Олардың қатарында ТМҰ Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісім, Қазақстан мен Қытай арасындағы жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру келісімі, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасу кезіндегі өзара іс-қимылы туралы келісім бар. Жалпы отырыста «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасына қорытынды қабылданды. – Бұл келісім ұйымға мүше мемлекеттер мен байқаушы елдердің, сондай-ақ басқа да мемлекеттер аумағында туындауы мүмкін зілзалалар мен төтенше жағдайларға ден қоюдың бірлескен тетігін құруды көздейді. Құжатта көзделген шараларды іске асыру республикалық бюдлжеттен шығыстарды қажет етеді, – деді Е.Жаңбыршин. Сонымен бірге, «ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің радиациялық жағдай мониторингінің деректерімен алмасу…
Автор: qaztimes
БҚО-да полиция 10 адамды сан соқтырған күдіктіні құрықтады 16:46, 17 Қыркүйек 2025
Бұл – АҚШ-та ұлттық тауарымызды сатудың жаңа стратегиясы аясында жүзеге асқан алғашқы ірі экспорттық жоба. Алдағы уақытта QazTrade қолдауымен ай сайынғы жеткізілім көлемін 100 тоннадан асыру көзделіп отыр. QazTrade – ҚР Сауда және интеграция министрлігі жанындағы экспортты дамытуға жауапты бірыңғай оператор. Amazon-дағы қазақ ұнының бағасы – 1,36 келі қаптамасы үшін $14,50. Қаптамада «Product of Kazakhstan» деген белгі бар. Бұл белгі «Қазақстанда жасалған» брендінің танымалдығын арттырып, экологиялық таза әрі сапалы өнім жеткізуші ел ретінде имиджімізді қалыптастырады. Онлайн саудадан бөлек, қазір қазақстандық ұнды мейрамханаларға, кофеханаларға және жергілікті асханаларға жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Сонымен бірге, АҚШ-тың ірі сауда желілері – Costco, Whole Foods…
Еске сала кетсек, аталмыш бағыт бойынша мұнай тасымалы биыл тамыз айында тоқтатылған еді. БТД бағыты бойынша 2025 жылдың 8 айында Қазақстан мұнайын тасымалдау көлемі 0,9 млн тоннаны құрады. 2022 жылы ҚазМұнайГаз бен Әзербайжанның SOCAR мемлекеттік мұнай компаниясы арасында Қазақстан мұнайының транзиті туралы бас келісімге қол қойылды. 2024 жылы ҚМГ мен SOCAR арасында Әзербайжан Республикасының аумағы арқылы мұнай транзитін кезең-кезеңімен ұлғайту туралы келісім жасалды. Баку-Тбилиси-Джейхан мұнай құбырының пайдасы мен сын-қатері қандай екенін мынау сілтемеден оқи аласыздар.
БАҚ өкілдері тарапынан мектептерде болған бала өліміне қатысты өткір сұрақтар қойылды. Соның ішінде тәрбие жүйесінің тиімділігі мен «Досбол Like» жобасының шынайы нәтижесі жайлы мәселелер көтерілді. «Біртұтас тәрбие бағдарламасы мен «Досбол Like» жобасы нақты нәтиже бере алып жатыр ма?» деген сауалға жауап берген ведомство өкілі қазіргі таңда басты назар психологиялық қолдауға аударылғанын жеткізді. – Бұл – өте күрделі әрі жан ауыртатын мәселе. Министрлік пен білім беру ұйымдары тарапынан бірқатар нақты шара қолға алынды. Ең бірінші кезекте оқушыларға психологиялық көмек көрсету күшейтілді. Ел бойынша 20 өңірде психологиялық қолдау орталықтары ашылды. Олар балалар арасындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған жұмыстар жүргізіп отыр, — деді…
Ұзақ жылдар бойы облыс обыр аурулары бойынша республикада бірінші орында тұрған еді. Биыл төртінші орынға төмендегені тіркелді. Өңірде қауіпті ауруларды ерте диагностикалау көрсеткіші — 31,0%, уақтылы диагностика — 66,8%. Бұл Павлодар облысын заманға сай диагностикалау саласында бірінші орынға шығарған. — Онкологиялық диспансер өңірдегі жетекші мамандандырылған мекеме ретінде өз позициясын нығайтып, онкологиялық ауруларды диагностикалау, емдеу және алдын алу саласында жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. Былтыр мекеме сыртқы аккредитациялық комиссияның қорытындысы «JOGARY SANAT» санатын алды. Диспансерде бір ауысымда 100 адам қабылдауға мүмкіндік бар. Стационарда 205 төсек орын орналасқан. 376 қызметкер жұмыс істейді. Мамандардың 90%-дан астамы біліктілік санатына ие, — дейді өңірлік онкологиялық диспансердің…
ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «Department of Motor Vehicles» (АҚШ) , «Комсомольская правда» , «Аргументы и Факты» сияқты шетелдік дерккөздерге сәйкес, арам пиғылды адамдар азаматтарға жол қозғалысы ережелерін бұзғаны туралы жалған қаулыларды жіберіп жатыр. Хаттар мен хабарламалар электрондық пошта мен мессенджерлерге жіберіледі және онда жүргізуші мен оның көлігінің нөмірі туралы деректер және айыппұл төлейтін сілтеме бар. Шын мәнінде, бұл — фишингтік шабуыл. Банк картасының деректерін енгізген кезде сіздің шотыңыз ашылып, ол алаяқтарға толық қолжетімді болады, яғни, шоттағы қаражатты ұрлау мүмкіндігі туады. Кейде сілтемеде жеке деректерді ұрлауға арналған вирус болады. Бүгінгі күні шабуылдар Ресей мен АҚШ-та тіркелген, сондықтан мұндай схеманың Қазақстанда…
Калифорния штатының Сан-Хосе қаласында орналасқан америкалық компанияның мәлімдеуінше, инвесторлардан 1 млрд доллардан астам қаражат жиналған. Сол арқылы компанияның құны 39 млрд долларды құрады. Бұл оны гуманоид роботтарды жасау бойынша қарқынды жарыста көшбасшылардың бірі етті. Figure AI негізін қалаушы және бас директоры Бретт Эдкок болашақта гуманоид роботтар адамдарды алмастыратынын және ол қалыпты жағдайға айналатынын айтып отыр. Announcing: Figure has exceeded $1B in funding at a $39B post-money valuationThis is an important milestone in Figure’s goal to ship robots with human level intelligence pic.twitter.com/4ZoxMeyLvt — Figure (@Figure_robot) September 16, 2025 Компания өкілдерінің мәлімдеуінше, басты мақсат – адамзатқа оң әсер ететін жалпы мақсаттағы…
— Мемлекет басшысының қазіргі әлемнің соңғы ондаған жылда бұрын-соңды болмаған ядролық апатқа жақын екені, Армагеддон шегінде тұрғанымыз туралы сөздері ерекше толғандырды әрі терең әсер қалдырды. Бұл мәселені біріге отырып, бүкіл әлемдік дін конфессиялары көшбасшыларымен бір үстелде бас қосу арқылы ғана шешуге болатыны анық. Себебі олар өз мемлекеттерінің басшыларына, өз халқына, дініне үн қатады. Бірде-бір дін соғысты насихаттамайды, ешбірі «бар, өлтір» деп айтпайды. Олардың барлығы да бейбітшілікті қолдайды, — деді депутат. Мәжілісмен бүгінгі алқалы жиын өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оған дүниежүзінен 100-деген делегация келгенін айтады. — Патриарх Кириллдің қатысуы, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің, Рим Папасының құттықтау жолдауы, дін көшбасшыларының қатысуы…
— Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев біраздан бері осы съезге ерекше мән беріп отырғанын білеміз. Сондықтан дін және рухани мәселелерін талқылауға жастар да жұмылдырылып отыр, себебі баршамыздың болашағымызға тікелей байланысты. Атап айтқанда, Қазақстанның өзінің бастамасы арқылы рухани мәселелерге үстіртін қарамауға шақырып отыр. Бұл тұрғыда қазіргі заманғы жағдайларға ерекше назар аударылып отыр. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі аясында барлық ел қамтылып отыр. Сондай-ақ Қазақстан тағы да дін қайраткерлеріне бұл саладағы проблемаларды емін-еркін талқылауға өзінің алаңын ұсынып, жағдай жасады, — деді А. Ниязов. Оның айтуынша, бүгін съездің пленарлық отырысында Газадағы жағдайға қатысты көп ұсыныс жарияланды. — Этносаралық, дінаралық және ұлтаралық өзара сыйластық саясатын…