган кәсіпкерлерді құқықтары бұзылған жағдайда, Маңғыстау облысының прокуратурасына жүгінуге шақырды. Бұған дейін Маңғыстауда мұнай-газ компаниясының басшылары 261 млн теңге жымқырғаны үшін сотталған болатын.
Құрылыс барысымен Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр танысты. Делегация құрамында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов және мердігер компания өкілдері болды. Оқу орны Мемлекет басшысының спорт инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмалары аясында салынуда. — Бүгінгі таңда құрылыс-монтаж жұмыстары толық аяқталып, нысанның бір бөлігі пайдалануға берілді. Бірінші кезең аясында колледждің оқу ғимараты, 500 орындық жатақхана, трибунаның астындағы үй-жайлар, жабық жеңіл атлетикалық манеж, бассейн және көпфункционалды кешен қарастырылған, — деп жазды Туризм және спорт министрлігінен. Екінші кезеңде ғылыми-зерттеу орталығы бар университет ғимараты, 1 000 орындық жатақхана, медициналық-сауықтыру орталығы, оқытушыларға арналған тұрғын үй корпусы және стадионды пайдалануға беру жоспарланған. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы биылғы жылға…
Жиын барысында агроөнеркәсіп кешені, фармацевтика және азық-түлік өнеркәсібі сияқты бірқатар басым саладағы инвестициялық бастамаларды жүзеге асырудың негізгі мәселелері қаралды. Отырысқа қатысушылар Инвестициялар туралы келісімдердің негізгі шарттарын бекітті. Олардың қатарында Khan Tengri BioPharma, Asyl Sugar, Carlsberg Central Asia, Fabe-Agro компанияларының, сондай-ақ Түркістандағы мақта өсіру агроөнеркәсіп кешенінің инвестициялық бастамалары бар. Фармацевтика Khan Tengri BioPharma компаниясы биофармацевтикалық препараттар өндіретін зауыт салу жобасын жүзеге асырады. Инвестиция көлемі 103 млрд теңгеден асатын бұл жоба өмірлік маңызы бар дәрілік заттарды өндіру бойынша ұлттық қуаттарды нығайтуға және 180-нен астам жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Агроөнеркәсіп кешені Агроөнеркәсіп саласында келесідей жобалар мақұлданды: Asyl Sugar компаниясы жылына 200 мың…