— Біз адам өмірінің қиын кезеңдерінің бірінде өмір сүріп жатырмыз. Кейбір мәселелерді шешу қиынға түсетіні анық. Олардың ішінде өзімнің қысқаша баяндамамның тақырыбы ретінде цифрлық құлдықты таңдадым, яғни бұл негізгі проблемалардың бірі саналады. Күнделікті өміріміз Интернетке, әлеуметтік желілерге және цифрлық қызметтерге көбірек тәуелді болып барады. Бұл тәуелділік пайдаланушыларды негізгі шешімдер қабылдауға әсер ететін жиынтық қызметтер мен экожүйелерге итермелейді. Тәуелділіктің бұл түрі экономикалық немесе мәдени құлдық сияқты таңдау және іс-қимыл бостандығына шектеулер тудыруы мүмкін, — деді Мухаммад Мехди Иманипур.
Оның пайымынша, жетілдірілген алгоритмдер пайдаланушы әрекетін бағыттай алады, ал кейбір жағдайларда адамдар ғаламтордағы осы басқару әрекетін түсінбеуі де мүмкін.
— Сондай-ақ Big Data-лардың иелеріне жеке тоқталғым келеді, олар ауқымды деректерді басқара отырып, оның бәрін қазіргі гибридтік соғыста құрал ретін пайдаланып отыр. Қазіргі уақытта киберкеңістіктің иелері шынайы жағдайды бұрмалауға немесе жабуға жаппай күш салып жатыр. Кейбір пайдаланушылардың жазбалары мен пікірлері өшпенділік тудырды деген желеумен оңай жойылады. Мысалы, Газадағы оқиғалар бұрмаланып, жасырылған. Егер алпауыт державалар контентті және үлкен деректерді бақылап, жалған пікірді қалыптастыруды жалғастырса, болашақта шынайы ақпаратты таратамыз деп қалай үміттене аламыз?, — деді Иран өкілі.
Айта кетейік, Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VIII Съезінің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту этикасы жөніндегі дінаралық комиссия құруды ұсынды.
Ол нейрожелілер мен басқа да серпінді технологияларды жауапкершілікпен пайдаланудың әмбебап қағидаттарын әзірлеумен айналысады.

